Урок на тему Абылай хан

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Абылай хан (1711-1781 жж.)

Сабақтың мақсаты: Абылай хан, дүниенің төрт бұрышымен тіл табысқан, ымырашылдығымен "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған" жұмбақ дәурен құрғысы келген, ақылды, саясаткер адам болғандығын түсіндіру.

Сабақтың әдісі: Топтен жұмыс,сұрақ-жауап, баяндау, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: "Қазақстан XVIII ғасырда" картасы, билердің суреті слайдтар (баспасөзден), Абылай хан суреті, сөздіктер, тірек-конспектілер, бағалау карта, кесте.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру: Сәлемдесу (оқулық, күнделік, қалам, т.б. құралдарынды алып партаның сол жағына қойындар).

II Үй тапсырмасын талдау: Үйге қандай тапсырма берілді ? Қазақ билері;

Қандай билерді білеміз ?

Мына суретте қай бидің суреті бейнеленген ?

Слайд арқылы көрсетіп қайталап өту.

1) Ұлы жүздің биі Әлібекұлы Төле би, Дулат жұртының Жаныс руынан шыққан (1663-1756 жж. өмір сүрген).

2) Орта жүздің биі Қаз дауысты Қазыбек Арғын ішіндегі Қаракесек, әкесі-Келдібек, атасы Шаншар, бабасы-Бұлбұл болған (1667-1764).

3) Кіші жүздің биі Әйтеке Алшын руынан шыққан (1666-1722).

Бірлік философиясы

Жүздер дегенді қалай түсінеміз ? Жүз-бағыт, жақ, бөлік, деген сөз.

Қазақстан территориясы Жетісу, Орталық және Батыс Қазақстан болып үш түрлі шаруашылыққа бөлінген.

Үш жүздің туыстық белгісін ата ? Тілі ортақ, діні, тұрмыс-салты, киімі, әдебиеті, жыр-дастаны ортақ.

Қазақтың билері туралы жалпы түсініктерін талдау.

III Үй тапсырмасын қорытындылау: Арттарына аталы сөз қалдырған, есімдері ел жадында сақталған қазақтың атақты үш биі бір ананың тетелес үш ұлындай қатар аталып қадірленіп, ел есінде бірдей сақталған.

IV Жаңа тақырып: Бүгінгі біздің сабақ өте ерекше өтеді. Себебі балалар біз қазір 4-топқа бөлінеміз.

"Абылай хан".

Жоспар:

1-топ Тарихшылар А) Абылайдың балалық шағы, жігіттік кезеңі;

2-топ Әдебиетшілер Ә) Абылай қолбасшы, саяси қайраткер;

3-топ Географтар Б) Абылай кезіндегі Қазақ хандығы;

4-топ Математиктер В) Деректермен қорытындылау;

Міне балалар біз жоспар бойынша бөліндік енді әр маман өз тапсырмаларын ортаға салуға тырысады.

1-топ Тарихшылар мазмұнның айтып өтеді. Абылайдың азан шақырып қойған аты-Әбілмансұр. Ол 1711 ж. Түркістан билеушісі "Қанішер" Абылайдың ұлы Көркем Уәлидің шаңырағында дүниеге келген. Абылайдың 13 жасында Түркістанды қалмақтар басып алады, Уәли өледі, әкесінің қызметшісінің көмегімен жаудан қашып құтылып ол барған жерінде атын, тегін жасырады. Оғпн Төле "Сабалақ" деп ат қояды.

Абылайдың 22 жасында Төле биге сәлем беруге Бөгенбай батыр келеді, бірде ол қалмақтарды барлауға Сабалақты ертіп кетеді. Бөгенбай өте сыншыл жан екен: адамның да, малдың да асылын бір көргенде таныған екен. Сабалаққа батасын беріп, астындағы Нарқызыл деген тұлпарын ұсынып: "Шырағым-ай, көзің отты бала екенсің, Мінезің қазақтағы хан екенсің, Жазғы салым қалмаққа аттанамыз, Сонда да керек болар жан екенсің !",-депті. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет Абылайды өзіне шақырып алып: "Шырағым, неге шаптың "Абылайлап" ?, Босады жүйем қатты, ағамды ойлап, Әкең кім ? Ел-жұртың кім ? Туғаның кім ? Жөніңді бастан-аяқ айтшы жайлап", деген. Сонда балла айтты: "Қазақ-қалмақ ерегесі, мұндайда елдің қозар делебесі, қысылған соң аузыма түсіп кетті, Атам-Абылай, мен бала-немересі", -деген екен. Ол-ел бірлігіне қол жеткізуде, қазақтың күшін біріктіруді арман етті, сол мақсатына жетті.

2-топ Әдебиетшілер Абылайға мінездеме береді. Сызба арқылы

Хан

3-топ Географтар Абылай хан кезіндегі Қазақ хандығың картадан тауып көсетіңдер.

4-топ Математиктер «Даталар сөйлейді» жылдарды оқиғасымен тауып оқып беріңдер.

Бұл тақырыптан жылдарды оқиғасымен дәптерлеріне жазып алыңдар. Деректермен қорытындылау;

Қазір тапсырмалар беріледі осы топтардың қайсы жылдам және дұрыс жауап береді екен қатысқандары бойынша оқушылар бағаланады.

Тақтаға жүргізетін жұмыстар:

1. Абылайдың хандық еткен жылын тап:

2. Абылай ханның ата-тегін жаз Урок на тему Абылай хан Жеке қағазға)

1. Шыңғыс хан

2. Жошы хан

3. Тоқай-Темір

4.Өз Темір

5. Қожа

6. Бәдіғұл

7. Орыс хан

8. Құйыршық хан

9. Барақ хан

10. Әз-Жәнібек

11. Жәдік

12. Шығай

13. Есім хан

14. Жәңгір хан

15. Уәлибақы

16. Қанішер Абылай

17. Көркем Уәли

18. Абылай хан

3.Хандық дегенді қалай түсінесіңдер? - үш жүзден тұрады. Ең үлкен әмірші. Қаған-(ұлы хан) аталады. Ханды ақсүйек шонжардан сайлайды, хан тағына жері емес, малы көп сұлтан сайланады.

4. Сұрақ жауап (Жылдарды атаймын)

1711-1781 жж -Абылай ханның өмір сүрген жылдары.

1740 ж. 28 тамызда - Әбілмәмбет пен Абылай Орынборға келіп Ресей империясының билігін мойындайды.

1742 ж. - Абылай жоңғар тұтқынына түседі.

1743 ж.- Қалдан Цэрен өлген соң Жоңғария Қазақия мемлекетіне қауіп төндіруден қалады.

1752 ж. - Қалмақтар Орта жүзге басып кіреді.

1753 ж. - Абылай қол жинап, Жоңғар еліне шабуыл

жасап, Лама Доржыны өлтіреді.

1771 ж. - Орта жүздің ханы Әбілмәмбет өлген соң Абылай хан таққа отырады.

Тақтаға үй тапсырмасынан мына жылдарды жазып, бұл жылдарда кімдер өмір сүрген (есте сақтау қабілетін тексеру).

VI Үйге тапсырма: Абылай хан жөнінде деректерді оқу.

VII Оқушыларды бағалау.

Қортындылап бағалау



© 2010-2022