Қысқа мерзімді жоспарҚаңлылардың шаруашылығымен тұрмысы

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы

Сыныбы: 6

Мұғалімнің аты-жөні: Рысбаева Қалбибі

Күні: 2016ж.


Бөлім тақырыбы: Қаңлы.

Сабақтың тақырыбы: Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы.


Мақсаты


Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы туралы ақпарат беру.

Күтілетін нәтиже

- Қаңлылар тақырыбы бойынша дайындықсыз қарым-қатынасқа түседі.

- Сөйлеушінің көңіл-күйін түсінеді, сипаттайды, қысқаша мазмұндайды.

- Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы жайында түсінеді, өз пікірін білдіре алады.

Сабақтың құндылығы

Өткен қазақ халқының шежіресін білуді насихаттау, патриоттық сезімдерін ояту, туған жері мен еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру

Сабақтың әдісі

БЛУМ таксономиясы. ЖИГСО әдісі.

7-модуль

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс).

  2. Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету (ассоциация, миға шабуыл,

  3. АКТ.

  4. Формативті бағалау.

Бағалау түрлері:

Смайлик, басбармақ, бағдаршам, мадақтаулар, кері байланыс.


САБАҚ БАРЫСЫ


Оқыту ресурстары

Шаттық шеңбері

Күннің суретін бір-біріне сыйлау арқылы жақсы күн тілеу.


Қызығушылығын ояту

2 мин.

Бөлімге тақырыбына байланысты сурет жасырылады. Суретті тапқан оқушылар «Ғұндар», «Сарматтар», «Қаңлылар» және «Үйсіндер» деп 4 топқа бөлінеді. Сурет бойынша әр оқушының пікірі тыңдалады. Әр топ көркемдеушіні,топ басшысын, спикерді сайлап алып, бағалаудың критерилерімен таныстырылады.

МАН

Үй тапсырмасын

тексеру.

1-қадам:

«БІЛУ!

5 мин

§51. Қаңлылар.

«Түртіп алу» әдісін пайдалану.

Қысқа мерзімді жоспарҚаңлылардың шаруашылығымен тұрмысы



жетті

1. Тақырыптың мазмұнын білсе

2. Мәтінге ғылыми терминдерді қолдана алса

Оқулық


2-қадам: «ТҮСІНУ»

Топпен жұмыс. Оқушылар постер қорғайды.

14 мин.


ЖИГСО әдісі:
1.Мәтінмен жұмыс. Мәтінді екі бөлікке бөліп, ЖИГСО әдісі арқылы оқытады. Әр топтың көшбасшысы басқа топтарға оқығандарын түсіндіреді.
І топ. Егіншілігі мен мал шаруашылығы.

ІІ топ. Металл өндірісі мен сауда қатынастары.

ІІІ топ. Мәдениеті және діни нанымдары.

ІУтоп. Толық мәтінЖетті

І.ІІ.ІІІ.ІУ

1.жақсы хабарлай алса

2. көркемдеуі жақсы болса

3. Белсенді болса


Жаңа сабаққа шолу:

Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы.

Жоспары :

1. Егіншілігі.

2. Мал шаруашылығы мен кәсіпшілігі.

3. Метал өндірісі.

4. Сауда қатынастары.

5. Мәдениеті және діни нанымдары.

7 мин.

1.Анықтама.Қаңлы туралы деректер. Қаңлы мемлекеті б.з.б. ІІІ ғасырда Қазақстанның оңтүстігінде құрылған алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің бірі. Қаңлылар негізіненСырдарияның орта ағысынан Қаратау жотасына дейінгі жерлерді мекендеген. Олардың шығыс шекарасы Талас өзенінің бойымен өтіп, б.з.-дағы ІІІ ғасырда Оңтүстік-Батыс Жетісуға дейін жетсе, батыста Арал теңізінен Сырдарияның орта ағысына дейінгі жерлерді қамтыды. Қаңлы мемлекеті шығыста-үйсіндермен, батыста- сарматтармен, оңтүстікте - Ферғанамен көрші болған. Қаңлылар - қазақ халқының негізін құраған ежелгі тайпалардың бірі болып саналады. А.Бернштамның пікірінше олар түркі тілді халық болған.

2. Егіншілігі. Қазақстанның оң түстігіндегі егіншілікке қолайлы жерлерде ертедегі тұрғындар отырықшы тіршілік еткен. Табиғат жағдайының Қолайлығына байланысты мұнан екі мың жыл бұрын қаңлыларда егін, мал, қолөнер, аңшылық, сауда - саттық сияқты кәсіптер жақсы дамыды.
Қаңлылардың маңызды шаруашылығының бірі мал өсіру болған. Қаңлылар қаз, үйрек, бірқазан сияқты құстарды аулаумен шұғылданған. Қаңлы әйелдері арасында қолөнердің жүн өндеу кәсібі жақсы дамыған.
Металл өндірісінің орталығы Шаш Илақ аймағындағы қалалар мен қоныстар болды. . Қаңлы әйелдері арасында қолөнердің жүн өндеу кәсібі жақсы дамыған.

3. Метал өндірісіМеталл өндірісінің орталығы Шаш Илақ аймағындағы қалалар мен қоныстар болды. Осы аймақтағы тауларда сол ерте заманда - ақ алтын, күміс, темір, басқа да металл өндіру және өндеу кәсібі дамыды.

4. Сауда қатынастары: Қаңлы жерінің аумағы арқылы Ұлы Жібек жолы өтті. Қаңлылар Сауда жасасқан елдер: Қара теңіз жағалауымен, Сириямен, Үндістанмен, Балттық боймен, Египетпен, Қытаймен, Иранмен
Қаңлылар Ұлы Жібек жолының аса маңызды орталық бөлігінде қоныстанды. Олар Кавказ бен Қара теңізге қарай кететін бағытын бақылап отырды.

5. Мәдениеті және діни нанымдары. Қауыншы және Отырар-Қаратау мәдениеті деп археологтар атайтын үлкен ескерткіштері сақталған. Жерлеу. Қаңлылар заманының қоныстары қасында үлкен зираттар орналасқан. Оларда түрлі аймақтарда әр түрлі жерлеу кұрылыстары тараған. Қаңлылар тән ең сипаттысы үңгіп

(екі түрлі), лақат жасап және жай шұңқырларға жерлеп, үстіне оба үю, сағана салу болып табылады. Қауыншы мәдениеті таралған төңірде Шәушіқүм, Жамантоғай, Төре- байтұмсық қорымдары зерттелді27. Сол кездегі отырар-каратау, жетіасар мәдениетгеріне жататын басқа зиратгардағы сияқты, өліктер киімімен, жеке пайдаланатын заттарымен қоса жерленген. Кабірлерге тамақ салып, су құйылған керамика ыдыстар бірге салынған. Еркектердің қабірлерінен қару- жарақтар (семсерлер, қанжарлар, жебелердің ұштары, садақтардың сүйектен жасалған бастырмалары), әйелдердің қабірлерінен көбінесе әшекей заттары: моншақтар, айналар, сырғалар, киімге тігілген қалақдылар табылды28. Жерлеу жарақтарынан алынған материалдарға салыстыра отырып жасалған талдау қабірдің мерзімін біздің заманымыздағы I мыңжылдықтың бірінші жартысы деп белгілеуге негіз береді. Отырар алқабы мен оған жақын аудандарда Көк-Мардан, Қыркескен, Мардан қорымдары зерттелді. Мұнда да жерлеу құрылыстарының алуан түрлі екені аңғарылды. Марданкүйік (Қоңыртөбе) қаласының орны маңындағы қорымды зерттеген кезде аса күнды материал алынды. Қаланың өзі біздің заманымыздағы I мыңжылдықтың бірінші жартысында пайда болған29. Оның шығыс жағында көлемді зират орналасқан. Төбесі тапталып, опырылып калған сопақша төбеге қазу жұмыстары жүргізілді. Оның биіктігі 2,5 метрге жетеді, көлемі 35x45 м. Онда төбенің төбесінен 0,4 метрден 1,5 метрге дейінгі терендікте жатқан қабірлер бар екені анықталды. Негізінен өлік тікбұрышты етіп қазылған қабір шұнқырларына жерленген. Шұнқырдың төменгі жағына шикі кірпіш қаланған, сағаналар да шикі кірпішпен жабылған. Жүзге тарта қабір тазартылды. Олардың ішінде 12 жағдайда керамика ыдыстарға жерлеу анықталды. Негізінен, бұлар - балалар, жасөспірімдер. Ал ересектер қабір шұңқырының түбіне, киімімен, жеке керек- жарак заттарымен (сәндік заттар, кару) қосып жерленіп, керамика ыдыстарға (құмыраларға, саптыаяқтарға) тамақ салып, су құйып қойған. Жерлеу ғұрпы мен қоса салынған құрал-саймандарға жасалған талдау Қоңыртөбе қорымының аршылған қабірлерінің негізгі бөлігін отырықшы қаңлы тайпалары мәдениетінің соңғы кезеңіне жаткызуға және оның мерзімін біздің заманымыздағы III-V ғасырлар деп белгілеуге мүмкіндік береді. Қаңлылардың мәдениеті өте жоғары дамығанын көне деректер жан-жақты дәлелдей түседі. Қаңлы қыздарының «Арыстан биіне» арнап, қытайдың Таң дәуіріндегі классик ақыны Бай Жуйнің жазған «Биші бикеш» деген өлеңі.







Интерактив тақта


Интернет көздері

Сергіту сәті

1,5 мин.


3-қадам: «ТАЛДАУ»

3 мин.

Тақырып мазмұны бойынша

қандай қорытынды шығаруға болады?

Жылдам жауап.

Сұрақтар:

1.Қаңлылар Шыршық оң жағалауынан қандай арық қазды?

(Зах)

2. Егісті суарудың қандай тәсілі көп қолданды? (көлдете жайып суару тәсілі)

3. Қандай мал өсірген? (Төрт түлік мал)

4. Қаңлы қыстаулары қай аймақта болған? (Сырдария жағасында)

5.Қазіргі уақытта қаңлылардың қанша теңге табылды? (1300)

6.Қаңлы елі неше бөлікке бөлінді? (бес)

7. Қаңлы тайпаларының негізгі кәсіптері: ( аң аулау, балық аулау, құс аулау)

8.Қаңлыларда сауданың қандай түрлері дамыған? ( ішкі ж/е сыртқы)жетті

1.хабарландыруы толық болса

2. көркемдеуі жақсы болса


4-қадам: «ЖИНАҚТАУ»

3 мин.


Үйсін мен қаңлыларды салыстырыңдар.

ВЕН ДИАГРАММАСЫН түзу.жетті

1. Үйсін мен қаңлыларды салыстыра алса


5-қадам: «ҚОЛДАНУ»


3 мин


1.Дұрыс/бұрыс


Астықты қыш

көзеде сақтады

5

Ән-күй, би өнері дамыған ел

6

Көкмардан қаңлы қаласы

7

Ұлы Жібек жолына үстемдік етті

8

Күнби басқарды

9

Отқа табынды



жетті

1. Дұрыс жауап бере алса

2. Кестені толтыруҚысқа мерзімді жоспарҚаңлылардың шаруашылығымен тұрмысы




6-қадам: «БАҒАЛАУ»

3 мин

Қалай ойлайсыңдар, руларыңды білгеннің пайдасы бар ма? Оқушылардың жеке өз пікірлерін тыңдау.жетті

1. ойларын дұрыс тұжырымдай алса

2.Ойын жеткізу үшін мысалдар қолдана алса.



Кері байланыс

1,5 мин

Оқу материалының мазмұны бойынша кері байланыс

Руын жазып, сабаққа кері байланыс жазады да, талға апарып іледі.


Мұғалімнің бағалауы

1 мин

Формативті бағалау.


Үй тапсырмасы

1 мин.

«Биші бикеш» өлеңін жаттау.



© 2010-2022