Ш. Құдайбердіұлы Адамдық борышың

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Өзін-өзі тану » пәнімен интеграцияланған әдебиет сабағының жоспары.

Мектеп: № 16 Мұғалім: Отесин.А Сынып: 6

Тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы Адамдық борышың Құндылық: Ақиқат

Қасиеті: ерік-жігердің мықтылығы, ар-ұждан, адалдықСабақтың мақсаты: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаянымен шығармашылығымен таныстыру. Оның Ақиқат құндылығын ұстанып, дұрыс әрекет еткендігін ұғындыру.

Міндеттері: Білімділік: Оқушылардың Шәкәрім шығармашылығы бойынша

Білімдерін кеңейту: «Борыш» ұғымына талдау арқылы жете түсінік беру. Өлеңнің негізгі тақырыбы мен идеясын ашу.

Дамытушылық: Балалардың өз ойын нақты, көркем сөздерді қолданып жеткізе білу дағдыларын , ерік-жігер мықтылығын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Өз елінің, жерінің қамын ойлайтын ,өз ісіне жауап бере алатын,адал қызмет атқаратын бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу. Өмірде Ақиқат құндылығын ұстанып, дұрыс әрекет етіп, Ақиқаттан аттамауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сыртқы интеграция ( Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау

Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күй орнату мақсатында тақырыптың мазмұнын ашуға арналған «Нұрға бөлену» (баяу үйлесімді әуенмен) жаттығуы орындалады

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: күн Нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі Нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, көңіл-күйіңіз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде.

Нұр бірте-бірте шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы Нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі Нұрға толсын.

Нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Үй тапсырмасы: Оқушылар алдын-ала бөлінген сала бойынша Шәкәрім Құдайбердұлы туралы деректер жайында ой толғайды.

Дәйексөз: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш қасиет негіз болады ол- адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек»

Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер

Әңгімелеу: «Адамдық борышың» өлеңі мәнерлеп оқылады.

«Адамдық борышың»

Адамдық борышың-

Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай

Ар сақта оны біл.

Талаптан да білім мен өнер үйрен,

Білімсіз, өнерсіз,

Болады ақын -тұл.

Мақтанға салынба

Мансаптың тағы үшін,

Нәпсіңе билетпе

Басыңның бағы үшін.

Өміріңді сарп қыл

Өлгеніңше,

Жоба тап ,

Жол көрсет,

Келешек қамы үшін.

Қайтадан қайырылып ,

Қауымға келмейсің,

Барыңды,

Нәріңді

Тірлікте бергейсің.

Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,

Шын бақыт-осыны ұқ,

Мәңгілік өлмейсің!

Негізгі тақырыбы-адамзат міндеті.

Идеясы-артына үлгі аларлықтай іс қалдыру.

Түсіндірме сөздік.

Мансап-атақ

Нәпсі-жаман іс

Тұл-ешнәрсесі жоқ

Ғибрат-үлгі

Сұрақ: 1. Өлеңде не туралы айтылған?

2. Адал еңбек ету дегенді қалай түсінесіңдер?

3. білім мен өнер үйрену,келешекке жол көрсету деген не?

Шығармашылық жұмыс:

1-топ. Шәкәрім жайында не білдің?

2-топ. Шәкәрім қандай?

3-топ. Шәкәрім Құдайбердіұлының

(бойындағы қасиеттері, ұстанған ұстанымы мен құндылықтары)

Топпен ән айту: «Желсіз түнде жарық-ай» А.Құнанбаев

Желсіз түнде жарық-ай

Сәулесі суда дірілдеп.

Ауылдың, жаны - терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы

Сыбырласып өзді-өзі.

Көрінбей жердің топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі.

Ішкі интеграция (Жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау)

Тақтада сөздер берілген. Білімді, мақтаншақ, арлы, білімсіз, еңбекқор, мансапқор, айлакер, жалқау, өсекші, шыншыл, өнерлі, өтірікші, жомарт, сараң, қайырымсыз, ата-ананы сыйлайды.

Балалар, адамға тән жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді бөліп жазайықшы.

Адамның жақсы қасиеттері / Адамның жаман қасиеттері

Білімді мақтаншақ

арлы білімсіз

еңбекқор мансапқор

шыншыл айлакер

өнерлі жалқау

жомарт өсекші

ата-ананы сыйлайды

Шәкәрім-ақын.Шәкәрімнің ақын жүрегі өзінің айналасындағы құбылыстарды сырттаай ғана саралап құрғақ бейнелеуші болып қалған жоқ. Ол құбылыстар мен заттардың әрқайсысына терең мән берді. Жақсылығына қуанып,кемшілігіне езілді. Осыдан келіп Шәкәрімнің ақындық болмыс бітімі, азаматтық үні қалыптасты. Халық тағдыры - Шәкәрімнің жырындағы көкейтесті тақырып. Өз өлеңдерінде ол әрдайым халық басындағы жағдайларды баяндады.

Шәкәрім батыс әдебиетінен көп мағұлмат алған.

Үй тапсырмасы:

«Адамдық борышың» өлеңді жаттау

Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді ой елегінен өткізіп, бір сәтке тыныштықта отырамыз.



© 2010-2022