Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым »

Мақсаты: Оқушылардың өздерінің туған жеріне деген махаббатын ояту, өз елінің патриоты болуға, ел егемендігін сақтай білуге, елінің кірпіші болып қалануға баулу.Өз елінің бүкіл әлемдік деңгейдегі мемлекет болып шығуына өз үлесін қосу.

Тәрбиелік мәні:

  • Айналада болып жатқан оқиға, дүрбелең оқиғаларға сақ бола отырып, ел іргесінің шайқалмауына қырағы болу;

  • Елінің саяси оқиғаларына байланысты заң құжаттарымен таныс болу;

  • Тарих толқынындағы танымал азаматтарды тану, мақтан тұту;


  1. жүргізуші: Армысыздар, бұл кештің қонақтары

Халқымның әрқашанда қонақ - бағы

«Отаным - алтын бесік» атты кешті

Таразылап тарихпен, сарапталық.

  1. жүргізуші: Сәлем бердік, кешіміздің көрермені

Қазақтың, ол анық қой, өнер - кені

Тарихи кешімізге қош келдіңіз,

Алдарыңда болашақ өрендері.

  1. жүргізуші: Отан - тарих, Отан - тіл,

Жасаған елім, өз - халқым,

Отан - өлең, Отан - жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

  1. жүргізуші: Құтты шаңырақ, Отанда

Білім алған батамда

Осы тілді сөйлеген,

Бабам менен атамда.

  1. жүргізуші: Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған және тарихы солармен тағдырлас Қазақ даласы, Қазақ жері, Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңші!

  2. жүргізуші: Осындай ауыр кезеңде қазақ хандығының құрылуы, оның негізін қалаған және кейіннен ел басқарған атақты хандар жайлы XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясы да мәлімет бере алады.

  1. жүргізуші: Тарихи санамыз мұнымен шектелмей, тереңге, ғасырлар қойнауына қарай бет бұрып, қасиетті қазақ жерінің Ресей империясының құзырына қарауы, отарлау саясатының жүргізілуі халқымыздың және оның жекелеген батыр ұлдарының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдан аса уақыт жүргізген ерлік күресі жөніндегі тарихи білімдерге сусындауда.

  2. жүргізуші: Менің бабам күйдірген қар аптабы

Көшіп- қонып, ұрпағы тұрақтады

Біздің тарих- бұл да бір қалың тарих

Оқулығы жұп- жұқа бірақ- тағы .

  1. жүргізуші: Ұлт тәуелсіздігінің күмбезіне көк тудың тігілуі - ұлы бабалар Абылай хан, әз Тәуке, ер Есім, Кенесары хандар іргетасын қалаған ұлағатты істің жалғасыXVII- ғасырдан XX ғасыр соңына дейін созылып, енді шешімін тапқан ұлы мұраттың іргесін бекіткені деп білеміз.

  2. жүргізуші: Сол бір қиын -қыстау кезеңдерде ата -бабамыз Отанын сақтандырды, елін, жерін, сатқан опасыздардан ешқашан кешірген емес.Өйткені, Отанды, ата-мекенді сүю - бәрінен биік тұратын қасиет.

XX- ғасырда патша өкіметінің озбыр саясаты елімізге қанды шеңгелін сала бастағанда Махамбет, Исатай сынды батырларымыз азаттық үшін алысып қаза тапты.

  1. жүргізуші:Иә, Махамбет- қазақ халқының азаттығы, теңдігі жолында ақ найзасымен де азаткер асқан жырымен де қасық қаны қалғанша күрескен, тіпті сол жолда құрбан болған,әрі батыр, әрі ақын.

1931-33 жылдарындағы ашаршылық және оның халқымызға тигізген орасан зор апаты.XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық интелегенциясының жетекшілері, олардың қоғамдық- саяси қызметтері.Алаш Орда үкіметі туралы ақиқаттар айтылып, санамызға сіңе бастады.

2- жүргізуші: XVIII ғасырдағы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама заманы» еліміз үшін өте ауыр кезең болды. «Жау жеңетін жігітті жарағынан танимын.Дау жеңетін жігітті талабынан танимын» дегендей, талаптанып, аттастырмас ақылмен қара қылды қақ жаратын әділдік пен береке ұйытар бірлікке шақырған Төле, Қазыбек, Әйтеке билеріміздің орны ерекше.

1- жүргізуші: Ақыры осындай қиын- қыстаулардан аман- есен өткен қазақ елінің қуанышты күнге де қолы жетті.Бостандық, теңдіктің туы көгімізде желбірейді.

2- жүргізуші: Тәуелсіздік деген тәтті сөз емес. Ол- сайда, әр абақтының қуысында домалап қалған қазақтың басы, алаш деп түнімен дөңбекшіген бабаларымыздың,ағаларымыздың әлде өкініштен, әлде өзекті өртеген намыстан былайғы жақын- жұрағатына көрсетпей, бармағын тістелеп отырып, жанарына үйірген көз жасы.

1991 жылы - қазақ елі үшін қуаныш жылы. Қазақ елі - ежелден еркіндікті аңсаған ел. Өз алдына дербес мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы еді.Бұдан былай біздің республикамыз- тәуелсіз, демократиялық мемлекет.

1- оқушы:

1991 ж. 1 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның тұңғыш Президенті болып сайланды.

1991 ж. 16 желтоқсанда ҚР- ның Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

1991 ж. 2 қазанда тұңғыш рет қазақ азаматы Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1992 ж. 2 наурызда Қазақстан БҰҰ- ға кірді.

1992 ж.4 маусымда республиканың жаңа мемлекеттік Туымен,Елтаңбасы бекітілді,желтоқсанда Әнұранның жаңа мәтіні қабылданды.

1993 ж. 28 қаңтарда тұңғыш Конституция,1995 жылы 30 тамызда екінші Конституция қабылданды.

1997 ж. 20 қазанда Ақмола жаңа астана болып жарияланды.

2- оқушы: Одан бергі жылдар ҚР Президентінің Жарлығымен мынадай атауларға ие болды:

- 1997ж. Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу жылы.

- 1998ж. Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы.

- 1999ж. Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.

- 2000ж. Мәдениетті қолдау жылы.

- 2001ж. Тәуелсіздіктің 10 жылдығы.

- 2002ж. Денсаулық сақтау жылы.

- 2003ж. Ауылды қолдау жылы.

- 2004ж. Қазақстандағы Ресей жылы.т.б.

- 2011ж. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы.

3- оқушы: Қазақстан жер көлемі - 2 млн.700 мың шаршы км.Халқы 17 млн-ға жуық.131 ұлт өкілдері тату- тәтті өмір сүруге ҚР 14 әкімшілік территориялық облысқа бөлінеді.

1- жүргізуші: Көк байрағым желбіресін көгімде,

Әнұраным әуелесін елімде,

Елтаңбамыз нышаны боп елдіктің,

Тұрса артық не арман бар өмірде.

  1. оқушы: - Біз тарих пен тағдырдың бұралаң көп жылдары мен ғасырларға созылған ұзақ уақыттағы қиыншылықтарды басымыздан өткізіп келген қазақ еліміз.

  2. оқушы: - Бүгін тәуелсіздікке қол жеткен егеменді елміз.

  3. оқушы: - Ата- бабаларымыздың ұрпағын, елім, жерім,Отаным деп кеткен арманына қол жеткізіп отырмыз.Тәуелсіздік дегеннің мәніненді түсініп келеміз.

  1. жүргізуші: Мен - қазақпын, биікпін,байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге, қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді,айта бергім.

Оқушылардың Отан туралы өз ойларын тыңдау.

Қорытынды.

Үйге тапсырма : Отаным - өз үйім тақырыбында эссе жазу.


© 2010-2022