Қазақ хандығының құрылуы

Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуыМақсаты:Қазақ хандығының құрылуы,тарихи маңызы,этникалық құрамы,көрші елдермен қарым-қатынасы туралы мағлұмат беру. Оқушыларды тарихи оқиғаларды оқып-үйренуге,қорытынды жасау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту,алған білімдерін одан әрі тереңдету. Еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға,елін,жерін сүюге,қорғауға баулу.Көрнекілігі: Слайдтар,Қазақ хандығының құрылуы туралы бейнетаспа,үлестірмелерӘдісі: Ауызша баяндау,сұрақ-жауап,топпен жұмысТүрі: АраласЖүрісі: 1.ұ...
Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы,Бейнеу ауданы,«Абай атындағы орта мектебі» ММ тарих пәні мұғалімі К.Мусаева

Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы

Мақсаты:

Қазақ хандығының құрылуы,тарихи маңызы,этникалық құрамы,көрші елдермен қарым-қатынасы туралы мағлұмат беру.

Оқушыларды тарихи оқиғаларды оқып-үйренуге,қорытынды жасау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту,алған білімдерін одан әрі тереңдету.

Еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға,елін,жерін сүюге,қорғауға баулу.

Көрнекілігі: Слайдтар,Қазақ хандығының құрылуы туралы бейнетаспа,үлестірмелер

Әдісі: Ауызша баяндау,сұрақ-жауап,топпен жұмыс

Түрі: Аралас

Жүрісі: 1.ұйымдастыру бөлімі

Сынып «Керей»,«Жәнібек»,«Қазақ хандығы» болып 3 топқа бөлінеді.

2.Үй тапсырмасын үлестірмелер арқылы сұрау.

3.Керей мен Жәнібек сұлтандардың халықпен ақылдасуы атты қөрініс (Мұхаммедрасулах, Нұрсұлтан,Жалғас)

4.Бейнетаспа

5.Жаңа сабақты меңгерту

Жоспар:

1.Қазақ хандығының негізін салушылар

2.Этникалық құрамы мен аумағы

3. Көршілес елдермен байланыс

Қазақ хандығының іргесін нығайтып, оның күщ-қуатын арттыру, оны дербес мемлекетке айналдыру билеуші топтардың мүддесіне сай келді. Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы тайпалардың басым көпшілігі xv ғасырдың 40-50 жылдардың өзіңде-ақ Керей мен Жәнібектің төңірегіне топтасқан еді.

Керей мен Жәнібектің Жетісуға келуін тарихшы М.Х.Дулати 1465-1466 жылдар деп жазады. Сұлтандар Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып, 1465-1466 жылдары Қозыбасыда Қазақ хандығын құрды.

Хандықтың алғашқы алып жатқан жері Қозыбасы мен Шу аумағы болған.

XIV-XV ғасырларда Қазақстан жерін мекендейтін қазақ тайпалары Ертістен Жайыққа,Алтайдан Каспий мен Аралға дейінгі кең-байтақ даланы қоныстанған еді.Қазақ даласының негізгі тұрғындары үйсін,қыпшақ,маңғыт,керей,т.б тайпалар болды.Бұл тайпалар экономикалық,әлеуметтік-мәдени жағынан бір-біріне толық сай келген этникалық топтар еді.

Қазақ хандығының алғаш қарым-қатынас жасаған елі Моғол хандығы болды.Қырғыздармен де тату-тәтті қатынас жасады.

Сергіту сәті: «ия» немесе «жоқ»

Қазақ жерін мекендеген ру-тайпалардың этникалық,саяси жағынан топтасуы күшейе түсті. Ия.

Қазақ хандығының алғаш тағына отырған Жәнібек хан. Жоқ.

«Тарихи домино» ойыны (сөздерді ретімен қою).

Бекіту сұрақтары:

1.Сұлтандардың Жетісуға қарай көшудегі мақсаты неде?

2.Хандықтың этникалық құрамы қандай ру-тайпалардан тұрды?

3.Қазақ хандығының алғаш қарым-қатынас жасаған елі?

6.Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу және тәуелсіз Қазақстан қазіргі кезде дүниежүзі елдерімен байланысы атты шағын шығарма жазу.

7.Бағалау.



© 2010-2022