1. Ор өзенінің орта ағысы - Көктау өлкесі

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



ҚР Кіші Ғылым Академиясы Ақтөбе филлиалының

ХV-ші Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға



Өтініш


8 бөлім: география, өлкетану

Секция: өлкетану

  1. Ор өзенінің орта ағысы - Көктау өлкесі.

Мұрзағұл Гүлден, Хромтау ауданы, Көктау ауылы, Көктау ОМ, 8 сынып. Ғылыми жетекшісі: Тулебаев Ж.М. , Тулебаев С.Б.

Білім беру мекемесінің пошталық мекен-жайы: Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Көктау ауылы, Көктау орта мектебі. 8 (71336) 43-0-20 телефон/факс

Мектеп директоры: Тулебаев Ж.М


17.02.2011 ж























ОР ӨЗЕНІНІҢ ОРТА АҒЫСЫ - КӨКТАУ ӨЛКЕСІ


Мұрзағұл Гүлден, Хромтау ауданы, Көктау ауылы, Көктау ОМ, 8 сынып. Ғылыми жетекшісі: Тулебаев Ж.М., Тулебаев С.Б.


1855 жылы Ленинград археология институтының қызметкері В.С.Сорокиннің 4 бағытта жүргізген қазба жұмыстары нәтижесінде Ор өзенің саласы Тастыбұтақ бойынан қола дәуірі корымдары табылып зерттелді. 2004 жылы Ақтөбе мыс компаниясының мыс кеңінің беткі қабатын аршу барысында ауыл іргесінде қола дәуірінің үлкен қорымдар тобы қазылып тас үйіндісіне төгіліп кеткен. Жұмысшылардың хабарлауымен құмыра, құмыра сынықтары, адам сүйектері аман алынып қалынды. Алматы археологиялық институтының қызметкері Книсарин Б.С шақыртылып, жәдігерлердің ерте қола дәуіріне жататыны анықталды. 2004 жылы құрылған мектепішілік өлкетану үйірмесі осындай вандалистік оқиғаны болдырмау мақсатында жұмыс жасап, жалпы ауданы 100км² жерді аралап қола дәуірінің жаңа іздерін

анықтау мақсатында өз жұмысын бастады. Ақтөбе облысы бойынша қола дәуіріндегі Ор өзенінің саласы Тастыбұтақ қонысы аз зерттелген, жәдігерлері Ленинград археология институтында сақтаулы болғандықтан біздің олжалы жаңалығымыз: 1-ден үйірменің дер кезінде қимылдауының арқасында үш бүтін құмыра, көптеген құмыра фрагменттері анық ою өрнектері мен формасы сақталған күйде, 2-ден үш қауіпті жағдайдағы қорымдар тобы, төрт жақсы күйдегі қорымдар тобы, бір тоналған қорым табылып анықталды. 3-ден бір топтық, бір жеке қоныс орыны, Тастыбұтақ қонысы бойынша кездеспеген жартастағы жабайы бұқа бейнеленген петроглиф табылды. Үйірме осы жаналықтарын БАҚ жариялап, Ақтөбе өлкетану музейінің бұрынғы директоры Ілиясқызы Рысжан апайды, Облыстық тарих, этнография және археология орталығының директоры,тарих ғылымдарының кандидаты Бисембаев Арманды шақыртып, ғылыми ақыл-кеңес алынынды. 2009-2011 жылдары орта ғасырлық ұрыс орындарын, 1870 жылдардағы переселендердің тарихи тыныс- тіршілігі, азамат соғысы кезіндегі атаман Дутовтың зорлық - зомбылық іздерін, шейіт болып кеткен екінші Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің тарихи шежірелерін кітапша қылып жинап, өлкеге қатынасы бар аңыз - әнгімелер үлгілерін жинап, танысып, зерттеушілік жұмыстар атқарды. Мұрзағұл Гүлден сіздерге өлкенің қола дәуірі туралы жинақталған, зерттелген жұмысын ұсынады.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Құрманбеков Ж «Вопросы археологии Западного Казахстана» Самара 1996 год

2. С.И Әжіғалиев «Ескерткіш - ел тарихы» Ақтөбе каласы, 1992 жыл

© 2010-2022