Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы

Раздел История
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы.

Сабақтың мақсаты:

1. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы, маңызы жөнінде білім беру

2. Оқушының ойлау қабілеті, сөздік қоры, өзін өзі басқара білуі, ойын жүйелей алуына, жинақылыққа баулу арқылы сыныптағы білім сапасын 63% жеткізу.

Сабақтың әдісі: Б ж С технологиясы (ауызша сабақ-1 картасы).

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Көрнекілігі: Қазақстанның саяси картасы, атлас, технологиялық карта

Пәнаралық байланыс: , экология, математика

Сабақтың барысы :

I Ұйымдастыру кезеңі: (5мин).Сәлеметсіздер ме, оқушылар. Бүгінгі сабағымыз Б ж С технологиясының негізінде « Ауызша сабақ - технологиялық картасы» арқылы өтеді. Тақтада сіздердің орындарыңыз белгіленген «матрица» кестесі берілген. Сабағымызды бастау үшін сынып лидері Айгерімге сөз берейік:

  • Құрметті оқушылар! бүгінгі сабақта БиС технологиясы бойынша өз білімімізді көрсетіп, бәріміз бірге қатысып, 63% сапа көрсетуге дайынбыз ба?!(бәрі бірге қосылып «иә» деп жауап береді).

II кезең:

  • Б и С технологиясы дегеніміз - Биоақпараттық және синергетикалық әдіс. Біздің бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы»

Қазақстанның саяси картасы арқылы жаңа сабақтың қысқаша жоспарымен таныстырамын.

  • Еліміздің барлық өңірінде Кеңес өкіметі орнауының маңызы жөнінде;

  • Кеңес өкіметінің орнауы туралы;

  • Большевиктердің алғашқы шаралары жайлы.

  • Ұлт мәселесінің қойылуы жайлы сөз қозғаймын.

№1 тапсырма . Өткен сабақты қайталау:(5мин),(1сұрақ-3сек)

  1. Ұлт-азаттық қозғалыс қай жылы болды ? ( 1916ж).

  2. Ұлт-азаттық қозғалыс орталықтары? (Торғай,Жетісу).

  3. 1-ші Дүниежүзілік соғыс жылдары? (1914-1918ж).

  4. 1-ші Дүниежүзілік соғысқа неше мемлекет қатысты?(38).

  5. Антанта одағына қай елдер кірді? (Ресей,Франция,Англия).

  6. Үштік одақ құрамына кірген елдер?(Германия,Австро-Венгрия).

  7. Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды деп жазған адам? (А.Байтұрсынов).

  8. 1907-1912 жылдары Қазақстанға Ресейден қанша адам көшірілді?(2млн.400мың).

  9. Қазақтарды қара жұмысқа алу Жарлығы қашан жарияланды? (1916ж 25 маусымда.)

10) «Жұрт сеңдей соғылды,күндіз күлкіден,түнде ұйқыдан айырылды»?(М.Дулатұлы).

11)Торғай уезіндегі көтеріліс басшысы?(А.Иманов).

12)Жетісудағы қозғалыс басшысы? (Бекболат Әшекеев)

13) «Алыспаған,жұлыспаған бостандық атына мінбейді,бұғаудан босамайды,ері құлдықтан,әйелікүндіктен шықпайды,малына да,басына да ие болмайды»сөзінің авторы кім?(қар-жаңбыр суымен).

14)Буржуазиялық-демократиялық Ақпан революциясы қашан болды?(1916ж.27 ақпан).

15)Түркістан автономиясының басшысы кім болды?(М.Шоқай)

16)Тұңғыш мұсылмандар партиясы қалай аталды? (Түркістан федералистер партиясы)

Матрицада №1 бағалау+

№2 тапсырма Қабылдауды ұйымдастыру.(5мин).Тақтаға «кілтті сөздер» тақырыптың негізгі ұғымдары жазылады. Оқушыларға 1минутта( 7,14,21 сөз) жаттау және жазу ұсынылады.Оқушылар бірін-бірі тексереді, нормаға сай болса .

Кілтті сөздер:1) Кеңес өкіметі,Уақытша үкімет,большевиктер,Қазақ газеті,Қазақ АКСР-і,Пролетариат,Алашорда:7сөз- (30сек),(63% болса жалғастыру).

2) Кеңес өкіметі,Уақытша үкімет,большевиктер,Қазақ газеті,Қазақ АКСР-і,Пролетариат:14сөз-(1 мин.15сек.), (63% болса жалғастыру).

3)(21сөз-2мин.30 сек)(Слайдқа).Оқушылар бір-бірін тексереді.

Матрицада №2 бағалау +

№3 тапсырма. Ұғынуды ұйымдастыру. (12мин)Оқулықпен жұмыстану (3минут 1 бет мәтінге: 9минут) уақыт беріледі. Содан кейін мұғалім барлық оқушыға 1-ден қарама - қарсы сұрақтар қоямын.

  1. Қазан төңкерісі қай жылы болды?( 1917ж.25 қазан)

  2. Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі неше адамнан тұрды? ( 14 адамнан)

  3. Кеңес өкіметі алғаш орнаған қала? ( Перовск,Қызылорда)

  4. Орынбор казактарын басқарған атаман ?( А.Дутов)

  5. 1918 жылдың басында Кеңес өкіметі орнаған қалалар? (Ақтөбе,Орынбор,Торғай)

  6. 1918 жылы Кеңес өкіметі күшпен қай қалада орнатылды. ( Оралда)

  7. Орынборда Кеңестердің Торғай облыстық I сьезі қашан болды? (1918ж.наурыз,сәуірде)

  8. Алашорданың Орынборда шығарылып тұрған орталық органы қандай газеті жабылды? (Қазақ)

  9. 1918жылғы сәуірде Ташкентте Түркістан өлкесі Кеңестерінің Төтенше нешінші сьезі өтті ?(V сьезі)

  10. Кедей шаруаларға қанша жер қайтарылды? ( 3,5млн десятина)

  11. Кәсіпорындар неше сағаттық жұмыс күніне көшті? (8 сағаттық).

  12. Түркістан республикасының ашыққан халқына неше вагон астық жіберді?(200 вагон).

  13. Халық комиссариатының есептеу-бөлу органы.(Кооперация)

  14. Семей,Ақмола облыстарында көтерме-бөлшек сауда жойылып, оның міндеттері кімге берілді?(Азық-түлік комитетіне).

  15. Ұлт істері жөніндегі облыстық комиссардың орынбасары кім болды?(А.Розыбақиев)

Матрицада №3 бағалау.

№4 тапсырма. Қарама-қарсы сұрақ қою. (5мин) (СТО келісемін,келіспеймін).

1) Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі құрамы 15 адамнан тұрды (келіспеймін,14).

2) Орынбор казактарын атаман Дутов басқарды (келісемін).

3) Алашорда үкіметін С.Сейфуллин басқарды(келіспеймін, Ә.Бөкейханов)

4) 1918 жылғы 16-17 күні Семейде өкімет билігіжегілікті Кеңестің қолына көшті. (келісемін).

5) Ресейде Қазан төңкерісі 1916ж 27 ақпанда болды (келіспеймін,1916ж.25 қазанда).

6) Кеңес үкіметі алғаш орнаған қала Перовск (Қызылорда) (келісемін)

7) Кеңес үкіметі Қазақстанда бейбіт жолмен орнады (келіспеймін,қарулы қақтығыс)

8) 1918 жылғы наурыз айының ішінде бүкіл Жетісу облысында Кеңес өкіметі толық орнады (келісемін)

9) Алашорда үкіметінің газеті «Қазақ» деп аталды(келісемін)

10) Алашорда үкіметі Кеңес өкіметін жақтады(келіспеймін,қарсы болды).

11) Кәсіпорындар 8 сағаттық жұмыс күніне көшті?(келісемін)

12)Көтерме сауда-бөлшек жойылып оның міндеттерін Казревком атқарды?(келіспеймін,Азық-түлік комитеті)

13)Кедей шаруаларға 3,5 млн.десятина жер қайтарылды(келісемін)

14) Ақтөбеде, Орынборда,Торғай уездерінде Кеңес өкіметі1920 жылы орнады(келіспеймін,1918жылдың басында)

15)Кеңес өкіметі орнағанда билік басына большевиктер келді( келісемін).

Матрицада №4 бағалау.

№5 тапсырма Тақырыптық сөз қоры. (5мин) Бүгінгі өткен жаңа тақырыпты қорытындылап, тірек сөздер арқылы, эссе түрінде жазамыз.(7-11 сыныптар сөздік қор нормативі- 63сөз), (5мин.)



© 2010-2022