Сабақ жоспары: Тың көтеру (5-сынып)

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пән:Қазақстан тарихын әңгімелер

Сынып:5

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Тың көтеру.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға тың және тыңайған жерлерді игеру, оның негізгі ерекшіліктері жайында білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу қабілеттерін, өздігімен ой қорыту дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің тарихына құрметпен қарауға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, мағынаны табу, кесте толтыру, тест

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кестелер,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Әлия Молдағұлова қандай ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алды?

  2. М. Мәметова қай қала үшін болған шайқаста ерлікпен қаза тапты?

  3. Б. Момышұлының қандай кітаптарын білесіңдер?

  4. Соғыс қандай зардаптар әкелді?

Тест.

  1. Алматы қаласында құрылған 316-атқыштар дивизиясын басқарған генералмайор кім?

А) В. Г. Клочков; Ә) И. В. Панфилов; Б) К. А. Семенченко.

  1. «Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Мәскеу» деген жалынды сөздердің авторы кім?

А) В. Г. Клочков; Ә) И. В. Панфилов; Б) К. А. Семенченко.

  1. 1941 жылы 26 маусымда өз ұшағын жау танкілеріне бағыттап, ерліктің жарқын үлгісін көрсеткен қазақ ұшқышы кім?

А) М. Ғабдуллин; Ә) Т. Тоқтаров; Б) Б. Бейсекбаев.

  1. Ленинград қаласы неше күн жау қоршауында болды?

А) 900 күн; Ә) 894 күн; Б) 365 күн.

  1. Жау пулеметін кеудесімен жапқан қазақ батыры кім?

А) Қ. Сыпатаев; Ә) Р. Елебаев; Б) С. Баймағамбетов.

  1. Әлия Молдағұлова соғыста кім болды?

А) пулеметші; Ә) мерген; Б) ұшқыш.

  1. Мәншүк Мәметова қай қаланы қорғауда ерлікпен қаза тапты?

А) Мәскеу; Ә) Невель; Б) Сталинград.

  1. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандық ұшқыш кім?

А) С. Луганский; Ә) И. Павлов; Б) Т. Бигельдинов.

  1. Кеңес Одағының Батыры атағын алған алғаш қазақстандық кім?

А) Қ. Қамзин; Ә) К. Семенченко; Б) И. Кривенко.

  1. Кеңес Одағының Батыры атағын алған ең жас қазақстандық кім?

А) Р. Амангелдиев; Ә) Т. Тоқтаров; Б) Ж. Елеусізов.

  1. Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры кім?

А) Р. Қошқарбаев; Ә) Т. Бигелдинов; Б) Б. Бейсекбаев.

  1. Екінші дүниежүзілік соғыс қашан аяқталды?

А) 1945 жылы 5сәуір; Ә) 1945 жылы 2 қыркүйек; Б) 1945 жылы 7 шілде.

  1. Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО қанша азаматынан айырылды?

А) 27 млн.; Ә) 18 млн.; Б) 21 млн..

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Датамен жұмыс.

1954 жыл ақпан-наурыз пленумы - «Тың және тыңайған жерлерді игеру» жоспары

Сызбаны толтыру.





«Иә немесе Жоқ». Өзін-өзі тексеру.

Иә Жоқ

Кестені толтыру.

Рефлексия.

Үй тапсырмасы: § 52 (мазмұндау)



© 2010-2022