Ұлы Жеңіске қосылған үлес

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ұлы жеңіске қосылған үлес

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандықтардың жауынгерлік ерлік дәстүрлері мен тарихи тағылымыен танысу, тарих мәнін ашып көрсету. «Отан», «Ел» іспетті киелі ұғымдарды жастардың санасына сіңіру.

Дамытушылық: Жастардың Ұлы Отан соғысы жайлы білгендерін пайдалана отырып, әуелі ойлау, елестету, одан кейін дәлелді оқиғаларды өз ойларымен қорыту, баға беру арқылы түсініктерін қалыптастыру, тарихи жағдайларды, батырлар есімін, ерлігін білуге құмарту терең түсініктеріне жағдай жасау, өз беттерінше ізденулеріне, жан-жақты дамуына бағыт беру.

Тәрбиелік: Халық тәрбиесіндегі «анаң болса да оның жаман қылықтарына еліктеме, жауың болса да оның жақсы қылықтарына елікте» деген қағиданы оқушылардың санасына сіңіре отырып адамгершілікке, өз ұлтының тарихын тереңірек білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, тест тапсырмаларымен жұмыс жасау.

Сабақтың көрнекілігі: фото суреттер, кітап көрмесі, қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, география, математика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаұты бастауға дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқастарда

Тарихи диктант .

1941 жылы ---------------- таңғы сағат 4 шамасында фашистік Германия әскері КСРО аймағына баса көктеп кірді. Шегінген Кеңес әскері Мәскеуге ------------ шақырым таяп кірді. Мәскеуді қорғау үшін шайқасқа Қазақстанда құрылған атақты ---------- двизиясы қатысты. В. Г. Клочковтың «Ресей кең байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ,------------» деген сөзі соғыс даласына тарады. Ленинград --------- күг бойы жау қоршауында тұрды. Ладога көлінің мұзы арқылы салынған жол -------- деп аталды.

Оқушылар тақтаға кезектесе отырып диктантты жазады.

Негізгі бөлім.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Ұлы Жеңіске қосылған үлес.

Жоспар:1. Қазақ батырлары.

2.Естен кетпес сол бір күндер

1. Батырлармен танысу. Оқушылармен бірге батырлар портретін сөйлету. Яғни, батырлардың ерліктерін, өмір жолын айту. Б. Момышұлы, Т. Бигелдинов, Әлия, Мәншүк апаларымыз туралы балалардың шығармашылығын тыңдау.

2. Ұлы Отан соғысы кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды. Қазақстаннан 1 млн 200 мың адам соғысқа аттанды. КСРО бойынша 11600-дей адам ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атағын алды. Оның 497-сі қазақстандықтар, ал 97-і қазақьтар болды. Кеңес Одағының батыры атағын алған ең жас қазақ жауынгері 18 жасар Жәнібек Елеусізов еді. Қазақ азаматы Рақымжан қошқарбаев 1945 жылы 30 сәуірде жауынгер Булатовпен бірге рейхстаг төбесіне Жеңіс туын желбіретті. Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО 27 млн азаматынан айырылған.

ІV. Бекіту. «жеңіске үлес қосу»

СҰлы Жеңіске қосылған үлесуреттердің артындағы сұрақтарға жауап беру арқылы жауды жеңу.

сұрақ

сұрақ

сұрақ

сұрақ

сұрақ



V. қорытынды . «Зымыран сұрақтар». Оқушылар берілген сұрақтарғатез әрі жылдам жауап беруі керек.

1. Ұлы Отан соғысы жылдары?

2. КСРО-ны Германия қанша уақытта жаулап алмақшы болды?

3. Ұлы Отан соғысы жылдары қорғасынөндіруден қазақстан нешінші орын алды?

4. Т. Бигелдинов Ұлы Отан соғысында кім болып шайқасты?

5. Жау оғын өз кеудесімен жапқан қазақ батыры?

6. Ұлы Отан соғысы кезінде қанща қазақ қызы Кеңес Одағының батыры атағын алды?

7. Ә. Молдағұлова майданда кім болып шайқасты?

8. Днепр үшін шайқаста кеңес Одағының батыры атағын алған ең жас қазақ кім?

9.КСРО қанша адамынан айырылдв?

10. Соғыс қашан аяқталды?

11. 316-атқыштар двизиясы қалай аталды?

12. Биыл Ұлы жеңіске қанша жыл?

VІ. Үйге тапсырма. Оқушыларға соғысқа қатысқан аталары, көршілері туралы естелік жахып келу тапсырылды.

VІІ. Бағалау



© 2010-2022