Қазақстан тарихын, этнографиясын ресейлік ғалымдардың зерттеуі

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 19.10.15. Сыныбы: 8 «Ә» / «Г» Пәні: Қазақстан тарихы. № 14

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан тарихын, этнографиясын ресейлік ғалымдардың зерттеуі.
Сабақтың мақсаты: ғылыми экспедициялардың нәтижесімен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімдік: Оқушыларды ХҮІІІ ғ. патша үкіметінің Қазақстанның географиясын, тарихы мен этнографиясын зерттеуі және оған қатысқан орыс зерттеушілері мен ғалымдары туралы білім беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ғылымға, білімге деген қызығушылығын арттыру;

Тәрбиелік: Өз елін, жерін сүюге үйрету, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың типі: білік пен дағдыны жүйелеу және жинақтау.
Оқытудың әдісі: түсіндіру, суреттеу- аналитикалық суреттеу, сюжеттік әңгімелеу, эвристикалық әдіс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, флипчарттар, маркерлер, стикерлер, магниттер, оқулық, бор, ХІХ ғ. картасы, т. б.
Пәнаралық байланыс: география, дүние жүзі тарихы, әдебиет т. б.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау.
ә) сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау.

б) « Автопортрет» ойыны. Шарты: сипатталған жеке тұлғаны тану.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Ыстық орындық» ойыны. Бір оқушы «ыстық орындыққа» отырады. Қалған оқушылар сұрақтар қояды. Егер оқушы жауабы қате болса, «салқын», ал дұрыс жауап берсе, «ыссы», жартылай дұрыс жауап берсе, «жылы» дейді. Ойын бірнеше оқушы жауап бергенше жалғасады.
Оқушыларды 4 топқа бөлу: картиналарды құрастыру арқылы. Оқушылардың алдарындағы бағалау парағын толтырып отыру тапсырылады. (әр топ келесі топты бағалайды).
Топ ережесін құру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың жоспары:
1. Ресей ғалымдарының Қазақстанды ғылыми зеттеуінің белсенді зерттеле бастауы:
1/. М. В. Ломоносов
2/. И. Г. Георги
3/. И. К. Кириллов
4/. П. И. Рычков
5/. И. Г. Андреев (1743 - 1801)
6/. А. Д. Скалон (1720 - 1777)
7/. И. П. Фальк (1732 - 1774)
8/. П. С. Паллас. (1741 - 1811)
Кіріспе сөз: - ХҮІІІ ғ. патша үкіметі Қазақстан тарихын, этнографиясын, географиясын белсенді зерттеу жүргізді. Кіші Жүз бен Орта Жүз қазақтарының үлкен бөлігінің Ресей қол астына өтуіне байланысты күшейе түсті. Зерттеу жұмыстарымен ғылыми мекемелер мен жеке ғалымдар да айналысты. Ресейлік көптеген ғалымдар қазақ ауыз әдебиеті, генеологиялық және этнографиялық материалдар негізінде іргелі еңбектер жазды.
Дамыту кезеңі:
Топтық жұмыс: тақтаға 4 тұлғаның портреті жасырылады. Оқушылар таңдап алған орыс зерттеушілері туралы сызба, постер толтырады.
Мыс: 1 - топ: М. В. Ломоносов
2 - топ: И. Г. Георги
3 - топ: И. К. Кириллов
4 - топ: П. И. Рычковтың Қазақстанды зерттеуі туралы мәліметтерді флипчартқа орындайды. Интернет материалдарын қосымша пайдалану. 7 - мин. уақыт беріледі. Әр топтан бір оқушы шығып, таныстырады. Картамен жұмыс.
Әр оқушының қорғауынан кейін қол шапалақтайды және бірін - бірі бағалайды. (өз ойларын айтады,, алдарындағы бағалау бетшесіне баға қояды және стикерлерге "2 жұлдыз, бір тілек" жазып, жұмыстарының үстіне жапсырады).
«Тұлғаны таны»:
П. С. Паллас
И. П. Фальк
И. Г. Андреев
А. Д. Скалон туралы 1. мәліметтерді тақтаға сызбаға түсіру.
2. ауызша портретін жасау.
Логикалық сұрақ: - Қазақстанды ғылыми зерттеуде патша үкіметі қандай мақсат көздеді?
Жеке оқушымен жұмыс:
1. Тақырыпқа байланысты ребус құрастыр.
2. Тақырыпқа байланысты сөзжұмбақ құрастыру
3. Картамен жұмыс. Орта Азия хандықтарын көрсету.

ІV. Сабақта алған білімді бекіту.

- Бір топ екіншісіне сұрақтар қойып, жауаптасады.
Кері байланыс: оқушылар бүгінгі сабақта не ұнады, және тілектерін стикерлерге жазып, тақтаға жапсырады.
ІV. Сабақты қорытындылау.

1. 1/. М. В. Ломоносов, И. Г. Георгидің қандай еңбектері бар?
Бағалау: оқушыларды сабақта көрсеткен білімдері мен біліктеріне баға беру және қойылған бағаға түсініктеме берем.

V. Үй тапсырмасын беру.

Ғалымдар туралы қосымша деректер жинап келу.



© 2010-2022