Қазақы тәрбие

Маңғыстау облысы,Бейнеу ауданы,«Абай атындағы орта мектебі» ММ тарих пәні мұғалімі К.МусаеваТақырыбы: Қазақы тәрбие-даналар мұрасы.Мақсаты: Қазақтың киелі деп санап,кие тұтқан «7» санының құпиясын ашу,ұлттық тәрбиені бойына сіңіру,таным көкжиегін арттыру.Көрнекілігі: Қанатты сөздер жазылған плакаттар,ұлттық тағам суреттері,бейнетаспа.Барысы: Сабақ жеті бөлімнен тұрады:1.«7» -киелі сан.2.Дәм-бабалар мұрасы.3.Дайын сауал-пайым жауап.4.Бабалар айтқан асыл сөз.5.Ескірмейтін ескі сөз.6.Жеті атасын бі...
Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Қазақы тәрбие-даналар мұрасы.

Мақсаты: Қазақтың киелі деп санап,кие тұтқан «7» санының құпиясын ашу,ұлттық тәрбиені бойына сіңіру,таным көкжиегін арттыру.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер жазылған плакаттар,ұлттық тағам суреттері,бейнетаспа.

Барысы: Сабақ жеті бөлімнен тұрады:

1.«7» -киелі сан.

2.Дәм-бабалар мұрасы.

3.Дайын сауал-пайым жауап.

4.Бабалар айтқан асыл сөз.

5.Ескірмейтін ескі сөз.

6.Жеті атасын білген ер...

7.Жеті түрлі білім біл.

Қамар: Адам бойындағы бұлжымас баянды нәрсесі- өзінің жан дүниесіне жас кезінде сіңірген нәрсесі.

Мейірбек: Ия,өсіп келе жатқан жас ағаш та әуел баста бұтақтарын жан-жаққа қалай жайып таратқан болса,жүздеген жылдар бойы қашан оны шауып құлатқанша,солай болып тұра береді.

Қамар: Ендеше,адам бойындағы алғашқы әдет те дәл солай берік орнап қалады.

Бірінші бөлім бойынша «7» саны туралы мағлұмат беріледі.

Мейірбек: Көшпенділер ұғымында күннің көзі жеті бөлікке бөлінеді.Аптада жеті күн бар.Бір ғажабы бұл атаулар өзгермейтін ұғымдар,өлшемдер.

Жаңа туған нәрестенің шілдеханасы 7-ші күні беріледі.Қайтыс болған кісінің 7-сі беріледі.Көкті 7 қат көк,жерді 7 қат жер деп айтады.Қазақтар:«Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі білім біл» деп те бекер айпаса керек.Тіпті «жұт жеті ағайынды» деген сөздің де тұрмыстық жағдайдан келіп туындағаны байқалады.Әз Тәукенің «жеті Жарғысы» мен «жеті қазына» деген атаулардағы «7» санының тектен-тек тумағаны айқын.Қауіп-қатердің алдын алу үшін,болмаса аман қалған адам үшін жеті шелпек немесе садақаға жеті түрлі нәрсе таратуы да наным түсініктен ғана тумаған құбылыс.«Жетіге келгенше бала жерден таяқ жейді»,«Жеті атасын білмеген-жетесіз» деген қазақ халқының даналық тұжырымдары ұрпақ көшінің үзілмеу тілегінен туған.

Екінші бөлім:

Шаттық (ұлттық тағамдардың суреттері бойынша): Мынау наурыз көже.Оған жеті түрлі дәм қосылады.Олар:сүр ет,тұз,су,кеспе,бидай,күріш,ағарған құйып дайындалады.Наурыз көжені негізінде әркім өз қалауынша дайындайды.Ал,жеті шелпекті (кей өңірлерде жеті нан деп те айтады)үлкендер қорқынышты түс көрсе,бір нәрседен қауіптенсе пісіріп,жеті үйге таратады.Таратып болған соң «ата-бабаларға тие берсін» деп ауыз тиіп,аруақтарға арнап бата оқиды.

Тәрбие сағатының үшінші бөлімі бойынша ортаға жеті оқушы шығып,сұрақтарға жауап береді.

1.Әр адам өзі туралы өсек айтқанда не істеу керек?

(Хадисте былай делінген «Әрбір адам өзі туралы өсек тараған кезде бейтарап бола білсе,яғни өсектен сақтана білсе,онда ол адам екі дүниеде де жақсылық иесі болады» делінген).

2.Дүниеде не ащы?

(жоқтық)

3.Дүниедегі қатты не?

(байлық)

4.Дүниенің кеңдігі неде?

(патшаның әділдігі,ғалымдардың ғылымы,байлардың қайырымдылығы)

5.Адамды сәтсіздікке ұшырататын жеті түрлі себепті ата.

(күдік,сиқырлану,тойымсыз нәпсі,өсімқорлық,жетімнің ақысын жеу,жаумен шайқаста тайсақтап қашу,ерлі-зайыптыларды орынсыз сөгу).

6.Ниеті жаман адамды қалай білуге болады?

(өтірік айту,уәдесінде тұрмау,аманатқа қиянат жасау).

7.Тоймайтын нәрселер не?

(көз-қараудан,от-отынға,бай-малдан,адам-өмірінен)

Төртінші бөлімде: 7 оқушы «7» саны туралы не білетіндері туралы ойларын ортаға салып,ойларымен бөліседі.

Бесінші бөлімде:Жеті мақалшы жеті тақырыпта мақал-мәтел айтады.

Алтыншы бөлімде: Балалардан жеті атасы сұралады.

Жетінші бөлімде:Ортаға жеті оқушы шығып,жеті сауалға жауап береді.

1.Жеті ғалам деген не?

2.Жеті қат көк дегеніміз не?

3.Жеті күнді ата

4.Жеті ата қалай аталады?

5.Жеті жоқты ата

6.Жеті жұтқа не жатады?

7.Жеті қазынаны ата

Қорытынды: Халқымыздың салт-дәстүрі,ырымдары,наным-түсініктері ғажап және олар өте көп.Оны бойымызға сіңіріп,ұмытпау бізге- мұрат.Аталар айтқан асыл сөз,аталар ұстанған дәстүр де жалғасын таба бермек.Олар үшін біз жауаптымыз.Сондықтан ата-бабамыз киелі тұтқан,қастерлеген әрбір нәрсе біз үшін де қадірлі болмақ.

Ән: «Қазақы дастарханым» орындайтын:Сәңкібаева Динара



«Абай атындағы орта мектебі» ММ



Т ә р б и е с а ғ а т ы

Тақырыбы: Тыйым сөздер-ұлттық тәрбие бастауы

Сыныбы: 9 «А»

Сынып жетекшісі: К.Мусаева







2014-2015 оқу жылы



© 2010-2022