План (Өлкетану Таңдау курсы)

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Өлкетану» арнайы курс күнтізбелік жоспары




Түсінік хат

«Өлкетану» бағдарламасының негізгі мақсаты өз жеріміздегі табиғи байлық туралы толық, зерделенген білім алу. Біздің Құмжарған ауылы Мұғалжар ауданының Ембі қаласынан 35 шақырым батысқа қарай орналасқан. Ауылымыздың табиғаты құрғақшылық, мал шаруашылығымен айналысады. Өңіріміз айнала табиғи байлыққа толы. Атап айтсақ, тізбектеліп жатқан Мұғалжар таулары, сол таудың баурайына орналасқан Мұғалжар қиыршық тас зауыты, оңтүстік батысызда Әлібекмола, қарауылтөбе өңірінде Жаңа жол мұнайы, батысымызда тарихи ескі қорымдар, шығысымызда Алтынды кеніш орны орналасқан. Осы аталған жерлерден табиғат байлығы туралы көп мәлімет алуға жетелейді. Осы жерлерден өндіріліп жатқан қиыршық тас, мұнай, алтын, Қазақстан , ТМД елдеріне белгілі және маңызы зор. Сондықтан оқушыларымыздың табиғи байлықтарымыз туралы кеңінен мәлімет алуының мәні бар. Мектебімізде тарихи мұражай ашылып, оған ескі, бұрынғы заттардың қойылуымен қатар, айтылған жерлердің өнімдерінен қойылды, ескі қорымдардан көне жазулары бар тастар т.б орын алды. Мүмкіндігімізге қарай осы жерлерді көзбен қарап, саралау үшін оқушыларымызбен экскурсия ұйымдастырылып тұрады. Қазақстан территориясы, табиғат байлығы т.б. мәліметтерді тарих пәнінен білуімізбен қатар өз жеріміздің тарихынан терең ұғым, білік алу үшін осы бағдарлама құрылды және үш-төрт жылдан бері пайдаланылып келеді.





Күтілетін нәтиже

  • Бағдарламада берілген материалды тиянақты машықтанады;

  • Өздігінен білім алуға үйренуі;

  • Сабақ барысында кітапты тиімді пайдалана білуі;

  • Кім көп біледі ойынын ойната отырып, оқушылар шапшаңдыққа үйренеді;

  • Мәнжазба, реферат жаздыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге, ізденісті жол ашу;

  • Түрлі тірек-сызбалар, түрлі танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың тарихи танымын кеңейту;

  • Өткен және қазіргі оқиғалармен салыстыра білуге үйрету;

  • Картамен жұмыс жасауға,өз бетінше қорытынды жасауға, ізденіске дағдыландыру ойлау қабілеттерін дамытады.







Пайдаланылған әдебиеттер

  1. «Қазақстан тарихы». Алматы «Мектеп» 2012 жыл

  2. «Қазақстан тарихы» әдістемелік журнал

  3. «Ақтөбе» энциклопедиясы

  4. «Жалын» журалы

  5. І.Есенберлин. Көшпенділер Алматы, Атамұра, 2010 жыл











Мақсаты

Ақтөбе облысының тарихи географиялық сипаттамасы және ескерткіштер, өз облысының тарихы, ауылдың елжанды азаматтары,өнер ордасы, тыл еңбеккерлері туралы мәлімет жинау. Мұғалжар ауданынан шыққан қайраткерлер, Бірлік ауылының белгілі адамдары, өлкенің дамуына үлес қосқан адамдары және өлке аумағында өмір сүретін басқа ұлт өкілдерінің салт- дәстүрлері, әдет-ғұрыптары туралы түсіндіру.

Міндеті

  1. Өлкетану пәніне қызығушылығын арттыру.

  2. Оқушылардың тарихи, сыни көзқарастарын қалыптастыру.

  3. Қосымша деректер пайдалана отырып, оқушылардың ой-өрісін дамыту.

  4. Тарихи танымын кеңейту

  5. Мәнжазба, реферат дайындау арқылы ізденімпаздыққа, шығармашылыққа үйрету.

  6. Өз қиялымен сурет салуға, өлең құрастыруға, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.

  7. Оқушыларды ел өміріндегі құбылыстарға талдау жасай білуге, өз көзқарастарымен пікірін дұрыс жеткізе алуға, ел қадірін, өзінің туған жерін сүюге , мәдениет тақырыбын түсіндіру барысында оқушыларды мәдениеттілікке, отансүйгіштілікке, ұлтжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.

© 2010-2022