Биология 11 сынып тест сурактары

Раздел История
Класс 11 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ









СҰРАҚ КІТАПШАСЫ


1612 - НҰСҚА



Аты-жөні ___________________________________________________________

Қала (Облыс) _______________________________________________________

Аудан ______________________________________________________________

Мектеп ______________________________Сынып _________________________

Талапкердің қолы _____________________













2017


БИОЛОГИЯНұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».

1. Жұмыртқа ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді қоймалжың тірі зат

A) вакуоль

B) ядрошық

C) ядро

D) цитоплазма

E) пластид

2. Күрделігүлділер тұқымдасына жататын малазықтық дақыл

A) түйетікен

B) итошаған

C) бөрігүл

D) жералмұрт

E) қаулен

3. Сабақтың қызметі

A) суды буландырады

B) тұқым түзеді

C) өсімдіктің жер асты мүшесі

D) су мен заттарды сіңіреді

E) жапырақ, гүл бекиді

4. Қарапайым жәндіктердің түрлерін ашқан ғалым

A) И.И.Мечников

B) А.Левенгук

C) Дж.Гарсси

D) Ч.Дарвин

E) Ш.Лаверан

5. Балықтардың бүйір сызығы

A) Денесін қалыпты ұстауға көмектеседі

B) Дене тепе-теңдігін сақтайды

C) Су ағысының күшін, бағытын, тербелісін, кедергілерді сезеді

D) Жылдам жүзу әрекеттерін реттейді

E) Жан-жағына бұрылады

6. Қандауыршаның жүйке түтігінің орналасуы

A) Құрсақ жағында

B) Басында

C) Желінің үстіңгі жағында

D) Ішек астында

E) Желінің астында

7. Адам организміндегі қанның жалпы қалыпты мөлшері

A) 4,5 -5л

B) 2,2 л-3,2

C) 7,8 л-10л

D) 7 -9л

E) 7,1 л-8,1

8. Сипап сезу мүшесі

A) құлақ

B) тіл

C) тері

D) мұрын

E) көз

9. Тұқымқуалау өзгергіштігінің гоммологиялық қатарлар заңын ашқан ғалым

A) К.Линней

B) Ч.Дарвин

C) Г.Мендель

D) Н.И.Вавилов

E) И.Мечников

10. Озон қабатының қызметі

A) ультракүлгін сәулелерден қорғайды

B) биомассаны құрайды

C) тірі организмдердің шоғырланған мекені

D) топырақ қабатын түзеді

E) биогенді заттарды түзеді

11. Саңырауқұлақтар дүниесін зерттейді

A) Цитология

B) Зоология

C) Микология

D) Физиология

E) Генетика

12. Күйіс қайтармайтын жұптұяқтылар

A) құлан

B) түзат

C) бегемот

D) керік

E) тарпан

13. Жасушасында хлоропластары болатын қарапайым

A) лейшмания

B) амеба

C) арцелла

D) вольвокс

E) кірпікшелі кебісше

14. Кеңірдек қабырғасының қабысып қалуына кедергі келтіреді

A) дыбыс саңылауы

B) көмекей шодыры

C) көмей қақпақшығы

D) альвеолалар

E) жартылай сақиналы шеміршек

15. Сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады

A) құлақ қалқаны

B) есту түтігі

C) сыртқы есту жолы

D) дабыл жарғағы

E) есту сүйекшелері

16. Саңырауқұлақтардың өздігінен дүниеге келуі туралы тұжырымдаманы ұсынған ғалым:

A) Ж. Б. Ламарк

B) Л. Пастер

C) А. Левенгук

D) Р. Гук

E) К. Линней

17. А.И.Опарин тұжырымдамасын дамытқан ағылшын биологі

A) Г.Рихтер

B) Дж.Холдейн

C) Ф.Реди

D) Л.Пастер

E) Ж.Кювье

18. Шықшыт сілекей безінің өзегі ашылады

A) өт қабына

B) тіл астына

C) ұртқа

D) қарынға

E) ұлтабарға

19. Жарық сәулесінің сынуы торлы қабықтың сыртында қиылысады

A) қырақтылық

B) көз қарығуы

C) ақшам соқыр

D) дальтонизм

E) сығырлық

20. Неміс ғалымы Г.Рихтер ұсынған теория

A) виталистік

B) панспермия

C) абиогенез

D) креационизм

E) мәңгілік

Нұсқау: «Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».

21. Сабақтың қабық қабаттары:

A) жылдық шеңбер

B) тін

C) сүрек

D) өзек

E) орталық бөлім

F) өң

G) тоз

H) камбий

22. Қауашақ жемісті өсімдіктер:

A) шомыр, шалқан

B) сасық меңдуана, сүттіген

C) арпа, бидай, тары

D) меңдуана

E) үйеңкі, шегіршін, қайың

F) асбұршақ, беде

G) шегіргүл, қызғалдақ

H) бақбақ, күнбағыс

23. Денесінде бақалшақ болатын қарапайым:

A) кебісше

B) лямблия

C) сувойка

D) трипаносома

E) балантидий

F) арцелла

G) бодо

H) амеба протей

24. Құйрықсыздар отрядына жатады:

A) саламандра

B) тритон

C) құртпошым

D) хамелеон

E) құрбақа

F) гаттерия

G) бақа

H) бақатіс

25. Ауыз қуысындағы сілекей бездері:

A) ерін

B) тіс

C) жақ асты

D) шықшыт

E) эмаль

F) тіл асты

G) тіл

H) дентин

26. Терінің эпидермис қабаты:

A) қор зат жиналады

B) май бездері орналасқан

C) қара - қызыл түсті түйінді

D) нағыз тері қабаты

E) мүйізгек

F) түрі өзгерген тері

G) жалпақ эпителийі

H) энергия қоры

27. Асқорыту ферменттері:

A) холин

B) липаза

C) пепсин

D) сілекей

E) амилаза

F) нуклеаза

G) билирубин

H) ферментаза

28. Хлоропластың құрылысына кірмейді :

A) матрикс

B) строма

C) криста

D) каротиноидтер

E) тилакоид

F) грана

G) хлорофил

H) мембрана

29. Нейрула сатысы кезінде эктодерма қабатынан дамиды:

A) зәр шығару жүйесі

B) бокал тәрізді екі көз

C) асқорыту жүйесі

D) тыныс алу жүйесі

E) тірек-қимыл жүйесі

F) тері

G) есту және иіс сезу мүшелері

H) қанайналым жүйесі

30. Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесу түрлері :

A) гендердің тіркесуі

B) көпаллельдік

C) кроссинговер

D) аутбридинг

E) конъюгация

F) комплементарлық

G) генетикалық карта

H) эпистаз

БИОЛОГИЯ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ



© 2010-2022