Тарих пәні бойынша конспекті Қазақ хандығына саяхат

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығына саяхат

Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығының құрылуы туралы еске түсіру; Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын білу; Қазақ хандығын басқарған хандарды қайта еске түсіру; Қазақ хандарының ұстанған сыртқы саясатымен танысу; Ішкі шиеленістердің күшеюі және Жоңғар хандығының шабуылымен танысу;

Сабақтың нәтижесі: Қазақ хандығының құрылуы туралы еске түсіреді; Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын біледі; Қазақ хандығын басқарған хандарды қайта еске түсіреді; Қазақ хандарының ұстанған сыртқы саясатымен танысады; Ішкі шиеленістердің күшеюі және Жоңғар хандығының шабуылымен танысады;

Сабақтың түрі: сыныптан тыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: карта, слайдтар, ресуртар

Бірінші тур: Кім жүйрік?

Екінші тур: Бірге ойланамыз

Үшінші тур: «Детальдарын қосу»

Төртінші тур: «Ғасырлар тоғысында»

Бірінші тур: Кім жүйрік?

Топ басшыларының қысқа сұрақтарға жауап береді. Қай топ басшысы қолын бұрын көтерсе сол топ басшысы жауап береді.

  1. Қазақ хандығының құрылған жылы?

  2. Қазақ хандығын құрған сұлтандар?

  3. Бұл сұлтандар кімдердің ұрпақтары еді?

  4. Қазақ хандығының құрылған территориясы?

  5. Қазақ хандығы қай орданың орнына құрылды?

  6. Ақ Ордадан қандай хандықтар бөлініп шықты?

  7. Қазақ хандығының тұңғыш ханы?

  8. Керей мен Жәнібек Әбілқайырдан бөлініп қай ханмен одақтас болды?

  9. Қазақ хандығының соңғы ханы кім?

  10. Қазақ хандығының тарих сахнасынан кеткен уақыты?

  11. Қазақ хандығының тарих сахнасынан кетуінің себебі?

  12. Қазақ хандығының құрылғанына биыл қанша жыл?

Екінші тур: Бірге ойланамыз

Көршілеріңіз естімейтіндей етіп, сіздің сұрағыңызға жауапты талқылаңыз. Мұғалім 1 - 3 дейін санды таңдайды; Осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді; дайындалуға 5 мин, жауап беруге 3 мин

І топ: Керей мен Жәнібектің Әбілқайырдан бөлініп кетуінің себебі

ІІ топ: Қазақ хандығының құрылуы, саяси құрылымы

ІІІ топ: Қазақ хандығын нығайтқан хандар

ІҮ топ: Қазақ-жоңғар соғыстарының Қазақ хандығының отар елге айналуына тигізген әсері

Үшінші тур: «Детальдарын қосу»

Командада жұмыс істеу кезінде сізге алынған білімдерін көрсету үшін сөйлемді кеңейтуі қажет. дайындалуға 5 мин, жауап беруге 3 мин

І топ: Керей мен Жәнібек сұлтандарды Есен Бұғаның қабылдауына не итермеледі

ІІ топ: Қасым хан тұсындағы қазақ хандығының жер көлемі мен шығарған заңдары

ІІІ топ: Есім хан тұсындағы ел ішіндегі алауыздық пен оның шығарған заңдары

ІҮ топ: Жоңғар шапқыншылығының күшеюі және әз Тәукенің шығарған заңдары

Төртінші тур: «Ғасырлар тоғысында»

Ғасырларға сәйкес төмендегі хандарды билік құрған жылдарымен жазып орналастырың: жазуға 3 мин, жауап беруге 1 мин

Жолбарыс, Әбілқайыр, Тәуекел, Шығай, Керей, Бұрындық, Салқам Жәңгір, Абылай, Қасым, Болат, Сәмеке, Бұрындық, Тахир, Мамаш, Хақназар, Есім, Тәуке, Қайып, Жәнібек, Уәли, Әбілмәмбет.

І топ: ХҮ ғасыр

ІІ топ: ХҮІ ғасыр

ІІІ топ: ХҮІІ ғасыр

ІҮ топ: ХҮІІІ ғасыр

Қорытындылау:

Қазақ хандығының құрылғанына биыл 550 жыл толуда. Осыған орай елімізде биылғы жылы әртүрлі іс-шаралар өткізілуде. Қазақ хандығының құрылғандығын тойлап отырған біз бақытты елміз. ХҮІІІ ғ. кешегі 1991 жылға дейін қандай да болмасын қиындықтарды бастан кешсекте біз қазақтығымызды, халықымыздың бүтіндігін жоғалтқан жоқпыз. Сондай ақ биылғы жылда атаулы мерекелер өте көп мысалы: ҚР Конституциясына 20 жыл, Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл, Шоқан Уәлихановтың туғанына 180 жыл және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл т.б. мерекелер аталып өтілуде. Біз өзіміздің қазақ екендігімізге мақтанып, тілімізді, тарихымызды ешқашан ұмытпайық. Әрине оның бәріде мектеп қабырғасынан басталады.

№18 орта мектеп

























Сыныптан тыс сабақ

Тақырыбы: Қазақ хандығына саяхат

Пәні: Қазақстан тарихы

Тарих пәні мұғалімі Малбасова Л.М.







2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022