Архитектуралық ескерткіштер Қысқа мерзімді сабақ жоспары 5 сынып

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

зПәні: Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сыныбы: 5- сынып

Пән мұғалімі: Суатова Фарида

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: §18 Архитектуралық ескерткіштер

Мақсаты: «Сәулет өнері» ұғымына түсінік бере отырып, Қазақстан жеріндегі ежелгі құрылыстар мен орта ғасырлардағы ескерткіштердің ерекшеліктері мен құрылыстардың салынуына әсер еткен жағдайлардың себебін ашу. Тарихи-мәдени ескерткіштердің өзіндік құрылыс ерекшеліктеріне тоқталу. Алтын Орда заманында қазақ жерінде тұрғызылған ескерткіштің бірі- Сарайшық қаласының тарихы туралы қосымша білімді игерту. X-XII ғасырларда салынған Қызылқоға ауданындағы Сағыз округі Сағыз өзеніне салынған Таскешу көпірі мен керуен сарайының табылу тарихының мәліметтерімен таныстыру.

Күтілетін нәтиже:

Өз көзқарасын дәлелдей алады.

Шығармашылық дағдылары қалыптасады.

Жеке және жұптық жұмыстар жасай алады.

Тарихи-мәдени ескерткіштердің материалдық құндылықтарын түсінеді.

Өлкетану деректеріне деген құрметі қалыптасады.

Сыни тұрғыдан ойлана алады.

Жетістік критерийлері (оқушы):

Суретті әңгімелей аламын

Тақырыпқа сәйкес қосымша әдебиеттердегі мәліметтерді талдай аламын.

Тест үлгілерін құра аламын.

Қазақстан жеріндегі сәулет өнері ескерткіштерінің салыну кезеңі мен тарихын айта аламын.

Дереккөздер: Ғаламтор материалдары

Ә. Нысанбаев «Қазақстан» Ұлттық энцклопедиясы - Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998

Ө.Әлімгереев «Сарайшық»

Х.Ермұханова «Қазақстан тарихы» Шың-кітап А.2009-2010 жыл

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың әдісі: Аралас (Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, кестені толтыру, сәйкестендіру кестесі. «Менің жұлдызды сәтім», Түйін сөздер)

Сабақтың идеясы : «Тарихи мұралар- адам ақыл-ойының жемісі»

Модуль: Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу

Технология: Сын тұрғысынан ойлау

Көрнекілігі: Презентация

Ресурстар: АКТ, А3 форматы, түрлі түсті конфеттер,смайлик,стикер, маркерлер

Кейінгі оқу: §18 Архитектуралық ескерткіштер

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, өлкетану

Ұйымдастыру- (Сабаққа қатысты қадағалау, түрлі түсті стикерлерді өздеріне таңдату арқылы топқа бөліну, бағалау критерийлерін топ басшысына үлестіру, сергіту сәтін орындайды) - 2 минут

«Қораптағы сұрақтар» 8- минут (Үй тапсырмасы пысықталады)

1.Ұлттық құндылықтар дегеніміз не?

2.Мәдениет қандай ұғым?

3.Мәдениеттің түрлерін атап беріңдер?

4. Көшпелі қазақ халқының негізгі баспанасын атап беріңдер?

5 Сән-салтанатына қарай киіз үй нешеге бөлінеді? .

6. Киіз үй неше бөліктен тұрады?

7. Қолмен ұстап, көзбен көруге болатын дүниелерді қандай мәдениет үлгілері деп атаймыз?

8.Қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, тек санамен, түйсікпен қабылданатын мәдениет жетістіктерін қандай мәдениет түрі деп атаймыэ?

9. Мал терісінен жасалған қажетті бұйымдарды ата?

10. Қазақтың киім-кешектерін атаңдар?

11. Шаңырақтан кейінгі қазақтардың ерекше қастерлейтін киіз үйінің бөлшегі қалай аталады? Осы бөлшекке байланысты қазақтың тыйым сөзі бар?

12. Жас шаңырақ құрған отбасыларға арналып айтылатын бата-тілектерді айтып беріңдер?

13. .Киіз үйдің сыртынан жабылатын киіздерді атаңдар?

Венн жүйесі

МәдениетМәдениет- белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы.

«Маданият» қала, қалалық.

«Жерді өңдеу», егу.

«Білім беру, даму, қабілеттілік, құрметтеу, сыйлау, тәрбие».

Адамдық мәдениеттің белгіпі бір саласының жетілу деңгейі. (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті).

Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті болмайтыны ақиқат.

Халықтың әдет-ғұрпы, салт-санасы, ауыз әдебиеті, аңыз, қиял-ғажайып әңгімелері, діни-наным сенімдері

Ашық сұрақ: Кейде материалдық мәдениет үлгілері рухани мәдениет үлгісі болып та табылады? Дәлелдеңдер?

Рухани және материалдық мәдениет үлгілерінің арасында тұйык шек жоқ. Мысалы, сәулет өнері ескерткіші, былай карағанда, материалдың мәдениет, ал сол сәулет өнерінен халықтың немесе сәулетшінің дүниетанымы, мәдени дәстүрі көрінеді. Оның үстіне, сәулет өнері ескерткішінен көрермен рухани ләззат алады. Бұл жағынан қарағанда сәулет өнері ескерткіші рухани мәдениет үлгісіне де жатады. Кітапты да солай түсінуге болады: әрі материалдық дүние әрі рухани құндылық.

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Ежелгі құрылыстар

2. Орта ғасырлардағы сәулет ескерткіштері

3. Сарайшық қаласы

4. Өлкеміздегі тамаша жаңалықтар.

Жаңа ақпарат- 7 минут

Қазақстан жеріндегі ежелгі заман құрылыстары Жер бетіне

салынды

Жерді қазып жасаған Жеркепе салынды.

Бұл үйлерді салуға ағаш пен тас пайдаланылған.

Ежелгі дәуірде құрылысқа

Шикі кірпіш пен шым пайдаланылған.

Қола дәуіріндегі Түгіскен кесенесі күйдірілмеген кірпіштен салынған.

Көшпелі мал шаруашылығының дамуына байланысты киіз үй пайда болды. Киіз үйдің алғашқы нұсқасы қола дәуірінде жасалды.Осы дәуірде қазақстан жерін мекендеген арий, тур тайпалары киіз үйге ұқсас дөңгелек үйде тұрған. Тұрғын үйдің көне үлгісінің бірі-күймелі арба немесе үстіне киіз үй орнатылған арба болды.

Орта ғасырларда қазақ жерінде құрылыстың көп салынуына негіз болған факторлар

Мемлекеттің қалыптасуы шаруашылықтың өркендеуі

Сәулет өнері -құрылыс, тұрғын үй салу, жобалау, салу.

Пантеон- грек тілінен аударғанда құдайлар мекені деген мағынаны білдіреді.

Қазақ жеріндегі сәулет өнерінің тарихы

Беғазы-Дәндібай, Түгіскен қоныстары мен қорымдарынан басталады.

Сәулет өнерінің жарқын туындылары ғұн заманында дүниеге келді. Олардың ішіндегі ең айшықтылары-«Дың» аталатын құрылыстар. Дың ескеркіштері киіз үйге ұқсас етіліп, орта ғасырларда қаза болған адамды жерлеген жерге тұрғызылған. Мысалы «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Домбауыл». Қазақтар мұндай ескерткіштерді кейде үйтас деп те атайды.


Орта ғасырларда Қазақстан жерінде көп салынған құрылыстар

Хан сарайлары Монша

Мешіт Кесене Керуен сарайлары Шығыс моншалары

Орта ғасырлардағы Қазақстан жерінде Тараз қаласынан екі монша табылған.

ескерткіш құрылыстар Айша бибі кесенесі

атақты адамдарға арналып

ерекше үлгіде салынған. Қарахан

Жошы хан күмбезі

Қожа Ахмет Йассауи

Берілген жаңа білімді пысықтау.

Артық болмас білгенің

Ұлы Жібек жолының Қызылқоға өңіріндегі тарихы


Сағыз өзеніне салынған Таскешу көпірі мен керуен сарайы

Қазңргі кезде бұл жерде құрылыстың қирандысы ғана қалған.Ол Атырау облысы, Қызылқоға ауданы шекарасында Сағыз округі Кенбай елді мекенінің солтүстік шығысында.

Таскешу керуен сарайын алғаш зерттеген Әлкей Марғұлан 1950 жылы Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы оның суретін, жобасын алды. Оны Сағыз өзенінің сол жағында, қыш кірпіштен салынған

деп көрсетті.

Керуен сарай Сағыз өзенінен солтүстікте 150 метр жерде орналасқан.

1973 жылы Керуен сарай мен көпірін М.Меңдіқұлов зерттеген.

Сарай орнынан қыш ыдыстар, 2 мыс тиын,тас диірмен, мөлдір моншақтар табылған

Көпірдің салынған уақыты X-XII ғ аралығы болу керек

Таскешу көпірі туралы деректер жоқ, тек аңыздар ғана жеткен

Топтық жұмыстар- 10 минут

1-топ

Ежелгі құрылыстар

2-топ

Орта ғасырлардағы сәулет ескерткіштері

3-топ

Сарайшық қаласы

4-топ

Қожа Ахмет Йассауи кесенесі

Жеке және жұптық жұмыстар

Кестені толтырыңдар Сәулет ескерткіштеріАлаша хан күмбезі (кесенесі)

Қазақ хандығының тұсында көтерілген зәулім ескерткіш. Аңыз бойынша Қасым хан салғызған. Кесененің сырты қазақтың кесте оюына толы, ішінде жоғарыға көтерілетін саты бар.Қарахан немесе оғыз-қыпшақ заманында XIV-XV ғасырларда сахаралық сәулет өнерінің үлгісінде салынған. Қарағанды облысы, Қаракеңгір өзенінің оң жағасында орналасқан.

Қожа Ахмет Йассауи кесенесі

Түркістан қаласындағы ислам дінінің ғұламасы, сопы Қожа Ахмет Йассауиге арнап тұрғызылған кесене. «Әзірет сұлтан» аталатын бұл құрылыс ортағасырлық сәулет өнерінің сирек кездесетін ескерткіші. 1396-1404 жылдары салынған. Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған. Құрылыстың биіктігі- 37,5 метр. 35 бөлмеден тұрады. Тайқазан, кітапхана бар.

Жошы хан күмбезі

Жезқазған қаласынан 40 шақырымдай жерде Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан. XIII ғасырда салынған күмбез күйдірілген кірпіштен қаланған.

Айша бибі кесенесі

XI-XII ғасырларда ірге көтерген ғимарат қазіргі Тараз қаласынан 18 шақырым жерде. Кесененің сырты түгелдей ою-өрнекпен әшекейленген. Кесене бір кездері қатты бүлінгендіктен, көптеген бөлігі сақталмаған.

Қарахан кесенесі

Тараз қаласының маңында орналасқан. Сырты кірпіштен қаланып әшекейленген. XX ғасырдың басында қайта қалпына келтірілген.

Жеке жұмыстар

Анықтамасын жазыңдар

«Пантеон» - «Құдайлар мекені» деген ұғымды білдіреді.

«Сәулет өнері»- «Жобалау, салу» деген мағынаны білдіреді

1 -ден 21- ге дейінгі сандарды рим сандарымен таңбала

Сәйкестендіріңдер

Алтын Орда заманында тұрғызылған Аяққамыр

Дамыған орта ғасырлар кезеңінің ескерткіштері Алаша хан кесенесі

Қазақ хандығының тұсында көтерілген Жошы хан

Киіз үйдің алғашқы нұсқасы қалыптасты Түркістанда

Қожа Ахмет Йассауи кесенесі Қола дәуірінде

«Сәулет ескерткіштері туралы қосымша не білесің?» -13 минут

Айша бибі кесенесі

Алаша хан күмбезі

Қарахан кесенесі

Қожа Ахмет Йассауи кесенесі

Жошы хан күмбезі

Картамен жұмыс

Оқушы шығармашылығы

Тарихты жақсы көремін,

Өлкеме бас иемін.

Қойнауы терең құт-мекен,

Тарихтың ізі сайраған. Құлжан Нұрберген

Шығыс пенен Батысты,

Жалғастырған керуен жол.

Мәдениет пен діндердің,

Таралуына себепкер.

Жібек жолы - керуен жол.

Серік Дильназ.

Бастау алып Қытайдан,

Құпиясы сақталған.

Бәсекеге түсіп Соғдылар,

Жібек өндіруді меңгерген.

Жасұлан Айдидар

«Таскешу» керуен-сарайын,

Зерттепті Әлкей Марғұлан.

Тас диірмен, тиын, моншақтар,

Табылған екен өлкемнен. Амангелдіұлы Бейбарыс

Түйін сөздер

Алғашқы адамдар (үңгірлерді, тау қуыстарын баспана ретінде пайдаланды)

Орта ғасырларда қазақ жерінде құрылыстың көп салынуына негіз болған факторлар (Мемлекеттің қалыптасуы, шаруашылықтың өркендеуі)

Орта ғасырларда Қазақстан жерінде көп салынған құрылыстар (Хан сарайлары, Монша, Мешіт, Кесене, Керуен сарайлары)

Қазақ жеріндегі сәулет өнерінің тарихы (Беғазы-Дәндібай, Түгіскен қоныстары мен қорымдарынан басталады)

Сәулет өнерінің жарқын туындылары (ғұн заманында дүниеге келді)

Дың ескеркіштері киіз үйге ұқсас етіліп, орта ғасырларда қаза болған адамды жерлеген жерге тұрғызылған. Мысалы «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Домбауыл». (Қазақтар мұндай ескерткіштерді кейде үйтас деп те атайды)

Көшпелі мал шаруашылығының дамуына байланысты киіз үй пайда болды. Киіз үйдің алғашқы нұсқасы қола дәуірінде жасалды. (Осы дәуірде қазақстан жерін мекендеген арий, тур тайпалары киіз үйге ұқсас дөңгелек үйде тұрған)

Қазақстан жеріндегі ежелгі заман құрылыстары (Жер бетіне, жерді қазып жасаған Жеркепе салынды)

Үйге тапсырма: §18 Архитектуралық ескерткіштер

Бағалау Қалыптастырушы бағалау -2 минут

Рефлексия «Сабақтағы мен үшін жаңалық......» 3 минут.




© 2010-2022