Көшпелі мал шаруашылығы-тіршіліктің қайнар көзі

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Көшпелі мал шаруашылығы-тіршіліктің қайнар көзі

Сабақтың мақсаты:

  • Көшпелілер өмірі, шаруашылығы,малының түрлері, отырықшылық пен көшпеліліктің айырмашылығы тақырыптарында түсіндіре отырып, шаруашылыққа бейім, еңбекқұмар, отансүйгіш азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: сызба, суреттер,т.б.

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды?

  2. Көшпелі мал шаруашылығының шығу себебі туралы әңгімеле

  3. Беғазы-Дәндібай мәдениетін Андрон мәдениетімен салыстыр

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Көшпелі мал шаруашылығы

  • Табиғатта құрғақшылық бет алып, жауын-шашын азайды. Егіншілікпен шұғылдану қиындады.

  • Ат әбзелдерін жетілдіру жылқыны көлік ретінде пайдалануға мүмкіндік берді.

  • Мал басының көбеюі жаңа жайылымдарды қажет етті.

  1. Малдың түрлері

  • Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы-терімшілер сияқты еміс, көшпелілердің өздері өнім өндірді. Малшылар жылқы, түйе, қой мен сиыр ұстады.

  1. Көшпеліліктің бөлінуі

  • Көшпелілер ат әбзелдерін үнемі жетілдіріп отырды. Олар үзеңгіні, ауыздықты, ерді ойлап тапты. Қыштан, шыныдан, металдан жасалған көлемді заттар анағұрлым жұмсақ әрі жеңіл металдармен: былғары, киіз, ағашпен алмастырылды.

  • Табын түрлерінің әр қилылығы өсімдікке байланысты. Мысалы, еліміздің шөлді аудандарында шөптің 288 түрі өседі. Сиыр мен жылқы олардың-109, түйе, 148, қой-167 түрін жейді. Ал 180 түрлі сортаң шөптің қой 132, сиыр 24 түрін ғана жейді

Сабақты бекіту:

  1. Көшпелі мал шаруашылығы қашан пайда болды?

  2. Көшпелі мал шаруашылығы қалай дамығанын айтып бер

  3. Көшпелі мал шаруашылығының отырықшылықтан айырмашылығы қандай?

Бағалау:

Үйге тапсырма: . Ежелгі Қазақстан тұрғындары неліктен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты? /эссе жазып келу/




© 2010-2022