Урок по истории на тему Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы 6 класс

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«№20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Куанбаева Гулзира Андировна



Сабақтың тақырыбы:

Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы.

Сабақ мақсаттары:

Оқушылардың үйсіндердің жайлы білімдерін жетілдіру арқылы шаруашылығы мен тұрмысы туралы түсініктерін қалыптастыру. Оларды үйсіндердің шаруашылық түрлерімен таныстыру. Танымдық қызығушылықтарын,бақылай білу,талдау, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.

Сабаққа деген қызығушылығын арттыру, топтық, жұптық жұмыс істеу ережесінің сақталуын өздері қадағалауды дағдыландыру.

Ресурстар:

Интербелсенді тақта, үйсіндердің өмірі туралы суреттер, маркер, флипчарт, түрлі - түсті қарындаштар, видеокамера.



Әдіс-тәсілдер:

Сұхбат, ой қозғау, топтастыру, эссе жазу, оқулықпен жұмыс.

Оқыту нәтижесі:

- Үйсіндердің шаруашылығы, тұрмысы жайлы түсініктері

қалыптасады;

- оқушылардың тіл байлығы дамиды;

- топта пікірталасқа түсуге дағдыланады;

- топтың ойын, идеясын толық жеткізуге машықтанады;



Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың

іс-әрекеті

Психологиялық дайындық

Оқушыларды сабаққа қызығушылығын арттыру.

«Есім-сын есім» өз есімінің алғашқы әріпіне байланысты өзіне мадақ сөз айту.

Оқушыларды жалын, шабыт, талап топтарына мұғалім топтастырады.



Оқушылар өз есіміне байланысты сын есім айтып, өздерін мадақтайды. Көңіл-күйлері жақсарады.

АКТ

Топтарға бөлініп отырады.



Ұйымдастыру кезеңі



Өткен тақырып бойынша сұхбат-сұрақтарын жұп аралық талдау арқылы жаңа тақырыпқа шығу.



Деректерді тыңдайды. Сұрақтарды тыңдап, ой-қозғайды, білімін кеңейтеді.

Жауап берген оқушы білімін жанартады, түсінбеген сұрақтарға жауап алады.

Білу кезеңі



















«Ойлан, жұптас, топтас» тапсырмасы. Топтарға мәтінді бөліп беру.

- 1 топ- мал шаруашылығы.

- 2 топ- егіншілік пен отырықшылық.

- 3 топ - Түрлі кәсіпшілік.

Топпен жұмыс кезінде. Оқушылардың рөлге бөлінгенің, іс - әрекеттерін бақылайды.

Оқушыларды салат әдісі бойынша топтастыру.



Мәліметпен танысып болған соң, топтардан 2 оқушыдан бір-біріне қонаққа барып, өз тақырыбын түсіндіреді, ол қайтып келген соң топтағы балалар оған жаңа мәліметтерді жеткізеді.Таратушы баламен еріп кеткен оқушы, оның әрекетін бақылайды, бағалайды.Және оның ойын бөлмей көмектесуге болады. Қайтып келген соң бақылаушы топтағы балалардың таратушыға мәлімет беруін бақылап. бағалайды.



Түсіну жаңа материалмен жұмыс



Оқушылар өз жұмыс топтарында алған білімдерін постерға түсіру.

Топ ішінен бақылаушы таймпикер сайлау.



Топтар тапсырмаларын дайындайды.

Бақылаушы-таймпикер оқушыларды бақылап, бағалайды.

Қолдану

Топтар тапсырмаларын «Галерея» әдісімен қорғайды.

Қонаққа келгендер сұрақтар қояды. Бақылаушы - таймпикерлер бағалайды.

Талдау





Әр топқа жаңа тақырып бойынша 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын дайындау. Бұл тест тапсырмасы келесі сабақта үй тапсырмасын тексеру үшін қолданылады.

Оқушылар тест тапсырмаларын құрастырады.



Жинақтау

(синтездеу)



Әр оқушы бүгінгі сабақ бойынша 2 жұлдыз, 1 ұсыныс әдісімен қорытындылайды..



Оқушылар сабақты қорытындылайды, ұсыныс жасайды.

Бағалау



Бақылаушылар парағы бойынша мұғалім қорытындысы.



Сабақты бағалау. Топтық бағалау.

Рефлексия

Стикерлерді толтыру

Ұсынылған стикерді толтыру



© 2010-2022