Астана бас қала 5 сынып

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы; Астана-Қазақстанның бас қаласы

Білімділік мақсаты: Астана - ұлттық тарихтың мәтіні. Екі мың

жылдықтың тоғысында,Еуразия жүрегінде орын

тепкен Астананың,Тәуелсіз Қазақстан

Республикасындағы орнын анықтау, айқындау.

Дамытушылық; Оқушыларды қоғамдағы өзгерістер мен үрдістерді

түсінуге, ондағы Астананың орнын бағалауға үйрету,

ой түйе білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік; Астананың ұлттық рухы мен әсемдігін, оқушыларды

ұлтжандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сыни тұрғыдан ойлау.

Пәнаралық байланыс: География, қазақ тілі пәндері т.б

Көрнекілік: Оқулық ,тақырыпқа сай карта, акт,

пікіралысу, А4 парағы,плакаттар, бірлескен оқу,

топтық жұмыс, ашық сұрақтар.

Сабақтың құрылымы: І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Топқа бөлу

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру. (топ рәміздерін білу)

ІУ.Жаңа сабақты игерту.

а) Астананың тарихын білу.ә)Тәуелсіздің кезеңі

б)Ғимараттың құрылуы

2.Тәуелсіздік кезіндегі Астана

У.Бекіту, талдау.

УІ.Үйге тапсырма, бағалау.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, топқа

бөліп, көрнекілік құралдарының даярлығын

тексеру.

Үй тапсырмасын сұрау. Қазақстан туымен тұғырлы,

Қазақстан Елтаңбасымен еңселі,

Қазақстан Әнұранымен айбарлы.

Мемлекеттік рәміздер - еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Мемлекеттік рәміздер халқымыздың рухын, ұлттық салт-дәстүрін, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін еркеше құнды белгілер. Егемен ел болу үшін Қазақстан Республикасының ұлттың белгілері болуы керек.

Ұлттық белгілер

1.Ту

2.Елтаңба

3.Әнұран

4.Мемлекеттік шекара

5.Әскер

6.Мемлекеттік тіл

7.Мемлекеттік заң

8.Теңге



Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздері қашан бекітілді?

Вексиология - туларды зерделейтін ғылым саласы.

1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы 1992 жылы 4 маусымда бекітілді.

Астана бас қала 5 сынып



Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де, өрлік, өнер де,

Жаһандағы ең жауынгер халықта

Кім сенеді, туы болмады дегенге?

Мемлекеттік тудың авторы - Шәкен Ниязбеков Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы ортасында оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір мата. Күн, шұғыла, қыран және өрнек түстес. Тудың ені - 1м, ұзындығы -2 м. Қыран-құс патшасы, еркіндіктің белгісі. Ағаш сабына бекітілген ұлттық көрнекті жолақ. Онда қошқар мүйіз деп аталатын халқымыздың ұлттық оюы өрнектелген. Орта Азия билеушісі Әмір Темірдің туының түсі көк болса, ХУІІІ ғасырдағы Абылай ханның туы ақ болған. Қазақтың ХУІІ ғасырдағы ұлы ханы Еңсегей бойлы ер Есімнің туы қызыл екен. Бұл ту Алтын Орда билеушісі Орыс ханнан қалған.

Геральдика - елтаңба тану ғылымы.

1992жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының елтаңбасы бекітілді.

Астана бас қала 5 сынып

Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,

Жас тұрмақ, шығады екен қарты аңға.

Қалай оның елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса ен-таңба?

Мемлекеттік Елтаңбаның авторлар; Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уалиханов. «Найзасыз ер болмайды, таңбасыз ел болмайды»-дегендей Елтаңбадағы негізгі нышан белгі- шаңырақ. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Елтаңбадағы бейнеленген қанатты пырақ- еркіндікті сездіреді. Ол шексіз даму, яғни еліміздің шексіз гүлденуі, дамуы. Мемлекеттік Елтаңба Мемлекеттік тумен қатар жүреді.

1992 жылы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш әнұраны бекітілді.

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ел түркіні байрағынан таныған,

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айта алар, болмаған деп- Әнұран.

Мемлекеттік Әнұранның сөзін жазған- ақын Жұмекен Нәжімеденовпен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Әні аса көрнекті композиторымыз Шәмші Қалдаяқовтікі. Біздің әнұранымыз- «Менің Қазақстаным» әні 2006 жылы 2 қаңтарда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевты үлықтау рәсімінде орындалды. Әнұран салтанатты жиналыстарды ашу және жабу кездерінде Мемлекеттік туды көтерген кезде орындалады. Біз тәуелсіз Қазақ елінің жас ұландарымыз. Сондықтан Мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, қастерлеп, тұғырын биік ұстауға ант етеміз. Туымыз биік, мәртебеміз жоғары болсын.

Жаңа сабақ: Астана - Қазақстанның бас қаласы. Астана бас қала 5 сынып



Кең байтақ қой Қазақстан картасы,

Астанамен айшықталған ортасы.

Бүгін бізге таңдай қағар бүкіл әлем,

Бұның бәрі Елбасының арқасы.



Астана бас қала 5 сынып

Қазақстан Республикасы бас мемлекетпен шектеседі. Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан. Астана- ел мақтанышы. Қазақстанның тарихи даму барысында бірнеше қала астана қызметін атқарған. Мысалы 1920-1924 жылдары Орынбор қаласы, 1924-1928 жылдары Қызылорда (Ақ мешіт) 1928-1997 жылдары Алматы.

Астана бас қала 5 сыныпАстана бас қала 5 сынып



«Астана» парсы сөзі. Кіндік, геосаяси.

1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола қазақстанның астанасы болып ресми түрде жарияланды. Ал 1998 жылы 6 мамырда Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда ресми түрде жаңа астананың тұсаукесер тойы болып өтті. Парламент Сенаты мен Мәжілісінің, Үкіметінің ғимараттары, Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы- Ақорда т.б ғимараттар салынды.

Астана бас қала 5 сыныпАстана бас қала 5 сынып

Бекіту. Сабақты талдау.

Бүгінгі сабақтан оқушылар өздеріне алған білікті де білімді азамат болып өсулеріне Астанамыздың қосатын үлесі көп екенін топ бойынша талдау.

Бағалау: жаақсы жауап бергендерді мадақтау

Үй тапсырмасы «Эссе» жазу





© 2010-2022