Ашық сбақ жоспары Қазақстан -тәуелсіз мемлекет

Раздел История
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

11 сынып Қазақстан тарихы

Тақырыбы:Қазақстан -тәуелсіз мемлекет

сабақтың мақсаты:

Білімдік:Тәуелсіз Қазақстан туралы білімдерін арттырып,бөлім бойынша қорытындылау,оқушылардың білімінің денгейін бағалау,осы бөлім бойынша әр оқушының емтиханға дайындықтарын анықтау.

Дамытушылық:Белсенділігін арттырып,білімін жетілдіру;Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті туралы білімін қорытындылап,бұрынғы жағдаймен салыстыра білу,картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік:Ұлтжанды,елін,жерін сүйетін адамгершілік қасиеттерді бойына жинақтаған,батыл,иманды жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтын түрі:жалпылау -қайталау,Сайыс сабақ.

Әдісі:интерактивті,баяндау,топпен жұмыс,пікір алмасу,сәйкестендіру,ой-толғау әдістері,миға шабуыл.

Пәнаралық байланыс:Д.ж.тарих,экономика,әдебиет,құқық негіздері

Сабақтын көнекілігі:

  1. Тәуелсіз Қзақстан картасы.

  2. Презентациялар.

  3. Электрондық оқулық

  4. Карточкалар

  5. Кітаптар

  6. Интерактивті тақта

Сабақтың барысы:Тәуелсіз еліміздің тірегі -білмді ұрпақ.Н.Ә.Назарбаев.

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу

  2. Тізім бойынша тексеру

  3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

  4. Сабақтын мақсатымен таныстыру

  5. Оқушыларды топқа бөлу

Кіріспе сөз:Тарих-сырт көзге оп-онай сияқты көрінгенімен,терең қатпарлы ,күрделі ғылым.Содан болар,таихтың айналысында айтыс-тартыс,пікірталас үнемі болып тұрады.Еліміз тәуелсіздік алғалы бері,тарихымыздың көленкелі беттері ашылып,өз тарихымыздағы шындықтарға көзіміз жетіп отыр. «Тәуелсіз еліміздің тірегі -білімді ұрпақ»дейтін болсақ ,солардың бірі өздеріңсіндер.

Сабқтын тақырыбын тұжырымдау.Бүгінгі сабақта өтетін біздің тарихымыздың ең маңызды кезендерінің бірі.Ең біріншіден ,Қазақстан өз тәуелсіздігін алып дүние жүзіне өзін егеменді ел ретінде жариялады.Екіншіден,осы уақыттан бастап Қазақстан Республикасының тарихында жаңа бет ашылды.

Осы кезен бойынша нені біліп және не туралы білуіміз қажет екенің көреміз.Сабағымызды сайыс ретінде өткіземіз.Әр топқа әр түрлі тапсырма беріледі,уақыты шектеулі.

Сайыс

1кезең Тәуелсіз Қазақстан тарихы туралы фотоальбом құра .

1 және 2 топқа

Көріністер бойынша тарихи оқиғаларды анықтап аолгоритімі бойынша анықтама құра:Уқыты,тарихи адамдар,себептері,фактілері және оның салдары.

2 кезең «Тарихи шындық»

Оқиға ретін хронология бойынша қалпына келтір.

1топқа

  1. Қазақстан Республикасы -атауы қабылданды.

  2. Мемлекет нышандары -Елтаңба және Ту қабылданды

  3. ҚР қазіргі Конституциясы қабылданды

  4. Ұлттық валюта -теңге енгізілді

  5. Жаңа астана-Астана қаласының тұсаукесері өтті.

2 топқа

  1. Екінші ұлттық халық санағы

  2. Қазақстан Президентінің соңғы сайлауы

  3. Астанада өткен 1-халықаралық бейбітшілік пен келісім конференциясы

  4. Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуы

  5. Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы

3 кезең

ҚР тарихындағы ең маңызды тарихи оқиғалардың тізімін жасандар

4 кезең. «Сөйлемді толықтыр»

  1. ............................Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі нысаны болып табылады.

  2. Адамның өмірі мен қызметіне қатыстының бәрі .....................салаға жатады.

  3. Қазақстанда .......................Заң негізінде зейнетақы бөлу жүйесі әзірленген.

  4. 1996 жылдан бастап елімізде ...............жүйесі жұмыс істейді.

  5. ...........................даму стратегисындағы азаматтардың денсаулығы,білімі және амандығы тармақшасы Қазақстанда білмді және денсаулықты дамыту мәселесіне арналаған.

5 кезең «Тарихи мозайка»

  1. Құқықтар мен бостандықтарды азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі.

  2. ҚР азаматтары бейбіт және қарусыз жиналуға,жиналыстар митингілер,шерулер,өткізу құқылы.

  3. Адамның қадір -қасиетіне қол сұғылмайды.

  4. ҚР өзінің одан тыс жерлерде жүрген өз азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді.

  5. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең

  6. Әркімнің еңбек ету бостандығына,қызмет пен кәсіп түрін еркін тандауына құқығы бар.

6 кзең. «Озат бетік»

  1. Мен тәуелсіз Қазақстанның 5 белгілі саяси басшысын білемін.

  2. Мен тәуелсіз Қазақстанда қабылданған 5 маңызды заңды білемін.

  3. Мен республиканың экономикалық дамуының 5 мысалын білемін.

  4. Мен тәуелсіз Қазақстан тарихының 5 датасын білемін.

  5. Мен Қазақстан мүше болып табылатын 5 халықаралық ұйымды білемін.

7 кезең «Жылдар сөйлейді»

1 топқа

  1. Ауыл жылы

  2. Халықтар бірлігі мен ұлттар тарих жылы

  3. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі жыл

2 топқа

  1. Жалпыұлттық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы

  2. Денсаулық жылы

  3. Мәдениет,бейбітшілік және алғыс жылы

  4. Ұрпақтар бірлігі мен жалғастығы жылы Қазақстан тарихында

8 кезең «Сөз шешеңі»

«Жаңа индустриалды елдер,әлеуметтік кепілдіктер,демократия,аштық,мәдени құндылықтар,өркениеттегі қарама-қайшылықтар,білім,мұнай,экономикалық өсудің жоғарғы қарқыны,серіктестік қатынастар»-деген сөздерді қолданындар.

Қорытынды жасау.

Қорытынды сөз:Осымен сайысымыз аяқталды,эксперттеріміз бағалап болғанша осы өткен тақырыбымызды қорытындылап шығайық.

Үйге тапсырма: «Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы менің жанұям тарихы» Шығармашылық жоба атты эссе жазып келу.

© 2010-2022