- Преподавателю
- История
- Сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы. сабақ жоспары 6сынып
Сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы. сабақ жоспары 6сынып
Раздел | История |
Класс | 6 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Хабдуллина М.К. |
Дата | 04.10.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
6-сынып . Ежелгі Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы:§ 12. Сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы.
Сабақтың мақсаты:
-
1.Қазақ халқының ата-тегі болған тайпалар мен ұлыстар туралы айта отырып, Орта Азияны мекендеген сақ тайпаларының шығу тегі, және олардың мекендеген жерлері туралы толық түсінік беру.
-
2.Оқушылардың белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру
-
3.Оқушыларды Отансүйгіштік рухта тәрбиелей отырып, мәдениетті, иманды азамат қалыптастыру
Сабақтың түрі: Аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, тірек сызба, домбыра, суреттер, нақыл сөздер.
Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Қорытындылау,бағалау
VI Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
-
Сәлемдесу, әнұран орындау.
-
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Өткен тоқсанға шолу:
-
Қазақстан тарихы 4-ке бөлінеді
-
Соның ішінді ежелгі Қазақстан да 4-ке бөлінеді
-
тас дәуірі
-
мыс діуірі
-
қола дәуірі
-
темір дәуірі
-
Адамзат баласының металлдан жасалған құралды игере бастауы қай дәуірден басталады-энеолит-мыстытас
-
Темір дәуірі деп аталу себебі-еңбек құралдары темірден жасалды
-
Темір дәуірінің ерекшеліктері
а)шаруашылық құралдардың темірден жасалынуы
б) ірі тайпалардың тайпалық одақтарға бірігуі
в) көшпелі мал шаруашылығы мен жыртпалы егіншіліктің шығуы
г) алғашқы мемлекеттердің қалыптаса бастауы
Жаңа сабақ: «Өзіңнің ұлтыңды танып алмасаң, сен басқа ұлттың кім екенін еш уақытта біле алмайсың»-деп М.Арын ағамыз айтқандай Қазақ халқының ата-тегі болған сақ тайпасының тарихын, мекендеген орнын, қоғамдық құрылысын, шаруашылығын, тұрмысын, мәдениетін,білу мақсатында өтетін ашық сабақ тақырыбы: Сақтар.
Тақырып бес бөлікке бөлінген.
-
Сақтардың тарихы, мекендеген орны.
-
Тұрмысы , шаруашылығы.
-
Қоғамдық құрылысы.
-
Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі
-
Мәдениеті мен өнері.
Жаңа сабақтың жоспары:
-
Сақ тайпаларының шығу тарихы.
-
Сақтардың тайпалық құрамы мен орналасуы.
Қазақ халқының ата-тегі болған тайпалар мен ұлыстардың ежелгі заман деректерінде аты әйгілі болғандары; сақ, үйсін, қаңлы, сармат, ғұн тайпалары
-
Қазақ тарихын зерттеген ғалымдар қазақ халқының арғы тегі ерте заманда Орта Азияны мекен еткен ежелгі сақ тайпаларынан шыққан дейді.
Кесте №1,2.
Сақтардың тайпалық құрамы мен орналасуы: Археологтардың пікірінше сақ тайпалары мен тайпа одақтары мынадай негізгі топтарға бөлінеді:
-
№
Сақ тайпаларының аты
мекендері
1
Парадарайа
(теңіздің арғы жағындағы сақтар)
Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында Сырдария мен Амударияның төменгі ағысы
2
Тиграхауда
(шошақ бөрік киіп жүретін сақтар)
Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шаньда, Жетісуда
3
Хаумаварга
(хаома сусынын дайындайтын сақтар)
Мургаб аңғарында
(Түркіменстан)
Картамен жұмыс жасау:Шошақ бөрікті сақтарға ерекше тоқталу
-Алтын адам, Томирис, Шырақ.туралы қысқаша әңгіме қозғау
Суреттерді сөйлету
Оқушыларға концептуалдық кесте тарату «мекендерін тап»
Сабақты бекіту: «ККК» және Бетпе-бет әдісімен бекітемін
І-Бетпе-беттің сұрақтары
1-оқушы
-
Оқушыны таныстырамын
-
Бүгін қазақ халқының арғы тегі болған Қазақстанды мекендеген тұңғыш тайпалық одақ сақтар туралы ашық сабақ өтілді. Сіз бұл сабақтан қандай мағлұмат алдыңыз?
-
Сақтар қандай тайпа екен?
-
Оларға тән ерекшелік
-
Олардың Қазақстанда өмір сүрген уақыты.
2-оқушыға
-
Сақтар туралы қандай деректерден алынды?
-
Сақ көсемдері туралы тарихшылар не айтады?
-
Әйелдері туралы Ктесий ?
-
Ирандықтар сақтарды қалай атаған?
-
Алтын адам туралы не білесіз?
3-оқушы
-
Сақтарды гректер қалай атаған?
-
Томирис туралы не білесіз?
-
«Авеста» қандай кітап?
-
Сақтар қандай өркениетті елдермен байланыс жасаған?
-
Шошақ бөрікті сақтар Қазақстанның қай жерлерін мекендеген?
ІІ-ККК әдісі бойынша оқушыларды бөлеміз.
Суретшілер
Математиктер
Тарихшылар
Географтар
Археологтар Сарапшы 1 оқушы
Осы маман иелері бүгінгі тақырыпты өз мамандығы бойынша баяндап береді
Сарапшы сараптама жасайды.
Сабақты қорыту:
Ежелгі грек тарихшылары «сақтар батыр, жауынгер, «дұшпанына қатал-досына адал»болған.Олар қастасқан жауын аямаған . Батыр жауынгерлерді құрмет еткен» деген сөзбен қорытамын.
Алдағы сабақтарда-тұрмысы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, мәдениеті, өнері туралы мағлұмат аламыз.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма:
№12 картамен жұмыс. Сақ патшасы Томирис туралы қосымша мағлұмат дайындау.