Ашық тәрбие сағаты Ерлікке тағзым

Раздел История
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9 мамыр. Жеңіс күні. Тәрбие сағаты.

«Ерлікке тағзым»

Ашық тәрбие сағаты Ерлікке тағзым.

Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлы Отан соғысы, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру. Отан үшін жан қиған Қазақстаннан шыққан батырлар мен соғыстан оралып еліміздің өркендеуіне үлес қосқан ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: ИКТ, слайдтар, портреттер, кітаптар көрмесі.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.

Олай болса, оқушылар, бабаларымыздың ерліктерін еске алып, 1 минуттық үнсіздік жариялаймыз.

Ендеше, бүгінгі «Ерлікке тағзым» атты ашық тәрбие сағатымыз Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналады.

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Мұғалім: оқушылар, өздеріңізге белгілі 1941 жылы 22 маусым күні неміс фашисттері ешбір ескертусіз біздің Отанымызға баса көктеп кіріп келді.

Мұғалім: көптеген қазақстандықтар, ата-апаларымыз өз еркімен сұрапыл соғысқа отанымызды қорғау үшін аттанды. Сол батырларымыздың ерлік жолдарына тоқтап өтсек.

1). Сөз кезегін Исахан Нұрсултанға және Шалмуханбетова Назеркеге береміз.

Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұлова, Кеңес Одағының Батыры.
Әлия Ақтөбе облысы Хобда ауданы Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында 1925 жылдың 15-ші маусымында дүниеге келген. Әлия 8 жасқа келгенде, анасы қайтыс болды. Нұрмұхаммед Сарқұловтың қолында екі баласы ұлы Бағдат және қызы Әлия қалды. Әкесі Әлияны нағашы әжесі Тәжікенге беруге мәжбүр болды. Әжесі қазіргі Құрайлы ауылында тұрған, немересін өте жақсы көрген, оған адамгершілікті, жақсылықты, еңбекқорлықты үйреткен. Әлия нағашысы Әубәкір Молдағұловтың үйінде, нағашысының қызы өзімен құрдас Сапурамен өсіп, есейді. Үй- іші Әлияні өте жақсы көрді. Әубәкірдің әйелі Сән қыздарға көп нәрсені үйретті, оған қыздар үй жұмысында көмектесті, кішкентай бауырларын тәрбиелеп, бақты. Өз құрдастарына қарағанда Әлияның мінезі қисық қатал болатын.

1933 жылы Молдағұловтар отбасы Шалқардан Жамбылға, ол кезде Әулиеата деген кішкентай станцияға көшіп барды. Нағашысы Түркістан -Сібір теміржолының үшінші эксплуатациялық ауданы саяси бөлімінің инструкторы болып қызмет істеді. Үйлері теміржол вокзалының жанында болды. Үйдің жанындағы теміржол мектебіне бірінші сыныбында оқыды.
1935 жылы нағашысы Әубәкір Әскери-көлік Академиясына оқуға түсіп, отбасымен Москваға көшті, ал соғыстың алдында Академиямен бірге Ленинградқа көшті. Ленинградта Смоленский ауданында Слуцкий көшесінде 2-ші үйде тұрды. Отбасы жағдайына байланысты нағашысы Әлияні Красногвардейский ауданындағы Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйіне тапсырды. Бұл балалар үйінің оқушылары қасында орналасқан Үлкен охта даңғылындағы № 9 мектебінде оқыды.

Әлия Ленинградты шын жүрегімен жақсы көрді. Бұл қала оның екінші отаны болды. Әлияның мұғалімдері, бірге оқыған дос қыздары оны өте ұстамды, терең ойлы, таза, ұқыпты деп естеріне алады. Үздік оқуы және үлгілі тәртібі үшін Әлияны Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері Артекке жіберген. Артекте батырлардың тақтасында атақты Батырлар Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзенің қасында Әлия Молдағұлованың да суреті бар. Әлия оқуда өте зерек, талапты, ынталы болып, кітапті көп оқыған.
Соғыс басталған жазда Әлия детдомның балаларымен бірге Сиверская станциясында болған, маусымның аяғында олар Ленинградқа қайтып келді. Сабақтан кейін Әлия госпитальға барып, жарақаттанған жауынгерлерге көмектесті. 1941 жылдың 4-ші қарашасында Әлия комсомолға өтті. 1942 жылдың наурызында № 46 балалар үйімен Әлия Ладога көліндегі «өмір жолымен» Ленинградтан Ярославль облысы Некрасов ауданы Вятское селосына көшті. Бұнда балалар оқу мен қатар колхозда жұмыс істеді. Сол ауыл мектебінің ботаника мұғалімі татьяна Суворовнаның айтуы бойынша, Әлия жақсы оқитын, ән салатын, билейтін, достары көп болатын, бірақ мінезі тұйық, өзі туралы ашылып ештеңе айтпайтын. 1942 жылдың тамыз айында Әлия Рыбинск қаласына ұшқыштың оқуына кететінін Лида Кротова деген досына айтты. 1942 жылдың 1-ші қазанында Әлия Рыбинск авиатехникумының студенті болды, бірақ оқудың ұзақтығына шыдамай 3 айдан кейін қала әскери комиссариатына өтініш беріп, Қызыл Әскерге кетуіне байланысты 1942 жылдың 21-ші желтоқсанында техникумнан шығып кетті.

Сол жылы мемлекетте алғаш рет атқыш- снайперлерді дайындайтын әйелдер курстары ашылды. Әуелі курстар Москва облысы Перов ауданы Вешняки селосында граф Шереметьев усадьбасының оранжереясында, кейін Москва облысы Щелков ауданы Амерово деревнясында және Подольск қаласында Силикатный поселкесінде орналасқан. Әлия снайпер мектебінің бірінші түскен тобының 4-ші ротасында оқыды. 1943 жылдың 23-ші ақпанында курсант қыздар ант берді. Әлия оқуға бар ынтасы мен зейінімен берілді, көз өткірлігін, мергендігін, қолдың нақтылығын көп жаттықтырды. Сонымен қатар ол жер жорғалап еңбектеуді, қол және станкопулеметтен, автоматтан, танкіге қарсы қарудан атуды үйренді.
1943 жылдың шілдесінде Әлия Сотүстік - Батыс майданына 54-ші атқыштар бригадасына аттанды. 4-ші батальонның снайпері болды.
1944 жылдың қаңтарында Псков облысы Насва теміржол станциясынан немістерді шығару мақсаты қойылды. Фашистер қатты қарсыласты, артиллерия от жаудырды. Әлияның ротасының командиры қаза болды. Жауынгерлер сасып қалды. Сонда Әлия атып тұрып: «Отан үшін алға!», деп айқай салды. Оның соңында бүкіл рота көтеріліп шабуылға шықты.Осы шайқаста Әлия қаза тапты. Казачиха деревнясының батысында, Смердель деген кішкентай өзеннің биік жағасында достары Әлияні жерледі.

Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 4-ші маусымында көрсеткен ерлігі үшін ефрейтор Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Соғыстан кейін Псков облысы Новосокольники ауданының әртүрлі жерлеріндегі жауынгекрлердің сүйектері Казачиха деревнясынан 4 шақырым жердегі Монаково селосына кіре берістегі жотадағы бір ағайындық зиратқа әскери салтанатпен жерленді.

2). Сөз кезегін Әбдікерім Бекболатқа береміз.

Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы 1922 жылы Гурьев облысы Орда ауданында туылған. Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп «Моншағылым» деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала «Мәншүк» деп жауап берген. Солай аты Мәншүк боп қала берді.

1937 жылдың қуғын- сүргініне Мәметовтер әулеті де ұшырады. Ғылыми - зерттеу институтының директоры Ахмет Мәметов қамауға алынды. Кейіннен Ахмет Мәметовті ақтады, бірақ олардың отбасы қудаланып, «халық жауы» аталды. Есейген Мәншүк әкесінен бас тартпады, оны сатпады. Ол әкесінің қамалуын қате деп санады.
Мектепті бітіргенне соң Мәншүк медицина институтына оқуға түсті.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», деп жазған. 1939 жылдан бері комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші тамызы».

Бір жыл бойы Мәншүк әскери комиссариаттан өзін әскерге жіберу туралы өтінді. 1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасы майданға аттанды. Оның құрамында 4890 жауыңгер, оның ішінде 2 қазақ қызы - дәрігер Мәриәм Сарлыбаева және Мәншүк Мәметова болған екен. Бригаданы ұла дана ақын Жамбыл өлеңімен шығарып салыпты.
Әскердің қиындығын Мәншүк ерлермен қатар көрді- жер жорғалап, судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтті, пулемет атып үйренді. 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие болды. Ол ержүректің үлгісі болды,оны дивизия жауыңгерлері мақтан тұтқан. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы өте қатал соғыс болды. Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдады. Мәншүктің басына оқ тиді. Соңғы күштерін жинап, Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жодастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан. Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын қолына тастай қатты қысып алған. Сол қан майданда Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты.

Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 1-ші наурызында немес басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.


3). Сөз кезегін Майкон Қуанышқа береміз.

Момышұлы Бауыржан (1910-1982) - екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.

1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.

1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери мамаң ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды.

Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды.

Бауыржан Момышұлы - әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында суреттелді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылды.

Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады.

Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алады. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.

4). Сөз кезегін Тойшыбаев Дәуренге береміз.

ТАЛҒАТ БИГЕЛДИНОВ (1922 ж.т.)

Сәби кезінде ұшқыш болсам деп армандамайтын бала сирек болар. Екі рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған Талғат Бигелдинов те осындай ізгі арманның иесі болды. Батыр кәдімгі ауыл баласы еді, ол 1922 жылы Ақмола облысы, Ақмола ауданы, Майлыбалақ ауылында дүниеге келді. Оның жастық шағы Фрунзе (қазіргі Бишкек) қаласында өтеді. Талғат осы қаладағы аэроклубқа үзбей барып жүргендіктен, оның ұшқыш болуға құмарлығы бірте-бірте арта түседі. Сөйтіп ол он алты жасында парашюттің жібек жібін ұстап, зеңгір көктен жерге қарай талай секірді. Аэроклубтағы осындай жаттығуларды толық меңгерген Талғат өзі талаптанып, Орынбор және Саратов қалаларындағы әскери авиация училищелеріне түсіп оқиды.

Сұрапыл соғыс біреудің арман қанатын қиып түссе, Талғат секілді ұшқыш болып Отанымның керегіне жарасам деп армандаған жандардың өзін-өзі сынайтын уақытын жақындатып-ақ жіберген жоқ па?! Ел басына күн туған 1943 жылдың қаңтар айында Т.Бигелдинов 144-гвардиялық авиация полкіне қабылданады. Қанды соғыс кезінде Талғат Бигелдиновтің жүрек жұтқан батыр болғандығын айғақтайтын әрекеттері көп болды. Мәселен, жанындағы достарынан айырылып, жалғыз қалған ұшқыш өзінің ізіне түсіп, пулеметтен оқ жаудырып келе жатқан, аса тез ұшатын жау ұшағына өзінің штурмовигін шұғыл бұрып алып, оны өзінің оқ құшағына алған. Неміс ұшқышы оқыстан болған бұл әрекетті мүлдем күтпеген болатын, сондықтан да лезде отқа оранып, жерге құлдыраған.

Осылайша ұшқыштық шеберлігі күн сайын ұштала түскен Талғат аспанға көтерілген сәтте, жау әскері командирлерін талай-талай есі кетіп, құдайына сыйынатындай жағдайларға душар етті, батыр жау ұшақтарын баудай түсіріп, танктерін, автомашинасын, зеңбірегін бірден-ақ жойып жіберіп отырды.

Аспан көгінде ойнақтаған кешегі сержант капитан дәрежесіне дейін көтеріліп, «ИЛ-дер» эскадрильясын басқарды. Кеңес Одағының Батыры Т.Бигелдинов басқарған бұл эскадрилья Харьков түбінде, Днепр өзенінен өтерде, Львов операциясы кезінде неміс басқыншыларына жойқын соққы беріп, Одер және Нидте асқан ерлікпен Берлинге шығар жолдарды ашты. Батыр Берлин төбесімен өте төмен ұшып, картаға жау әскерінің шоғырлануын түсіріп алады, бомба тиеп алып, гитлершілерді тұншықтыруға аттанып бара жатады. Осындай ерен ерліктері үшін 1945 жылы 26 қазанда Т.Бигелдиновке екінші рет Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Жас ұрпаққа батырлықтың керемет үлгілерін көрсеткен қос Алтын Жұлдыз иегері Талғат Бигелдинов бейбіт өмірге аман-есен оралғаннан соң да Әскери-әуе академиясын бітіріп, әртүрлі қызметтер атқарды. Оның өмір жолы мен кереметтей ерлік істері ел есінде мәңгіге сақталардай болды.

5). Сөз кезегін Егізбай Рамазанға береміз.

Жиырма сегіз гвардияшы Панфиловшылар - Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуді ерлікпен қорғаған қазақстандық жауынгерлер. 1941 ж. 15 қарашадаГермания әскерлері 51 дивизиямен Мәскеуге екінші "негізгі шешуші шабуылды" бастады. Батыс майдан жауынгерлері ауыр ұрыстар жүргізді. Осы майданға кіретін 16-армияның құрамында Алматыда жасақталған генерал-майор И.В. Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы (кейіннен 8-гвардиялық-панфиловшылар дивизиясы) Мәскеу түбіндегі Волоколам тас жолын қорғады. 16-қарашада жау Волоколам бағытында ұрысқа шығып, Дубосеково разъезіндегі 1075-атқыштар полкі 4-ротасының 2-взводы тұрған бекініс шебіне шабуыл жасады. Ротаның саяси жетекшісі В.Г. Клочков басқарған взвод жауынгерлері - барлығы 28 адам мылтықпен, жанармай құйылған шөлмектермен, гранаталармен қаруланып, жаудың 20 танкісімен 4 сағатқа созылған ұрыс жүргізді. Жаудың 14 танкісі қиратылып, панфиловшылар арасынан да бірнеше адам қаза тапты. Жау ұрысқа тағы 30 танк шығарды. Қазақстандық жауынгерлер соғыс тарихында сирек кездесетін ерлік жасап, жаудың болат құрсанған машиналарына төтеп берді. 28 панфиловшылардың 23-і қазаға ұшырады, бірақ жау танкілері олардың шебінен өте алмады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1942 ж. 21 шілдедегі Жарлығымен бұл жауынгерлердің барлығына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олар: Николай Яковлевич Ананьев, Григорий Михеевич Безродных, Николай Никонорович Белашев, Бондаренко Яков Александрович, Васильев Илларион Романович, Иван Евстафьевич Добробабин, Дутов Петр Данилович, Емцов Петр Кузьмич, Нарсұтбай (Нұрсұлтан) Есболатов, Калейников Дмитрий Митрофанович, Клочков Василий Георгиевич, Абрам Иванович Крючков, Григорий Ефимович Конкин, Қожабергенов Әлиасқар, Әлікбай Қосаев, Николай Гордеевич Максимов, Гавриил Степанович Митин, Митченко Никита Андреевич, Иван Васильевич Москаленко, Иван Моисеевич Натаров, Григорий Алексеевич Петренко, Мұсабек Сеңгірбаев, Дмитрий Фомич Тимофеев, Николай Игнатьевич Трофимов, Иван Демидович Шадрин, Иван Алексеевич Шепетков, Григорий Мелентьевич Шемякин, Дүйшөнкул Шопоков. Батырлардың есімімен аталатын мектеп, ауыл, аудан, көше, парктер бар. Алматы қаласындағы 28 панфиловшы-гвардияшылар паркінде, Мәскеу түбіндегі Дубосеково разъезінде және батырлардың туған жерінде ескерткіштер орнатылып, мемориалдық мұражай ашылған.

28 Панфиловшылар туралы видеофильм көрсету.

6). Сөз кезегін Жолдасбеков Тимурға береміз.

Тоқтаров Төлеген (19.12. 1920, Шығыс Қазақстан облысы ¥лан ауданы Қарақұдық ауылында туды- 9.2. 1942, Ресей, Мәскеу облысы Бородино ауылы -2-дүниежүзүлік соғысқа қатысушы, қатардағы гвардия жауынгері.

Соғыс қарсаңында Риддер қаласы маңындағы қорғасын зауытында жұмысшы болды. Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың желтоқсанында шақырылып, Калинин майданы 3-екпінді армия 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы 1075-полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Дивизияның «Отан үшін» газеті ержүрек автоматшының бір тәулік ішінде жаудың 150-ден астам әскері мен офицерін жойғаны туралы жазды. Батыл да бекем қимылдайтын Төлеген жауынгерлерді сан рет жауға бастап шыққан. 1942 жылы 5 ақпанда Т.Нагаткино ауылына алдыңғылардың қатарында кіре отырып, жаудың 7 әскерін жойып, екеуін тұтқындады. 1942жылы 9 ақпанда Бородино ауылы үшін болған кескілескен ұрыста рота жауынгерлері жаудың қарсы шабуылынан бас көтермей әрі дұшпан мен ротаның ара қашықтығы 100 м қалған да ол қасындағы 4 жауынгермен алға ұмтылып, ротаны шабуылға бастады. Жау кейін шегінді. Қаһармандығы мен батылдығы үшін Тоқтаровқа қаза тапқаннан кейін КСРО Жоғарғы Кеңесі Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (30.1.1943). Ол туралы композитор Р.Елебаев «Жас қазақ» ән-реквиемін (1942), ақын Н.Баймұратов «Ер Толеген» (1945) дастанын жазды. Риддер полиметалл комбинатының аумағында батырға ескерткіш орнатылып, Төлеген оқыған №10 мектепке оның есімі берілген. Өскемен, Риддер, Алматы қалаларының бір көшесі Төлеген есімімен аталады. Ленин ордені және де бірнеше медальдармен марапатталған.

7). Сөз кезегін Сейтқали Мейірге береміз.

Мәлік Ғабдуллин (15.11.1915, Көкшетау облысы, Зеренді ауданы, -2.01.1973, Алматы) - қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы (1959), профессор (1959), КСРО Педагогика ғылым академиясының академигі (1959), Кеңес Одағының Батыры (1943). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961).

Кедей шаруа отбасында туған. М.Ғабдуллин 1935 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1936 ж. әскер қатарына барып, әскери борышын өтеп қайтқаннан кейін осы институттың аспирантурасында оқыды.

М.Ғабдуллиннің ғылыми-творчестволық жұмысы 1938 жылы КСРО ғылым академиясының Қазақстандағы филиалында кіші ғылыми қызметкерліктен басталды. 1941- 1946 жылдары Кеңес әскерінің генерал И.Панфилов бастаған даңқты 8-гвардия дивизиясы сапында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты. Ғабдуллиннің Ұлы Отан соғысындағы ерлік даңқы бүкіл одаққа әйгілі. Оның бұл ерлігі алғаш рет белгілі жазушы Б. Полевойдың "Правдада" жарияланған "Эпостың тууы" атты очеркінде баяндалды. Көптеген қазақ ақындары Ғабдуллинге арнап, өлең-жырлар шығарды.

М.Ғабдуллин ғылыми-зерттеу саласында көп еңбек етті. "Қазақ халқының ауыз әдебиеті" (1958, 1964) атты күрделі монографиялық еңбегінде Ғабдуллин қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, лиро-эпостық дастандар, айтыс өлеңдері, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер туралы жан-жақты терең ғылыми талдаулар жасады, олардың ғылымдық, тәлім-тәрбиелік мәнін ашып көрсетті. Бұл еңбек жоғары оқу орындарына арналған оқулық ретінде бірнеше рет қайта басылып шықты. Ол 8-сыныпқа арналған "Қазақ әдебиеті" оқулығын (1952-1957) жазды. М.Ғабдуллиннің көркем шығармадағы тырнақ алды туындылары дивизиялық, майдандық газеттерде жарық көрді. Шығармалары жеке жинақ болып, соғыстан кейін жарияланды. "Менің майдандас достарым" (1947), "Алтын жұлдыз" (1948), "Майдан очерктері" (1949), "Сұрапыл жылдар" (1971) атты кітаптарына енген әңгіме, очерктерінде М.Ғабдуллин майдан өмірін суреттеп, жауынгер тұлғасын, кеңес өкіметінің адамдарының Ұлы Отан соғысы кезіндегі қаһармандық бейнесін суреттеді. Педагог-жазушы ретінде ол жас ұрпақтың тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлді. "Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес" (1966) деген кітабында М.Ғабдуллин бесік жырынан бастап, батырлар жырына дейінгі халық поэзиясының тәрбиелік мәнін ашып, оны іс жүзінде пайдаланудың тәсілдерін көрсетеді. Сонымен бірге балаларды патриотизмге, шыншылдыққа тәрбиелеу, олардың болашаққа сенімін арттыру, жас баланы дұрыс сөйлеуге үйрету жөнінде ата-аналарға педагогтық кеңес береді.

8). Сөз кезегін Дидарұлы Батырбекке береміз.

Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асу-Бұлақ ауылында қарапайым еңбекші отбасында дүниеге келген. 1934 жылы орта мектепті толық аяқтамай Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына оқуға түсті. 1939 жылы оны бітірген соң әскери-барлау мектебіне жіберіледі, 1941 жылы қараша айында осы мектепті бітірген бойда, Оңтүстік-Батыс майданының штабына жөнелтіледі. Арнайы тапсырма бойынша Украинаның басқыншылар қолында қалған жеріне жіберіледі. Ол жерде Қасым Қайсенов В.И.Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Молдавия, Украинаның Закарпатье бөлігі, Чехословакия және Румыния жеріндегі ұрыстарға қатысады. Әскери мұрағаттар Қасым Қайсенов туралы маңызды тарихи оқиғаларға толы. Кеңес жері фашист басқыншыларынан азат етілген соң 1945 жылдың басында Отанына оралып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы аппаратын басқарады, содан кейін Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында атқару комитеттері төрағаларының орынбасары ретінде жұмыс істейді.

Ардагер-партизан көп уақыт бойы «Жазушы» және «Қайнар» баспаларының редакторы, редакторының орынбасары болады. 1954 жылы Қ.Қайсенов «Жас партизандар» атты алғашқы кітабын басып шығарады. Оның батырлық-патриоттық тақырыпқа арнаған әдеби қызметі осылай басталады. Оның «Илько Витряк», «Переяслав партизандары», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында»...атты кітаптары оқырмандарға кеңінен танымал. Олар орыс және украин тілдеріне аударылған.

Қасым Қайсенов ІІ дәрежелі «Богдан Хмельницкий» орденімен, І және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» екі орденімен, «Чехословакия партизандары», екі І дәрежелі «Отан соғысы партизанына» медалімен және Кеңес Одағының тағы басқа он бес медалімен, үш рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, Украин КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен және ІІ және ІІІ дәрежелі «За заслуги» орденімен марапатталған. Оған Қазақстан Халық батыры (Халық Қахарманы), «Отан» ордені, Қазақстан Жазушылар одағының Бауыржан Момышұлы атындағы сыйлығы берілген, А.Фадеев атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты.

9). Сөз кезегін Кусыманов Мерейге береміз.

Рақымжан Қошқарбаев Ақмола облысының Астанаға жақын орналасқан Тайтөбе ауылының маңындағы қыстақта дүниеге келді. Ол ата-анасынан ерте айырылды: 4 жасында анасы дүниеден өтті, ал әкесі болса, жалған саяси жаламен сотталып, ГУЛАГ лагерьлерінде болды. Рақымжан Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленді. 7 жылдық мектепті бітірген соң, осы арадан Балқаш қаласындағы фабрика-зауыт училищесіне (ФЗУ) жіберілді. Өзінің өмірі және ФЗУ туралы Қошқарбаев өзі жазған "Штурм" деген кітабында жан-жақты баяндады. Оның балалық шагы туысқансыз және жанашырлық білдіретін адамдарсыз өтті. Оған ананың мейірімі мен жылы алақанын, әкенің қамқорлығын сезіну бұйырмады. Ол жатақханаларда тұрды, асханадан тамақтанды, бір үлгіде тігілген арнаулы киіммен жүрді.

Ол осындай алғашқы, жартылай әскери және қатаң шынығумен 1942 жылы 18 жасында әскер қатарына келді. Көкшетаулық полктегі әскери қызметтің жағдайы аса ауыр болды, қала мүндай ірі әскери бөлімді орналастыруға дайын емес еді, казармаға, асханаға, сабақ өткізуге, штабқа және басқа да әскери үйымдар мен әскери қызметкерлерге арналған үйлер болмады. 1943 жылдың жазында біздің полктен офицерлік училищеде оқытуға сержанттардың бір тобы іріктеліп алынды, Рақымжан осы топқа ілігіп, Ресейдің Тамбов қаласынан қоныс аударып, Фрунзе қаласына орналасқан офицерлік училищеге келеді. Училищені 1944 жылдың қазан айында тәмамдап, оған кіші лейтенант шені берілді. Р.Қошқарбаев бірінші Беларусь майданының 3-ші пәрменді армиясына біз 1944 жылғы қараша айының ортасында келіп жетті.

Берлиннің өзінде болған соғыстарда ол өзінің взводымен ең алдыңғы шептерде болды. Осында "Гитлердің үйінде" барлау взводының командирі, лейтенант Қошқарбаевқа Рейхстагқа Қызыл туды тігу туралы тарихи жауынгерлік бұйрық берілді. Жалауды оған батальон командирі Давыдов және саяси жетекші Васильченко табыс етті. "Гитлер үйі" мен Рейхстагка дейін арақашықтық 360 метр ғана, бірақ ол жан-жағынан оқжаудырылған ашық алан, үстінде еді. Лейтенант Қошқарбаев өзінің солдаттарымен бұл қанды метрлерді толассыз атылған оқтың астында 7 сағатта, жерге жабыса еңбектеумен өтті. Рейхстагқа ол Григорий Булатов деген солдатпен бірге жетті және бұйрықты орындап, Рейхстагка туды тікті. Бүл сәуірдің 30-ы күні 18 сағат 30 минутта болған еді. Тарихи ерлік жайындағы бүл хабар бүкіл әскери бөлімдерді шарлады, баспасөзде кеңінен хабарланды. Бүрынғыдай мүнтаздай, денесі тіп-тік, келбетті жігіт қалпы. Омырауын жауынгерлік "Қызыл ту", "1 дәрежелі Отан соғысы" ордендері, "Берлинді алғаны үшін", "Варшаваны азат еткені үшін" медальдары ажарландырып түрды. "Жауынгерлік Қызыл Ту" ордені Рейхстагқа ту тіккені үшін беріліпті. Халық қаһарманы атағы Р.Қошқарбаевқа 2001 жылы берілді. Ал Рақымжан 1988 жылы дүниеден өткен еді. Батырдың жұлдызын тапсыру сәтіне Қошқарбаевтың жары Рахила, қызы Әлия жөне майдандас досы Ж.Жанасов шақырылды. Награданы тапсыру кезінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қошқарбаевтың батырлық ерлігіне барынша жоғары баға берді, оның тәрбиелік және патриоттық мәнін атап айтты.

*Соғыс туралы видеофильм көрсету.

Мұғалім: Міне оқушылар өздеріңіз тыңдағандай батырларымыз Жеңіс үшін аянбай соғысты. . Өздеріңіз білетіндей мектебімізге Қажымұқан Мұңайтпасовтың аты берілген. Ол кісінің Жеңіс үшін жасаған ерлігін сіздер білесіздерме?

Аталарымыз біздерге осындай қызыққа, шаттыққа, бақытқа тола өмір сыйлады. Олардың ерлігін әрқашан есімізден шығармай, есімдерін құрмет тұтып, Отанымыздың тыныштығына, халқымыздың татулығына, экономикалық тұрақтылығына өз үлесімізді қосуымыз керек

Осыменен бүгінгі «Ерлікке тағзым» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет.

Ашық тәрбие сағаты Ерлікке тағзым

Ашық тәрбие сағаты Ерлікке тағзым

Ашық тәрбие сағаты Ерлікке тағзым

Ашық тәрбие сағаты Ерлікке тағзым

Ашық тәрбие сағаты Ерлікке тағзым

Ашық тәрбие сағаты Ерлікке тағзым

Ашық тәрбие сағаты Ерлікке тағзым

Ашық тәрбие сағаты Ерлікке тағзым

Ашық тәрбие сағаты Ерлікке тағзым

© 2010-2022