Разработка открытого урока по истории Казахстана на тему: «Қазақ қалалары»

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қармақшы аудандық коммуналдық - мемлекеттік білім беру мекемесі

№ 275 орта мектеп















ҚАЛАЛЫҚ АШЫҚ САБАҚ

«Қазақ қалалары»















Тарих пән мұғалімі

Ағыбаева Айгүл

09.04.2016 ж.










Байқоңыр қаласы

Сынып: 7 «А». Разработка открытого урока по истории Казахстана на тему: «Қазақ қалалары»

Күні: 09.04.2016ж.

Кабинет: 213

Сабақтың тақырыбы: Қазақ қалалары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Қазақ хандығының

ХҮІ-ХҮІІ ғғ. экономикалық

жағдайына мәлімет бере отырып, сол кездегі қазақ қалаларына тоқталу. Оқушыларға қолөнердің дамуы мен қалалардың тоқырау себептері туралы айтып, білімдерін жан-жақты жетілдіру.

Дамытушылық:

Түрлі тарихи тапсырмалар арқылы оқушының шығармашылық белсенділігін ояту және есте сақтау қасиеті мен тарихи ұғымдарды талдап, қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:

Қазақ қалаларының даму ерекшеліктерін көрсете отырып, оқушыларды еңбексүйгіштікке, туған жерінің тарихын, мәдениетін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап, АКТ және СТО технологиясының стратегиялары, мағынаны тану, репродуктивті әдістер.

Көрнекіліктері: тақырыптық слайдтар,бейнетаспа.

Техникалық құрал-жабдық:

Интер белсенбі тақта, бейне сюжет, сызба-кестелер, үлестірмелі суретті қағаздар.

Пәнаралық байланыс : Бейнелеу өнері, әдебиет, тарих.

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі

1. Амандасу.

2. Психологиялық дайындық.

- Жақсы тілек тілейік,
- Мен сізге, сіз бізге.
- Күнде күліп жүрейік,
- Білім нәрін төгейік,
- Мен сізге, сіз бізге.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Мұғалім: "Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды" деген елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Тарихымызды біліп тану үшін, алдымен өздерің білетін хандардың, билер мен батырлардың суреттерін таңдап алыңдар. Хандар - І топ, билер - ІІ топ, батырлар - ІІІ топ. Сыныпты 3 топқа осылай бөлемін.

II.Үй тапсырмасы сұрау:

Қазақ халқының ХҮІ-ХҮІІ ғғ. шаруашылығын оқу және кестені ойлап сызу.

Негізгі мақсаты - Қазақ халқының ХҮІ-ХҮІІ ғғ. шаруашылықтың түрлері мен маусымдық көшу туралы және қолөнердің дамуы жөнінде білу. Қазақ шаруашылығының даму ерекшеліктерін білу үшін, мен Сіздердің топтарыңызға сұрақтар беремін. Разработка открытого урока по истории Казахстана на тему: «Қазақ қалалары»

1-топ. XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығындағы көшпелі мал шаруашылығының басты саласын айту.

2-топ. Қазақ хандығының тұсында егіншілік шаруашылығының дамуы.

3-топ. Қазақтың көшпелі ауылдарының тұрмыс-тіршілігі, дәстүрі. Әр топ салыстырып айтып шығады.

III. Өткен сабақты қорытындылау.

Қазақ халқы қашанда ерекше сыйлы, қадірлі, еліне, жеріне жауапкершілікпен қараған. Қазақ хандығы тұсында жан-жақтан тұспалаған жаудан қаймықпай, елін, жерін жаудан қорғай білді. Олай болса біздің бүгінгі сабағымызда Қазақ хандығы қалыптасуы мен шаруашылығы, тұрмысы туралы сызба кестесін толтыру үшін үш топтан оқушылар шығып толтыру керек.

Орналасуы


Маусымдық көштерде атқарылатын жұмыс

түрлері


  1. Қысқы көш


Түйе мен қой-ешкілер үшін қыстық жайылымға Мойынқұм, Қызылқұм, Бетпақдала шөлінің аймақтары

Құдық қазды. Көрші мемлекеттермен сауда жасасты немесе айырбастады. Қора жасады.


  1. Көктемгі көш


Қаратау, Ұлытау етегінде, Ертіс, Зайсан көлінің маңы.


Малдар төлдейді. Қой қырықты. Мал өнімдерінен киіз басты, киім тоқыды.


  1. Жазғы көш

Жетісу мен оңтүстік Қазақстан

Жазда бие байлап, қымыз ашытады. Жаз бойы жүн түтіп, жіп иіріп, киетін шекпен тікті. Дәстүрлі ойындар ойналды.


  1. Күзгі көш

Сырдария, Арыс маңы, орталық Қазақстан

Суық басталысымен жайлаудан күздеуге көшеді.Жаздай дайындаған азық-түлік пен киім-кешектерін алып,қыстауға кетуге әзірленеді.

Бүгінгі сабақта біз нені білдік, нені ұқтық, қазақ хандығы кезінде қазақ халқының шаруашылығы қандай болды? Міне, осы сұрақтарға жауап беруге «Сиқырлы таяқшаны» ұсынамын.

IV. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың тақырыбы: Қазақ қаласы

Мақсаты: Қазақ хандығының ХҮІ-ХҮІІ ғғ. экономикалық жағдайына мәлімет бере отырып, сол кездегі қазақ қалаларына тоқталу. Оқушыларға қолөнердің дамуы мен қалалардың тоқырау себептері туралы айту.Разработка открытого урока по истории Казахстана на тему: «Қазақ қалалары»

-Балалар, сендер маған мына сұрақтарға жауап беріңдерші.

Мұғалім: Орта ғасырлар кезінде қандай қалалар болған?

Бала: Сығанақ, Сауран, Сайрам, Түркістан, Отырар, Жаркент, Жент т.б.

Мұғалім: Ол өмірге қалай келді, кім оны әкелген?

Бала: Оны өмірге әкелген, жасаған да адам.

Мұғалім: Әйгілі қалалар құм астында жатып қалса, оны зерттейтін кімдер?

Бала: Археологтар мен ғалымдар, тарихшылар.

Мұғалім: Ғалымдардың ғылыми деректеріне жүгінсек, ІХ-ХІІ ғасырларда қалалар гүлденіп, көркейе түскен.Сырдария бойында бірнеше қалалар болған. Сығанақ Дешті Қыпшақ үшін «сауда аймағы болған.Қасым ханның тұсында хандық ордасына айналды. Бүгінде жай күй тек үйінді түрі қалған.Разработка открытого урока по истории Казахстана на тему: «Қазақ қалалары»

Қасым ханның тұсындағы қазақ хандығы деген видео сюжет көреміз.

1. «Хандар» тобына

Сығанақ, Йасы қалалары туралы мәліметтер жинау.

2. «Билер» тобына

Сауран, Сайрам қалаларының тарихы.

3. «Батырлар» тобына

Отырар, Бабата қалалары туралы деректер.

Оқушылар оқулық бойынша жұмыс жасап, сол бойынша кесте сызады.Топ басшысы шығып кесте бойынша түсінген, ізденген мәліметтері мен деректерін айтып шығады.Разработка открытого урока по истории Казахстана на тему: «Қазақ қалалары»

Дәптермен жұмыс: «Білімдіден шыққан сөз,Талаптыға болсын кез», дегендей, математикалық лото ойнату.


  1. 4000+219-3000=1219

1219 жылы-Шыңғысхан Отырар қаласын басып алды

  1. 4000:2-532=1468

1468 жылы-Әбілқайыр хан қайтыс болды

  1. 728 х 2+9=1465

1465 жылы-Қазақ хандығының құрылған жылы

Мұғалім: Ал, енді, балалар, шаршаған боларсыздар, орнымыздан тұрып сергіту сәтін жасайық.

Ү.Сабақты бекіту: «Сиқырлы торша» ойыны.Разработка открытого урока по истории Казахстана на тему: «Қазақ қалалары»

  • «Хандар» тобы - Орта ғасыр кезіндегі қандай қалаларды білдік? Қалалардың тоқырауына қандай дәлелдер бар?(Сауран, Сайрам, Сығанақ, Бабаата, Баласағұн т.б. Монғол шапқыншылығы кезінде қатты тоқырап кетті.)

  • «Батырлар» тобы - Қай қала үшін Өзбек хандығы мен Қазақ хандығының арасында бір ғасырға созылған қанды шайқас болды? Талас-тартыстың себебін айтып бер. (Сауран - сауда жолының үстінде тұрды, айналасында егін шаруашылығы , бау-бақша жақсы дамыды.)

  • «Билер» тобы - Тарихи деректемелерде Отырар қаласының бірнеше аттары кездеседі. Оны қалай атайды? (Тарбанд, Трабан, Тұрарбанд, Тұрар,Фараб).

ҮІ. Қорытындылау.

Бәйтерек - ең биік терек ағашы. Бәйтеректің тамыры тереңге бойлайды, ал діңгегі мықты, ұшар басы биік болып өседі.Халықтың тарихы Бәйтеректің тамыры сияқты тереңде жатыр. Тарих саласын Бәйтерекке теңеуге болады. Ата - бабамыз өнерді бізге мұра етіп қалдырды. Сол мұраны әрі қарай жалғастыратын өздерің балалар.

VII. Үйге тапсырма. Қазақ қалалары оқу. «Тарихи қала» эссе жазу.

VIII. Бағалау.

© 2010-2022