Тақырыбы: «Әбу Насыр әл-Фараби»

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Благодар орта мектебі

Қазақстан тарихы 5 класс

Тақырыбы: «Әбу Насыр әл-Фараби»



Тақырыбы: «Әбу Насыр әл-Фараби»

Дайындаған: Благодар орта мектебінің тарих пәні мұғалімі:

Тілепова Ләззат Қияқбайқызы.



Ақтөбе 2015 жыл.

Класы: 5 «А»

Күні: 10.12.2015ж.

Пәні: Қазақстан тарихы.

Тақырыбы: §24. Әбу-Насыр әл-Фараби.

Сабақтың мақсаты: Шығыстың ғұлама ғалымы Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылымның, мәдениеттің дамуына қосқан зор үлесін түсіндіре отырып, оқушыларға оның өмірі, шығармалары, тарихта қалдырған өшпес мұралары жөнінде толық мағлұмат беру.

Білімділік: Оқушыларды Әл-Фараби туралы деректермен таныстыру. Әртүрлі әдістерді пайдалана отырып, тапқырлық, ізденімпаздылық қасиеттерге жетелеу. Оқушыларды білімнен хабардар етіп қана қоймай, оларға тың мәліметтер беру арқылы білімдерін кеңейту.

Тәрбиелік: Оқушылардың бойындағы тарих әлеміне деген құштарлығын арттырып, тарихты құрметтеуге, білуге үйрету арқылы белсенділікке, ұйымшылдыққа, білімпаздыққа, жаңашылдыққа, тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыру, өз бетімен әрекеттенуге үйрету, өз көзқарасын қалыптастыруға, ой-өрісін дамытуға талпындыру. Тез ойлауға, есте сақтауға, қосымша ізденуге дағдыландыру арқылы, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың әдісі: Баяндау, топпен жұмыс, сұрақ-жауап

Пән аралық байланыс: Мәдениеттану, әдебиет, география.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың уақыты: 45 мин.

Оқу бөлмесі: 3 кабинет.

Көрнекілікпен жабдықталуы: Мультемедия, тірек схемалары, суреттер, кесте.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру. ә) Кабинет тазалығына назар аудару. б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасы: §23. Ұлы Жібек жолы.

1. тапсырма:

Ұлы Жібек жолы бойындағы әлемдік діндер

2. тапсырма:


Ұлы Жібек жолы



3. тапсырма:



Ұлы Жібек жолының қызмет ете бастауымен пайда болған «әлемнің төрт патшалығын» ата?






4. тапсырма:

1. Ұлы Жібек жолы қай ғасырда қалыптасты? 2. Ұлы Жібек жолы қай елден басталды? 3. Ұлы Жібек жолы арқылы Қазақстанға қандай тауарлар әкелінді? 4. Жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен ел? 5. Жібек жолының арқасында көп елге тараған әлі күнге базарларда сатылып жүрген өнім?

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау:

Сонымен Ұлы Жібек жолы сауданың ғана емес, мәдениеттің, елдер арасындағы саяси-әлеуметтік қатынастардың дамуына да зор үлесін қосты. Ұлы Жібек жолы теңіз жолдарының ашылуына байланысты өз мәнін жойды.

ІV. Жаңа тақырып түсіндіру. §24. Әбу Насыр әл-Фараби.

Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) Түркістан аумағының Фараб аймағына қарасты Отырар қаласында дүниге келген. Әл-Фарабидің толық аты - Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ Тархани.

"Бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады".

Әбу Насыр әл-Фараби

Отырар (Фараб) медресесінде

Шаш (Ташкент)

Самарқан

Хорран

Әбу Насыр әл - Фарабидің Бұхара білім алған жерлері.

Халеб (Алеппо)

Бағдад

Шам (Дамаск)

Мысыр (Кайр)



Әбу Насыр Әл - Фарабидің меңгерген тілдері


Еврей



Әбу Насыр әл - Фарабидің меңгерген ғылыми салалары

Философия

Логика

Этика

Математика

Тіл білімі

Метофизика

Жаратылыстану

География

Медицина

Музыка

Астрономия

Әл-Фараби - дүниеге қөзқарасы жағынан өз заманыңың озық ойлы ғалымы. Өз еңбектерінде адам дүниені және оның мәнін өзінің сана-сезімі, ақыл-ойы арқылы танып біледі деп түсіндірген екен.

Әл-Фараби Аристотельдің еңбектерін зерделей отырып,"Ғылымдардың шығуы", "Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбесі", "Қайырымды қала түрғындарының көзқарастары", "Бақытқа жету", "Ақындықтың мәні туралы" т. б. көптеген философиялық еңбектер жазған. Әл-фараби музыка саласында да "Музыканың ұлы кітабы", "Музыка ғылымы туралы пікірлер" т.б. іргелі еңбектер жазған. Музыкалық аспаптарда шебер ойнай білен. Әйгілі күйші Қорқыттың күйлерін тартып өзі де "Шұбар айғыр" күйін шығарған. "Фу-сул ал-мадани" (Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері) деген соңғы шығармасында ол: адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылыми өркен жайған елде тұруға тиіс дейді.

"Білімді болу деген сөз-белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу... Білімді адам көп нәрсе біледі, қабілеті, дарыны арқылы белгісіз нәрселерді ашады..." деген ұлағатты сөз қалдырған.

Әбу Насыр әл-Фараби

Әл-Фараби 950 жылы 80 жасында Шам шаһарында дүниеден өтеді.

1. Кесте толтыру:



2. Көп нүктенің орынын толтыру:

Әл-Фараби ... жылы ... қаласында дүниеге келді. Әл-Фарабидің толық аты Әбу... Мұхаммед ... Мұхаммед ибн ... Тархани. Ол әртүрлі ғылым салалары бойынша ...-ге тарта еңбек жазды. Музыкалық ... шебер ... білген. Әйгілі күйші ... күйлерін тартып өзі де "... айғыр" күйін шығарған. Аристотельден кейінгі ... ..., данышпан, ұлы ойшыл ... ғалым. Әл-Фараби ... жылы ... жасында ... дүние салды.

3. Топтастыру:


4. Ребусты шешу.

,Тақырыбы: «Әбу Насыр әл-Фараби»,,,,,, ,,Тақырыбы: «Әбу Насыр әл-Фараби»,,,, ,,,Тақырыбы: «Әбу Насыр әл-Фараби»

,,Тақырыбы: «Әбу Насыр әл-Фараби»,, Тақырыбы: «Әбу Насыр әл-Фараби», ,,,,Тақырыбы: «Әбу Насыр әл-Фараби»,,,

V. Сабақты қорытындылау:

Әл-Фараби - өз заманындағы өнер-білімнің ең асылын таңдап ала біліп, өз дәуірінің шынайы энциклопедиясын жасап берді. Оның терең мағыналы пікір айтпаған, жете зер салмаған, данышпандық болжам жасамаған бірде-бір ғылым саласы жоқ десек артық айтқандық емес. Сонымен Әл-Фараби Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орта Азия халықтары мен әлемнің Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, ұлы ойшыл, энциклопедиялық білімі бар ғалымы болып есептелінеді.

VІ. Сабақты бекіту: 1. Әл-Фараби кім? 2. ӘбуНасыр әл-Фараби қай жылдары өмір сүрді? 3. Қандай елдерде болған? 4. Әл-Фараби түрлі ғылым салаларынан қанша еңбек жазды? 5. Неліктен Әл-Фарабиді екінші ұстаз деп атаймыз?

VІІ. Үйге тапсырма беру: §24. Әбу Насыр әл-Фараби. Отырар қаласы жөнінде әңгіме құрастыру.

VІІІ. Оқушыларды бағалау: Сабақ айтқан, сабаққа белсене қатысқан оқушыларды деңгейіне қарай бағалау.



© 2010-2022