Внеклассный урок по казахскому языку на теме Ұлы Жеңіс жасасын!

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ұлы Жеңіс жасасын!»

Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы

Жеңіс туралы мағлұмат беру. Отан үшін жан

қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған

қазіргі кезде арамызда жүрген

ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып,

оларды құрметтеуге тәрибелеу.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні келіп жетті. Жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше бүгінгі «Ұлы Жеңіс жасасын» деп аталатын ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.

( видеоролик: 1941-1945жж ҰОС)

Ж. Нәжімеденовтың «Бейбіт күні тілегі» ән қоры орындалады.

1-оқушы:

Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар

Жүздеріңде жанған от жарқылы бар

«Соғыс»деген салмағын жалғыз сөздің

Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар

Жасқанбаған жауынан жарақты ер

Ерлігіңді аңыз ғып таратты ел

Ән: «Сарбаздар» Орындайтын Сейілжанова Н

Мұғалім: Оны - «дала сермеңдесі», «көк тәңірісі» «аспан перісі», «қанаттылар ханы» деп құрмет тұтты. Дәл осындай текті құстың болмысы қазақтың арда ұлы Кеңес одағының батыры атағын екі рет алған қыран текті Талғат Бегелдинов еді.

2-оқушы

Қан майданның жүректе жарасы бар

Қайғысы мен зілі бар наласы бар

Арамызда жүретін алшаң басып

Ардагерлер азайып барасыңдар

Қастерлейді халқымыз қахарманын

Жүр есінде сан жарық сапарларың

Қайран ерлер қахарман ардагерлер

Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың

Мұғалім: Қабиденұлы Төлеген Тоқтаров қатардағы жауынгер. 1942жылдан бастап 1943жылға дейін Сталинград майданында соғысқан. «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.

3-оқушы:

Қахармандық дегенді кейінгі ұрпақ

Жүздеріңе сендердің қарап білер

Дарқан мінез, дария ой, дара шыңдар,

Жарқын жүзді, жүрегі ақ, жаны асылдар

Арамызда жүретін алшаң басып

Майдангерлер азайып барасыңдар

Мұғалім: Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры халқымыздың біртуар перзенті Қасым Қайсенов 1918жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген. 1941жылдың қараша айында Оңтүстік -Батыс майданның штабына аттандырылып басқыншылар қолында қалған Украина жерін азат ету үшін жау тылына түсіріледі. Қайсенов атамыз сол жерде Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядының басқарушысы болады.

4-оқушы:

Арылтып жаудан жеріңді

Табанға жаншып өлімді

Жеңіспен желпіп өмірді

Оралды ерлер көңілді

Десеңдер бұл қай күн

Тоңызыншы май күн

5-оқушы: «Майданнан хат» үзінді

6-оқушы: «Майданға хат» үзінді

Көрініс: «Соғыс қасіреті»

Мұғалім:

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары

Жігер менен құштарлықтың құралы

Күрескердің арманы мен ұраны

Қуаныш пен мерекенің бұлағы

Елге қауіп төнбесін

Егестен адам өлмесін

Есен-аман болайық

Енді соңыс болмасын!

Өртенбесін туған ел

Шайқалмасын асқар бел

Шайқалмасын шалқар көл

Жасасын Жеңіс

Бақытты елім күле бер

Тәуелсіз болып болашағына жүре бер

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын!

Осы тілекпен барша халайық түрегел.

«Ақ көгершін » әні орындалады.


© 2010-2022