«Материалдық Мәдениет» (7 сынып)

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: Сыныбы: Бекітемін:

Сабақ тақырыбы: Материалдық мәдениет

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан халқының материалдық мәдениеті жайлы жан - жақты түсінік беру мәдени даму деңгейі мен ұлттық киім үлгілері, баспанасы және қолданбалы өнер туындылары жөнінде баяндау.

Білімділік: Оқушыларға XIY-XV ғасырлардағы қазақтардың материалдық мәдениетінің дамуы туралы түсінік беру. Оқушылардың білімділік деңгейін жетілдіру.

Тәрбиелік: Бүгінгі мәдени жетістіктеріміздің бастау бұлагы - мәдениет ескерткіштерін қадірлеп, қастерлеуге, мәдениеттілікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Материалдық мәдениеттің даму барысын бүгінгі мәдени жетістіктермен ұштастыра отырып өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: сұрақ-жауап , жұмбақтар, мақал - мәтелдер

Көрнекілік: бейнесуреттер , карта , кесте

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау:

Сабақ барысы: Мұғалімнің жаңа тақырыпты түсіндіруі; Үй тапсырмасын тексеру; - Балалар үйге қандай тапсырма берілді? Ендеше балалар үй тапсырмасын сұрау " Сұрақ - жауап " ойыны арқылы жүргізіледі. - Барлығымыз дайынбыз ба? Ал ендеше бастайық.

1. IX - X ғасырларда " қазақ" атауы әлеуметтік мағынада қолданылған жер?

(Дешті Қыпшақта)

2. Өзбек ұлысында ( XV ғ ) үш халықтың болғандығы, оның ішінде ең көбі ержүректері "қазақ" екені жайлы айтқан зерттеуші? ( Рузбихан)

3. Алаш сөзі шамамен қай ғасырларда алғаш рет айтылды? ( IX - X ғ.ғ)

4. Қазақ жүздерінің құрылу себебін жазған ғалым? ( Ш. Уәлиханов)

5. XIII ғасырға дейін "қазақ" атауының қолданып келген мағынасын ата?

( Еркін адамдар)

6. Қазақ халқының құрамына енген ру - тайпалар өздерінің ен - таңбаларын салған жартас қалай аталады? ( Таңбалы Нұра)

7. "Алаш" сөзін жиі кездестіретін қазақ халқының аңызын ата?( Алаша хан)

8. Қазақ халқының құрылымына байланысты "қазақ" атауы біржола этникалық сипатқа ие болған уақыт? ( XV ғасырдың II жартысы )

9. Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде "қазақ" сөзінің мағынасы?

( Мықты алып берік )

10. "Қазақ" сөзі этникалық мағынаға ие бола бастаған ғасыр? ( XIV ғасыр)

III. Жаңа сабақ:

1.Қазақ халқының баспанасы

2.Қазақ халқының ұлттық киімдері

3.Ұлттық қолөнері

Жалпы сабағымызды бастамас бұрын мәдениет деген сөзге тоқталайық. Кәне, балалар мәдениет деген сөзді қалай түсінесіңдер, оған не жатады? XYI- XYII ғғ қазақ халқының мәдениеті - қазақ жерінде өмір сүріп , қазақ ұлтын құраған рулар мен тайпалардың материалдық мәдениеті заңды жалғасы болып табылады. Кез келген халықтың материалдық мәдениеті сол халықтың шаруашылығына байланысты болады. XIV-XV ғасырларда Қазақстандағы халықтың шаруашылығының басым түрі мал шаруашылығы болатын. Мал шаруашылығы үй - жайдың көші - қонға ыңғайлы болуын қажет еткен.

Қазіргі қазақ киіз үйі - сол бұрыннан келе жатқан материалдық мәдениеттің дәстүрлі жалғасы. Мұндай үйлердің сүйегін және оның сыртына жабатын үзік - туырлығын әрбір отбасы өздері жасап отырған. Киіз үй көшпелі халықтардың қысы - жазы отыратын өте қолайлы және төзімді баспана болатын . Ол тез құрылып, тез жиналады . Киіз үйдің негізгі қаңқасы киіз үйдің сүйегі деп аталады . Оған кереге, уық, шаңырақ және есік жатады. Киіз үйдің оң қанаты әйелдер бөлігі онда төсек орын, бесік, үй аспаптары, ыдыс - аяқ орналастырылады. Сол қанаты ерлер бөлігі саналып, ер - тұрмандар, қару - жарақтар тұрады. Киіз үйдің түрлеріне тоқталатын болсам:

Орда - салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар басын қосатын елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мұның да бірнеше түрі бар.

  • Алтын орда - 30 қанаттан (керегеден) тұратын хамәжіліс ордасы.

  • Алтын үзік - 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.

  • Ақ ала орда - 8 қанатты дәулетті бай үйі.

  • Ақ үй - 6 қанатты дәулетті бай үйі.

  • Боз үй, қоңыр үй - 4-5 қанатты ооташалар үйі.

  • Қараша үй - кедей үйі.

  • Отау - жас жұбайлар үйі.

  • Абылайша - уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үйлер.

Қазақ халқының киім-кешектері негізінен мал өнімдерінен - жүн мен теріден жасалған. Теріден әр түрлі сыртқы киімдер тігіп, жүннен жылы киімдер тоқыған. Киімдердің жазда, қыста киетін түрлері болған. Қазақ халқының ұлттық киім кешегіне тоқталатын болсақ. Киімдер жас шамасына қарай ерекшеленген. Киім кешек үшін негізінен малдың жүнімен терісі пайдаланылады. Сонымен қатар сән - салтанатқа арнап құнды маталардан да киім тіктіретін болған. Қазақтың киім - кешектеріне - тақия, сәукеле, кимешек, бөрік, тон, шапан, мәсі, етік жатады. Олардың кейбіріне токталып өтейік. Қысқы киімдері қойдың немесе түйенің жүнінен тоқылатын сыртық киім қалың матамен тыстап тігілген - тон, ішік, шекпен. Қой терісінен тігілген шалбар, түлкі теісінен тігілнен тымақ, құнды аң терісінен астарлап тігілген тон ішік. Көктем мен күзде ерлер, аң терісімен жиектелген бас киім бөрік, ал жазда ыстық өткізбейтін ақ киізден жасалған айыр қалпақтар киді. Әйелдердің бас киімдері: құндыз терісімен жиектелген бас киім кәмшат бөрік, бой жеткен қыздардың бас киімі бағалы аң терісінен тігілген бөрік. Қыздардың тұрмысқа шығар кездегі бас киімі сәукеле. Қолөнер бұйымдарын қазақтар алтыннан, күмістен, асыл тастардан, сүйектен әртүрлі зергерлік бұйымдар әзірлеген. Ұсталар қыз - келіншектердің, сырға, сақина, білезік, шолпы, алқа, қаптырма, шашбау бұйымдарын және қазақ ұсталары айбалта, қылыш, наркескен, сапы, селебе, қару - жарақ түрлері соғып сонымен қатар арнайы аттың ер - тұрмандарын дайындаған. Ер адамдар былғарыдан жасалған кебіс шәркей, қыста киетін аяқ киім, саптама етік, ал әйелдердің үй тұрымысына киетін аяқ киімі кебіс мәсі болған.

Материалдық мәдениетттің негізгі бір көрсеткіші тағам түрлері болды. Қазақ халқының сүттен алуан түрлі тағам жасай білген. Мысалы , XIII ғасырда Қазақстанда болған Еуропа саяхатшылары қыпшақтардың сүттен май алатынын, құртты , қымызды қалай жасайтындарын таңдана жазған. В.Рубрук шөлдеп келе жатқанда қыпшақтар сиыр сүтінен жасалған қышқыл сусын бергенін , оны олар айран деп атайтындарын жазады. Сол сияқты , еттен қанша тағам түрін жасайтындары туралы да жазған.

Кестемен топтық жұмыс:

1 - топ Киіз үйдің түрлері

2 - топ Қазақ халқының ұлттық киімдері

3 - топ Қазақ халқының ұлттық қолөнері

Бекіту сұрақтары: Жұмбақтар, мақал - мәтелдер

  1. Қыз бала - төр иесі, ұл бала - үй иесі.

  2. Керегең кең болсын, екі босағаң тең болсын.

  3. Апасы киген сәукелені, сіңілісіде киер.

  4. Қол өнері - кілемде, сөз өнері - өлеңде.

  5. Устаның бізі сүйкімді, жақсының сөзі сүйкімді.

  6. Уй баласымен базарлы, қонағымен ажарлы.

  7. Уй болғансоң белбауда керек, желбауда керек.

  8. Ет - етке, сорпа - бетке.

  9. Жібекті түте білмеген жүн етер, қызды күте білмеген күң етер.

  10. Дәнді шашпа, нанды баспа.

.

Төбедегі көзінен, Жетпіс екі найзаны,

Күн сәулесі түседі. Біріктіріп ұстап тұр.

Бұрышы жоқ төрінен, Ата бабаның қай жаны,

Самал еркін еседі. Ие болса оған ұшпақ бір.

( Киіз үй ) ( Шаңырақ )



  1. Оқушыларды бағалау

  2. Үй тапсырмасын беру: Материалдық мәдениет туралы оқып, мазмұндау. Кестені толтыру.



© 2010-2022