Сабақтың тақырыбы: Қола дәуірі тұрғындарының шаруашылығы

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы:6

Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы:Қола дәуірі тұрғындарының шаруашылығы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Қола дәуірі тұрғындарының шаруашылығын түсіндіру.

Дамытушылық:

Қола дәуірінің шаруашылығын түсіну,тарихқа деген қызығушылықтарын,дәуірді есте сақтау,кезеңге өзіндік баға беру қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:

Қола дәуірінің тұрғындарының қалдырған мәдениетін құрметтеу,ата-баба тарихына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Қола дәуірінен табылған еңбек құралдарының суреттері,қола дәуірінің баспаналары,карта,тірек сызбалар мен қима қағаздар,интерактивті тақта,слайд.

Сабақтың барысы:

Ұйымдасыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеп,оқушылардың зейінін сабаққа дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру.

1.Өзін-өзі тексеруге арналған тест.

1.Тұрмыста тұңғыш пайдаланылған металл?

А.Қола Ә.Темір Б.Мыс

2.Тотыққан мыс рудасынан металл қорыту қай дәуірде басталды?

А.Қола дәуірі Ә.Темір дәуірі Б.Тас дәуірі

3.Мыс пен қалайының қосындысынан не алынды?

А.Темір Ә.Қола Б.Тас

4.Қола дәуірін жоспарлы зерттеу қай жылы басталды?

А.1945 жыл Ә.1946 жыл Б.1947 жыл

5.Қ.И.Сатбаевтің есебі бойынша,көне заманда қай өңірден 1 миллион тоннадай кен өндірілген?

А.Қостанай Ә.Жезқазған Б.Қызылорда

6.Шығыс Қазақстанда Нарым мен Қалба кен орындарында неше тонна қалайы шығарылған?

А.1100 тонна Ә.1200 тонна Б.1300 тонна

7.Кен қорыту үшін құрылысы өте күрделі нені салды?

А.Тұрақ Ә.Қазандық Б.Шеберхана

8.Б.з.б. нешінші мыңжылдықта ортасында Қазақстан тайпалары қола бұйымдар жасау ісін меңгерді?

А.Б.з.б. 1 м.ж Ә.Б.з.б. 2 м.ж Б.Б.з.б. 3 м.ж

9.Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістігі ?

А.Беғазы-Дәндібай мәдениеті Ә.Андронов мәдениеті Б.Ботай мәдениеті

10.Қазақстан жерінде қола дәуірі қай уақыт аралығын қамтиды?

А.Б.з.б. 2 млн 600мың-18000 жыл Б.Б.з.б. 2 м.ж-б.з.б 8 ғасыр Б.Б.з. 2 м.ж-б.з 8 ғасыр

2.Білімді дамыту стратегиялары.

2.1.А тобының сұрақтары

1.Андрондықтардың басты кәсібі?(Мал бағу)

2.Қола дәуірінде ыдыс жасаудың өрістеген түрі?(Көзе құмыралар)

3.Кенді қай жерде балқытты?(Пеште)

4.Қоладан жасалған еңбек құралдары қандай жағдайға ықпалын тигізді?(Еңбек өнімділігін арттыруға)

5.Мал өсіру негізінен қандай түрде жүрді?(Отырықшылық,бақташылық)

Ә тобының сұрақтары

1.Құю қалыбы ретінде нелерді пайдаланған?(Саз балшықты,металды кейде тасты)

2.Андрондықтар қай өзендері бойлай қоныстанған?(Есіл,Тобыл,Ертіс,Бұқтырма)

3.Археологтар андрондықтардың тұрақтарынан сүзбе жасауға арналған қандай ыдыс тапқан?(Сүзгіш ыдыс)

4.Пеште күйдірілген құмыраларды қалай өрнектеп жасалған?(Тарақ тәрізді немесе тегіс қалыпты)

5.Андрон тайпаларының шаруашылығының бір саласы?(Кен ісі мен металл өңдеу)

Б тобының сұрақтары

1.Андрондықтар қандай малды өсірген?(Малдың төрт түлігін)

2.Археологтар андрондықтардың үйлерін неге ұқсатты?(Қазақтың тұрғын үйіне)

3. Қола дәуірінде түйені қолға үйреткеніне дәлел болған жағдай?(Орталық,Батыс Қазақстаннан табылған түйе сүйектері)

4. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің тұрғын үйлері қалай бөлінді?(Жартылай жертөле үйлер мен жер бетіне салынған үйлер)

5.Қола дәуірінің соңына қарай қандай құрал пайдаланыла бастады?(Қола және мыс орақтар)

2.2.Мәтін құрау

А тобы Андрондықтардың баспаналары

Ә тобы Беғазы-Дәндібай тұрғындарының тұрғын үйлері,кәсібі

Б тобы Андрондықтардың кәсібі мен тұрмысы

Сергіту сәті.

3.Білімді тексеру статегиялары.

3.1 Сәйкестендіру стратегиясы

А тобы

1.Қола дәуірінің қоныстардың маңына қандай егін түрлерін еккен

1-

1.Мал,егін шаруашылығы

2.Балқытылған металды құйып қандай бұйымдар жасаған?

2-

2.Бидай,арпа тары

3.Арқайым қонысының тұрғындары қандай шаруашылықпен айналысты

3-

3. Үлкен мыс қазандар мен құрбан шалатын үлкен үстелдер жасаған.

Ә тобы

1.Адамдар мыс рудасына қалайы қосу арқылы нені үйренді?

1-

1. Теселі егіншілік

2. Жер өңдеудің қарапайым түрі қай шаруашылық дамыды

2-

2.Көшпелі түрге көшті

3. Мал бағудың қай түріне көшу қалыптасты?

3-

3.Қола өндіруді

Б тобы

1.Өзен аңғарларындағы андрондықтар жерді немен өңдеген?

1-

1.Диірмен,тесе,

орақ

2.Егіншіліктің дамығанына дәлел еңбек құралдары?

2-

2. қыш ыдыстар сынығы,жонғыш,

Пышақтар.

3.Арқайым қонысынан қандай тұрмысқа қажетті бұйымдар табылды?

3-

3. Тесе

3.2 Деңгейлік сұрақтармен жұмыс

А тобының сұрақтары?

10 ұпайлық сұрақ 1.Қорытып жасалған еңбек құралдары қандай болып келді?(Тастай қатты,әдемі сары түсті)

20 ұпайлық сұрақ 2.Сазбалшықты не үшін пайдаланған және ыдыстар қандайпішінде болған?(Ыдыс жасауға пайдаланды,әр алуан түрлі болған)

30 ұпайлық сұрақ 3.Көзе құмыраларды сипатаңдар? (Құмыралар түрінің әсімдігімен қоса,бүйірі мен ернеуіне салған өрнекті әшекейлерімен тамаша өнер туындысы саналады.)

Ә тобының сұрақтары?

10 ұпайлық сұрақ 1.Тұрғындар қысқа арнап не әзірлеген?(Жемшөп)

20 ұпайлық сұрақ 2.Қай қоныстардың қабырғалары қатарластырыла қойылған тік бағандар тұрғызылған?(Солтүстік Қазақстандағы Шағалалы,Петровка қоныстары)

30 ұпайлық сұрақ 3.Қола дәуірінің қоныстарының орналасуын сипаттаңдар(Қоныстар өзендердің жағасында,көл жағалауларында орналасты,олар әдетте 5-10 немесе 20 шақты үйден тұрды,үйлердің аумағы 100 шақырым метрден 300-400 шаршы мертге дейін жетті. )

Б тобының сұрақтары

10 ұпайлық сұрақ 1.Ауыздықтардың табылуы нені көрсетеді?(Жылқының энолит,қола заманынан мініске,күш көлік ретінде пайдаланылғанын көрсетеді)

20 ұпайлық сұрақ 2.Қола мыс орақтар қай қоныстардан табылды?(Шығыс Қазақстандағы Мало-красноярка,Батыс Қазақстандағы Алексеев,Солтүстік Қазақстандағы Степняк,Көкшетаудағы Шағалалы қонысынан табылды.)

30 ұпайлық сұрақ 3.Беғазы-Дәндібай мәдениетінің жартылай жертөле үйлер мен жер бетіне салынған үйлердің айырмашылығын атаңдар ?(Жертөле үйлердің қабырғасы жартылай таспен қаланы шегенделетін,Жер үстіне салынған үйлердің қабырғаларын бойлайәр жеріне жуан сырғауылдар орнатылды.)

4.Қортындылау

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?

Бағалау.

Топтық бағалау,ОүБ,ОБ

Үйге тапсырма:

§9 оқу,түсінік айту,қосымша мәліметтер жинау.



© 2010-2022