Орта ғасырдағы Қазақстан тарихынан тест

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7 сынып. Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы бойынша тест жұмысы

І нұсқа

  1. Түрік қағанаты қай жылы құрылды

А. 542 ж. В.552ж. С. 545ж. Д.553ж.

2. Қай қағанның тұсында жужандар бас көтерместей болып жеңілді

А. Бумын В. Анағұй С. Мұқан Д. Қара Еске

3. Түрік қағанаты қай жылы ыдырады

А. 552жылы В. 545 жылы С. 581 жылы Д. 603 жылы

4. Түрік қоғамында «тат» деп кімдерді атаған

А. Жоғарғы билеушіні В. Ақсүйектерді С. Құлды Д. Әскерді

5. «Сүзеген» немесе «Мүйізді қаған» деген атқа ие болған қаған

А. Бумын қаған В. Иштеми С. Қапаған Д. Сұлу қаған

6. Қарлұқ қағанатының орталығы қай қала болды

А. Шаш қаласы В. Суяб қаласы С. Испиджаб қаласы Д. Баласағұн қаласы

7. Оғыздарда жоғары билік иесі қалай аталды

А. Жабғу В. Сюбашы С. Атабек Д. Қаған

8. Оғыз астанасы...

А. Суяб В. Тараз С. Янгикент Д. Күнгіт

9. Қимақ елінің құрамында 7 тайпа болғандығын жазған ортағасырлық тарихшы

А. Сыма Цянь В.М. Қашғари С. Масуди Д. Гардизи

10. «Сардоба» деген қандай құрылыс

А. Тұрғын үй В.Құдық үстіне салынған ғимарат С. Мешіт Д. Малға араналған қора

11. Көне түрік әліпбиі неше әріптен тұрды

А. 30 В. 25 С. 45 Д. 35

12. Қарахан мемлекетінің негізін қалаған....

А. Білге Құл Қадыр хан В. Сатұқ Боғра хан С. Оғұлшақ Д. Арслан

13. Қарахан мемлекетінде ислам діні мемлекеттік дін деп қай жылы жарияланды

А. 955жылы В. 987 жылы С. 960 жылы Д. 1043 жылы

14. Найман мемлекетінің орталығы-

А. Үзкент В. Балықты С. Қарақорым Д. Баласағұн

15. Ұлыстардың ішкі істерін кімдер атқарды

А. Түменбасы В. Хан С. Шерби Д. Мыңбасы

16. Қидандардың Ляо мемлекеті қай жылдары өмір сүрді

А. 876-931 жж. В. 924-1125жж. С. 981-1076жж. Д. 1284-1435жж.

17. Қарақытай билеушісі қалай аталды

А. Шах В. Хан С. Гурхан Д. Гуньмо

18. Орыс деректерінде қыпшақтарды қалай атаған

А. Половшылар (далалықтар) В. Ғұндар С. Командар Д. Кундар

19. Жібек сатуда Қытай елімен бәсекеге түскен ел

А. Иран В. Соғды С. Батыс елдері Д. Кавказ жері

20. Қандай оқиғаға байланысты Жібек жолы бойындағы сауданың қарқыны бәсеңдеп, кейбір қалалар қаңырап бос қалды

А. Моңғол шапқыншылығына байланысты В. Салықтың шектен тыс салынуына байланысты

С. Қолөнердің құлдырауы Д. Жібектің жетіспеушілігі

21. Отырар қаласында туған шығыстың ғалымы

А. Ж. Баласағұн В. М.Қашғари С. Әл-Фараби Д. Әл- Макдиси

22. Моңғол империясы қай жылы құрылды

А. 1155 жылы В. 1076 жылы С. 1239 жылы Д. 1206 жылы

23. «Отырар опаты» қай жылы болды

А. 1218 жылы В. 1219 жылы С. 1217 жылы Д. 1211 жылы

24. Алтын Орданы құрушы монғол ханы

А. Шыңғыс хан В. Батый хан С. Берке хан Д. Ежен хан

25. Алтын Орда мемлекетінде қай ханның тұсында ислам діні мемлекеттік дін деп жарияланды

А. Берке хан В. Жәнібек хан С. Тохты хан Д. Өзбек хан



ІІ нұсқа

1. Түрік қағанатының негізгі шаруашылығы

А. егін шаруашылығы. В.көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы

С. Қолөнер Д.отырықшы мал шаруашылығы

2. «Қара бұдундар» деген кімдер

А. ақсүйектер В.құлдар С. Қарапайым халық Д. елшілер

3. Орта Азияда өмір сүрген иран тілдес халық қалай аталды

А. Соғдылар В. Қазақтар С. Өзбектер Д. Арабтар

4. Қарлұқ қағанаты қай жылы құрылды

А. 751 жылы В. 749 жылы С. 756 жылы Д. 940 жылы

5. 8. Оғыз астанасы...

А. Суяб В. Тараз С. Янгикент Д. Күнгіт

6. Құрылыс жүйесі киіз үйге ұқсас ескерткіш қалай аталады

А. Дың В. Сардоба С. Якка Д. Білеулі ғимараты

7. Қарахан мемлекетінің құрылуында басты рөлді қай тайпа атқарды

А. Жікіл В. Яғма С. Қарлұқ Д. Оғыз

8. Керейіттер туралы қай тарихшы жазды

А. Әл Марвази В. Қадырғали Қосымұлы С. Рашид ад-Дин Д. Әбілғазы

9. Шөлдеп келе жатқанда қыпшақтар сиыр сүтінен жасалған қышқыл сусын бергенін, оны айран деп атайтынын жазған:

А. Сыма Цянь В.М. Қашғари С. Масуди Д. В.Рубрук

10. Ұлы Жібек жолы қай жерден бастау алды

А. Қытайдағы Хуанхэ өзенінің аңғарынан В.Сырдарияның төменгі ағысынан

С. Қара теңіз жағалауынан Д. Үнді өзені бойынан

11. Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын қақпасы-

А. Жетісу В. Оңтүстік Қазақстан С. Тараз Д. Солтүстік Қазақстан

12. Қытай императоры У-Ди 138 жылы Батыс елдеріне жіберген елшілік неше жылдан кейін оралған

А. 5 жыл В. 10 жыл С. 13 жыл Д. 15 жыл

13. Түрік қағанаты мен Византия арасында қай жылы келісім жасалды

А. 550 жылы В. 568 жылы С. 580 жылы Д. 590 жылы

14. Ташнау деген не?

А. Мал қора В. Тандыр С. Канализацияның қарапайым түрі Д. Ошақ

15. Аталған қалалардың қайсысының көлемі 30 гектардан асады

А. Отырар В. Бурух С. Қарнақ Д. Шауғар

16. Ғаныш деген не?

А. Күйдірілген бор тас В. Сары топырақ С. Сылақ . Д. Шикі кірпіш

17. Белгілі адамдардың басына тұрғызылған діни құрылыс қалай аталады

А. Ескерткіш В.кесене С. Сардоба Д. Мұнара

18. Адамдардың шығу тегін белгілі бір аңмен байланыстыратын наным-сенім

А. Мазда В. Тотемизм С. Зороастризм Д. Тәңірлік

19. Қожа Ахмет Йасауиден қалған ұлы мұра

А. «Ақиқат сыйы» В. «Диуан-и хикмет » С. «Құтадғу білік» Д. «Диуани лұғат ат түрік»

20. Моңғол империясы неше түмен әкімшілік билікке бөлінді

А. 50 В. 65 С. 95 Д. 85

21. «Кешіктен» деген не?

А. Қарауыл В. Дінбасы С. Ханның жеке басын қорғайтын жасауыл Д. Қара халық

22. Моңғолдар Қытай жерін қай жылдары басып алды

А. 1207-1209жж. В. 1207-1208жж. С. 1210-1220жж. Д. 1211-1215жж

23. «Отырар опаты» қай жылы болды

А. 1218 жылы В. 1219 жылы С. 1217 жылы Д. 1211 жылы

24. Алтын Орда қай ұлыстың орнына құрылды

А. Төле В. Үгедей С. Шағатай Д. Жошы

25. Алтын Орда мемлекетінде ханға адал қызмет істегендерге берілген жер қалай аталды

А. Вақфтық жер В. Сойырғал С. Інжу Д. Ұлыс





© 2010-2022