• Преподавателю
  • История
  • Сабақ жоспар тарихтан 7-сынып «Қазақ қалалары, қазақ қалаларының құлдырауы және себептері. »

Сабақ жоспар тарихтан 7-сынып «Қазақ қалалары, қазақ қалаларының құлдырауы және себептері. »

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы. 7-сынып. « Қазақ қалалары, қазақ қалаларының құлдырауы және себептері.» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Қазақ хандығындағы қалалардың жағдайы жөнінде және олардың тоқырау себептері жөнінде баяндау. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін дамыту, теориялық білімді игеру және зерттеу қабілеттерін қалыптастыру. Тәрбиелік: Туған халқына, Отанына, тарихи тұлғаларға, елінің тарихи даму кезеңіне құрмет етіп, саяси-тарихи көзқарасын қалыптаст...
Раздел История
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы. 7-сынып.

« Қазақ қалалары, қазақ қалаларының құлдырауы және себептері.»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақ хандығындағы қалалардың жағдайы жөнінде және олардың тоқырау себептері жөнінде баяндау.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін дамыту, теориялық білімді игеру және зерттеу қабілеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Туған халқына, Отанына, тарихи тұлғаларға, елінің тарихи даму кезеңіне құрмет етіп, саяси-тарихи көзқарасын қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдістері: Ауызша баяндау сұрақ-жауап,суреттер.

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру бөлімі

- Оқушылардың сабаққа әзірлігі, өткізу барысымен таныстыру.

ІІ. 1. Үй тапсырмасы:Қазақ халқының шаруашылығы.

МСабақ жоспар тарихтан 7-сынып« Қазақ қалалары, қазақ қалаларының құлдырауы және себептері.»Сабақ жоспар тарихтан 7-сынып« Қазақ қалалары, қазақ қалаларының құлдырауы және себептері.»Сабақ жоспар тарихтан 7-сынып« Қазақ қалалары, қазақ қалаларының құлдырауы және себептері.»Сабақ жоспар тарихтан 7-сынып« Қазақ қалалары, қазақ қалаларының құлдырауы және себептері.»езгілді көш

Қысқы Көктемгі Жазғы Күзгі

2.Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:

1)Жартылай көшпелі мал шаруашылығы дегенді қалай түсінесіңдер?

2)Маусымды көшіп-қонудың қандай пайдасы бар?

3)Қазақ қыстауларының тарихи маңызы неде?

4)Көктеу мен күзеудің айырмашылығын айтып беріңдер.

5)Қазақтар егін шаруашылығымен қай аймақтарда басым айналысқан?

6)Қазақ халқында қолөнердің қандай түрлері болды?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Оңтүстік Қазақстандағы ортағасырлық қалалар ХҮ ғасырдың аяғынан Қазақ хандығының қол астына қарай бастады.ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда ол қалалар толық қазақтардың қолына өтіп, олардың төңірегінде елді мекендер қалыптасты.Қалалар шығыстан батысқа қарай Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан:

Тараз; Сайрам; Шымкент; Ташкент; Отырар; Түркістан; Сауран; Сығанақ; т.б.

Сығанақ қаласы-ХІІІ ғасырдан қыпшақтардың орталығы, ал ХҮ-ХҮІ ғасырлар аралығында Қазақ хандығының астанасы болған.

Түркістан қаласы ХҮІ ғасырдың соңында қазақ хандығының астанасына айналып, қазақ халқының ұлттық негізі осы қалада бекіген.

Алайда бұл қалаларХҮІІІ ғасырдан бастап экономикалық жағынан әлсірей бастайды.1)жоңғар-қалмақ шапқынышылығы; 2)қазақ-өзбек хандықтарының бұл қалалар үшін жүз жылға жуық ауық-ауық соғысуы; 3)Ұлы жібек жолының сауда жасау қуатының әлсіреуі.

ІҮ.Бекіту сұрақтары:

1)Қазақ хандығының қалаларын атаңдар.

2)Сығанақ қаласы жөнінде не білесіңдер?

3)Түркістан қандай қала болған?

4)Қалалар не себептен күйреген?

Ү.Қорытындылау.

ҮІ.Бағалау.

ҮІІ.Үйге тапсырма: Қазақ қалалары, қазақ қалаларының құлдырауы және себептері.



© 2010-2022