Сыныптан тыс шара 5сынып Бүгінгі Қазақстан

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Үй тапсырмасын тексеру.

1.Қазіргі Астана қаласының орнына өмір сүрген ортағасырлық қала.

2.Астана қаласының рәміз-белгіс і.

3.Оғыздардың үлкен балаларынан тарайтын оғыз- түркі тайпасы.

4.X-XII ғ. Салынған саяси және қолөнер орталығы.

5. Бозоқ қалашығы неден тұрғызылған?

6.Қазақстанның саяси және мәдени орталығы?

7. Бозоқ қалашығына археологиялық қазба жұмыстары қашан жүргізілді?

8. Орынбордың Астана қызметін атқарған жылдары?

9. Қызылорданың Астана қызметін атқарған жылдары?

10. Астананы өркендетіп гүлдендіру мақсатында қандай қор құрылды?

11. Қазір Астанада қанша мектеп жұмыс жасайды?

12.Астананың онжылдық мерейтойы нешінші жылы аталып өтілді?

Оқушылар жауап береді

Тұсаукесер

Картамен жұмыс. Қазақстанның картасы арқылы сипаттау.

Негізгі бөлім

«Иә», «жоқ»

Мәтінмен жеке танысып,жұпта талқылайды.

Иә,жоқ жауабы бойынша сұрақтарға жауап беру.

Қазақстанның жер көлемі - 2 млн. 724,9 мың шаршы шақырым.

Қазақ жері - бұл Азия аумағының 6,1% -ына тең келетін аумақ

Қазақстан халқының саны жөнінен әлемде 71 орында тұр

Қазақстанда 84 қала, 199 кент бар.

Қазіргі Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері еңбек етіп, тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

Қазіргі уақытта Қазақстан әлемнің 125 елімен сауда байланыстарын жолға қойған.

Бүкіл әлемдегі қазақтардың саны 12 млн. -ды құрайды.

Әлемдегі түркі тілдес халықтардың арасында қазақтар саны жағынан 4 орында.

Бүгінгі таңда Қазақстанның шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан қазақтардың саны 5,5 млн.-ды құрайды.

Экономикасының өсу қарқыны бойынша біздің еліміз ТМД елдері арасында 3-ші орын алады.

Ғалымдардың пайымдауынша, Қазақстан минералдық шикізаттардың жалпы қоры бойынша әлемде 6-шы орында тұр.

Бәйтерек пен Ақмолаға сипаттама жасау.



Ұлттық киімдері бойынша қай ұлтқа жататынын анықта және олардың Қазақстанда қанша пайыз екенін жазып көрсет.

Қыпшақ тілінде сөйлейтін халықтар.



Жұппен жұмыс.

Толықтыру тестісі.

«Иә», «жоқ»


оқушылар дұрыс нұсқасын таңдауы керек






Ізденімпаз оқушыларға алдын-ала берілген тапсырма

Оқушылар тапсырманы орындайды. Қыпшақ тілінде сөйлейтін халықтарды жазады.

Қорытынды

Үйге тапсырма

Эссе «Менің елім Қазақстан»

Бүгінгі Қазақстан туралы мағлұмат жинау, 5 жолды өлең жазу, сөз жұмбақ құрастыру.

Оқушылар эсселерін оқиды.

Сабақтың өзіндік талдауы.Сабаққа оқушылардың барлығы белсенді қатысты. Үй тапсырмасы АКТ бойынша интерактивті тақтада жазылған сұрақтарға жауап беру арқылы тексерілді.Оқушылар қызығушылық танытып,белсенді жауап берді.Тұсаукесер бөлімінде картамен жұмыс арқылы жаңа сабақтың тақырыбын таба білді.Негізгі бөлімде мәтінді жеке,топта талқылау арқылы меңгерді.Сыни тұрғыдан ойлауын дамытуда толықтыру тестісі,эссе жазу, жұппен жұмыс, интерактиві тақтамен жұмыс тақырыпты меңгеруде тиімді болды.Орташа оқушыларда ілгерілеушілік пайда болды.Сабақта АКТ-ны қолдану сабақты меңгеруде оқушылырға қиындық танытпады.

Тәжірибелік сабақты бағалау

Сабақ мақсатына жетті.АКТ-ны қолдануда оқушылар қызығушылық белсенділік танытты.Сыни ойлауға байланысты тапсырмалар:жұптық,топтық талдау,бос торкөзді толтыру,сипаттама беру оқушылардың тақырыпты меңгеруіне септігін тигізді. Сабаққа барлығы 18 оқушы қатысты. «5» - 7 оқушы, «4» - 10 оқушы.һ, «3» - 1оқушы алды.

Сабақ бойынша өзгертулер

Топтық ережелерді сақтау



© 2010-2022