• Преподавателю
  • История
  • ІХғ. екінші жартысы-ХІІІ ғ. басындағы ғылым мен білім тақырыбы бойынша тест жұмысы (7 сынып)

ІХғ. екінші жартысы-ХІІІ ғ. басындағы ғылым мен білім тақырыбы бойынша тест жұмысы (7 сынып)

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып 7

Тақырыбы ІХғ. екінші жартысы-ХІІІ ғ.басындағы ғылым мен білім

Ғылым мен білім І нұсқа

1. Х ғасырдан бастап Қазақстанда әдеби және ғылыми шығармалар жазылған тіл:

А) қазақ

В) араб

С) парсы

D) түрік

Е) қыпшақ

2.Түрік тілдес тайпалардың бір-біріне жақындығын зерттеген белгілі ғұлама:

А) Әл-Фараби

В) Әл-Бируни

С) М. Қашғари

D) Ж. Баласағұни

Е) А. Йасауи

3. М. Қашғари қалдырған үш кітаптан тұратын мәңгі өшпес мұра:

А) «Түрік тілдерінің сөздігі»

В) «Құт негізі - білік»

С) «Ақиқат сыйы»

D) «Даналық кітабы»

Е) «Оғызнама»

4. Ж. Баласағұни «Құтадғу білік» еңбегін Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқаны үшін алған лауазым атағы:

А) Әмір

В) Мырза

С) Бек

D) Ұлы хас - хажип

Е) Ғалым

5. «Арабша, тәжікше кітаптар көп. Ал бұл-біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинақ» деп өз тілін қорсынып, жат елдің тілінде сөйлеу, шығарма жазу сияқты әрекеттерге қарсы болған ғұлама:

А) Әл-Фараби

В) Әл-Бируни

С) М. Қашғари

D) Ж. Баласағұни

Е) А. Йасауи

6. «Жастығымда бейнет бер, Қартайғанда дәулет бер» деген қазақ мақал-мәтелі қай ғұламаның еңбегінде кездеседі:

А) Ж. Баласағұни

В) М. Қашғари

С) А. Иүгінеки

D) А. Йасауи

Е) Әл-Фараби

7. Жазба әдебиеттің көрнекті өкілі, Қарахан мемлекетінің кезінде даңқы шыққан ақын:

А) А. Йасауи

В) А. Иүгінеки

С) Рашид ад-Дин

D)Әбілғазы

Е) С.Бақырғани

8. Халықты инабатты болуға, адал өмір сүріп, арамдықтан аулақ болуға шақырған Қарахан халқына түсінікті түрік тілінде жазылған дастан:

А) «Ақиқат сыйы»

В) «Қорқыт ата»

С) «Оғызнама»

D) «Құтадғу білік»

Е) «Диуан-и хикмет»

9. VIII-IX ғасырда түрік жазуының өмірде қолданылу аясының тарылу себебі:

А) Ислам дінінің таралуына байланысты араб жазуының түрік билеушілері арасында тез қабылдануы

В) Соғды жазуы кең тарады

С) Араб билеушілерінің тыйым салуы

D) Орыс әліпбиі кең тарады

Е) Парсы жазуы кең тарады

10. Жазба деректердегі мағлұматтарда олардың қамыс қаламмен және IX-X ғасырларда ежелгі түрік жазуымен жазғанын көрсетеді:

А) Қимақтар

В) Қарлұқтар

С) Наймандар

Д) Керейлер

Е) Қарахандар

11. Жетісу қазақтарының да Ұмай анаға табынатынын жазған ғалым:

А) Ж.Баласағұни

В) Ш.Уәлиханов

С) М.Қашғари

Д) Әл-Бируни

Е) К.Байпақов

12. Дүние жүзіне Аристотель сынды ғұлама ғалым ретінде танылған:

А) Әл-Бируни

В) Әл-Марвази

С) Әл-Фараби

Д) М.Қашғари

Е) Ж.Баласағұни

Ғылым мен білім ІІ нұсқа

1. X.ғ.Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қалаларында мешіттердің көптеп салына бастағанын жазған ғұлама

А) Әл-Морвази

В) Әбу-насыр әл-Фараби

С) Әл-Макдиси

D) Әл-Бируни

Е) М.Қашғари

2. Әл-Фараби шығармаларын қай тілде жазған

А) Араб

В) Парсы

С) Иран

D) Түрік

Е) Қыпшақ

3. Әл-Фараби дүниеге келген қала

А) Түркістан

В) Отырар

С) Тараз

D) Ақбешім

Е) Сығанақ

4. "Диуани лұғат ат-түрік"кітабының авторы

А) Әл-Фараби

В) Әл-Бируни

С) Ж.Баласағұн

D) М.Қашғари

Е) А.Яссауи

5. Шу өзенінің бойында дүниеге келген ғұлама

А) А.Яссауи

В) Ж.Баласағұн

С) М.Қашғари

D) Әл-Фараби

Е) Әл-Бируни

6. Қарахан мемлекетіндегі даңқы шықан ақын

А) А.Игункеи

В) С.Бақырғани

Ж.Баласағұн

D) А.Яссауи

Е) Арыстан баб

7. Ахмет Игунекидің кітабы:

А) "Құдатғу Білік"

В) Ақиқат сыйы"

С) "Даналық кітабы"

D) Жүсіп-Зылиқа"

Е) Диуани лұғат ат-түрік"

8. Ахмет Яссауидің шәкірті

А) С.Бақырғани

В) Әли ақын

С) Әл-Бируни

D) М.Қашғари

Е) Арыстан баба

9. "Жүсіп-Зылиқа"атты поэманың авторы

А) А.Яссауи

В) Ж.Баласағұн

С) С.Бақырғани

D) А.Игунеки

Е) Әли ақын

10. Әбу Насыр Әл-Фараби Отырар қаласында қай тілде білім алған

А) араб

В) қыпшақ

С) иран

D) қытай

Е) парсы

11. Х1 ғасырда түркі тілдес халықтардың алғашқы ақсүйектер әдебиетінің ескерткіші:

А) "Диуани-хикмет"

В) "Құтадғу білік"

С) "Диуани лұғат-ат-түрік"

D) "Халиғат-ат тауарих"

Е) "Әбілхайырхани"

12. Белгілі орта ғасырлық ақын және исламды таратушы Яссауидың ұстазы

А) Арыстан баб

В) Хаким ата

С) Әбу Бәкір

D) Сүлеймен Бақырғани

Е) Қашғари



Ғылым мен білім ІІІ нұсқа

1. ХШ ғасырдың басында Оңтүстік Қазақстанда мұсылман дінінің кең етек жая бастауына байланысты жарық көрген "Жүсіп-Зылиқа" атты поэманың авторы

А) Әбу Бәкір

В) Әбу Бируни

С) Әли

D) Ахмет Жүгенеки

Е) Ахмет Яссауи

2. Ғұлама Әл Фараби туған қала:

А) Сығанақ

В) Отырар

С) Тараз

D) Испиджаб

Е) Құлан

3. Қараханидтер дәуірінің жаңа қалыптаса бастаған әдебиетінің өкілдерінің бірі, көрнекті ақыны

А) Ахмет Иүгнеки

В) Жүсіп Баласағұн

С) Ахмет Яссауи

D) Әли

Е) Юсуф Хамадани

4. Яссауидің Бұқар қаласында діни білім алуына көмектескен ғұлама

А) Жүсіп Баласағұнның

В) Әли ақынның

С) Жүсіп Хамаданидың

D) Арыстан бабаның

Е) М.Қашқаридың

5. Ислам дінін уағыздаушы, орта ғасырлық белгілі ақын, ел ішінде Хакім ата атанған:

А) Сүлеймен Бақырғаниды

В) Ахмет Яссауиді

С) Жүсіп Хамаданиді

D) Арыстан баба

Е) Ж.Баласағұни

6. Түркі тілдес халықтардың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы және тілі туралы жазған орта ғасырлық энциклопедист ғалым

А) Әл-Фараби

В) Махмұд Қашғари

С) Жүсіп Баласағұн

D) Әл-Омари

Е) Петахья

7. Орта ғасырлық ақын Ахмет Иүгнекидің түрік тілінде жазған кітабы

А) "Ғылымның пайда болуы"

В) "Даналық кітабы"

С) "Ақиқат сыйы"

D) Оғызнама

Е) Монғолдардың құпия шежіресі

8. Сопылық ілімнің насихатшысы, ақын:

А) Хакім ата

В) Ахмет Яссауи

С) Әбу Бакр

D) Сүлеймен Бақырғани

Е) А.Иүгнеки

9. Орта ғасырлық отқа табыну қасиетін байланыстырады:

А) Тәңірмен

В) Ұмаймен

С) Жер сумен

D) Жұлдызмен

Е) Аспан әлемімен

10. Белгілі ғалым, "Әлемнің екінші ұстазы" Әл Фараби өмір сүрді:

А) 870-950 жылдары

В) 870-960 жылдары

С) 870-970 жылдары

D) 970-1010 жылдары

Е) 1011-1025 жылдары

11. Х1 ғасырға дейін түрік тілді халықтардың қоғамдық ой-санасында орын алған ғылыми еңбек

А) «Диуани хикмет»

В) «Құтадғу білік»

С) «Диуан-и лұғат-ат түрік»

D) «Хұсрау-Шырын»

Е) «Әбілхайырхани»

12. А.Яссауидің "Диуан-и хикмет" жинағы

А) түрік тілдерін зерттеген

В) этнографиялық зерттеу

С) адалдыққа, имандылыққа, даналыққа шақырады

D) араб тілін зерттеген

Е) білімді дәріптеген


Ғылым мен білім ІV нұсқа

1. Х1 ғасырға дейін түрік тілді халықтардың қоғамдық ой-санасында орын алған ғылыми еңбек

А) «Диуан-и хикмет»

В) «Құтадғу білік»

С) «Диуан-и лұғат-ат түрік»

D) «Хұсрау Шырын»

Е) «Әбілхайырхани»

2. Ортағасырлық ғалым Махмұд Қашғаридың өмір сүрген жылдары

А) 870-950 ж.

В) 1030-1090 ж.

С) 1021-1075 ж.

D) 1075-1095 ж.

Е) 1095-2007 ж.

3. Х1 ғасырдағы түркі әдебиетінің жазу тілінің үлгілері көрініс тапты:

А) «Құтадғу білікте»

В) «Диуан-и хикметте»

С) «Диуани лұғат-ат түрікте»

D) «Хұсырау-Шырында»

Е) «Оғызнамада»

4. Орта ғасырлық ақын, исламның сопылық бағытының негізін салушы, насихаттаушы

А) А.Иүгнеки

В) А.Яссауи

С) Бақырғани

D) Әли

Е) Баласағұни

5. Оңтүстік Қазақстанда мұсылман дінінің кең таралуы кезеңінде Әли ақынның жарық көрген поэмасы

А) "Құтадғу білік"

В) "Диуан-и хикмет"

С) "Жүсіп-Зылиқа"

D) Оғызнама

Е) Монғолдың құпия шежіресі

6. «Түрік тілдері сөздігінің» авторы:

А) Әбу Бәкір

В) Махмұд Қашғари

С) Жүсіп Хамадани

D) Жүсіп Баласағұни

Е) А.Яссауи

7. Ежелгі түрік әліпбиіндегі әріп саны

А) 30

В) 35

С) 40

D) 25

Е) 45

8. Атақты қобызшы Қорқыт ата күмбезі орналасқан аймақ

А) Қызылорда

В) Алматы

С) Тараз

D) Шымкент

Е) Түркістан

9. "Оғызнаманы" XVII ғасырда толық жазып қалдырған ғұлама

А) А.Яссауи

В) Ж.Баласағұни

С) Әбілғазы хан

D) Әли ақын

Е) Кутб

10. IХ-Х ғ. өмір сүрген данышпан, Шығыстың атақты ғалымы:

А) Әл-Фараби

В) Гардизи

С) Әл-Бируни

D) А.Яссауи

Е) Ибн Батута

11. Ахмет Яссауи кесенесі кімнің бұйрығымен салынды?

А) Әбілқайыр ханның

В) Әмір Темірдің

С) Шыңғысханның

D) Тәукенің

Е) Абылай ханның

12. Керей хандығы мен монғол тайпаларының арасындағы қарым-қатынас

қай еңбекте айтылды

А) "Оғызнама"

В) "Шыңғыснама"

С) "Монғолдың құпия шежіресі"

D) Монғол тарихы

Е) "Батый"











© 2010-2022