Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ Дәуірлерді қайталау

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қайталау. « Дәуірлер »

Мақсаты:

  1. Оқушылардың алған білімдерін толықтыру, өткен сабақтарды пысықтау ретінде қосымша деректер арқылы тас, қола және темір дәуірлерін қайталау.

  2. Оқушыларды ойландыруға, өз ойларын ашық айтуға, пікір таластыруға, өз бетімен жұмыс жасауға, шығармашылығын дамыту.

  3. Ерте дәуірдегі адамдардың тарихын, шаруашылығын, мәдениетін, еңбек құралдарын жасалу тәсілін археологиялық ескерткіштерін талдай отырып құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: карта, слайд, тас құралдары, суреттер

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару.

  1. Сабақтың мақсатын қою.

  2. Қайталау.

Оқушыларды 2 топқа бөлу. 1 топ «Геродот» , 2 топ «Сыма Цянь»

  1. «Сұрақ бізден - жауап сізден» миға шабуыл.



  • Ең алғашқы адам, қай жерден табылды? - епті адам , Танзания/Ш.Африка/ Олдувэй шатқалығында.

  • Гоминид деген кім? - адамтектес, ірі маймылға ұқсас болған.

  • 1891ж Ява аралығында қандай адамның қанқасы табылды? - питекантроп, 1млн.ж.б.

  • Франция, Кро Маньон үңгірінде қандай адамның қанқасы табылды? - саналы адам.

  • Бағыштау /инициация/ дегеніміз не? - балалар тобынан ересектер тобына өту.

  • Қазақстан аумағында қанша неолиттік тұрақ табылды? - 800 /500/



  1. «Алтын сандық» ойыны.

Оқушылар сандықтан алған заттарды атап, олардың қай ғасырға жататынын айту керек. /микролит-мезолит, бифас -ашель, ретушь әдісі- тас дәуірі, қыш құмыралар-неолит, найза мен садақ-мезолит, балта-мезолит, ине-мезолит /



  1. Оқиғалар тізбегін реттімен жаз.

Біле бер қанша білсең - тағы тіле,

Жетерсің мақсатыңа біле, біле.

*Қола дәуірі, темір дәуірі, тас дәуірі.

*Мустье, олдувэй, ашель

* Мезолит, палеолит, неолит

*Беғазы-Дәндібай, Атасу, Нура



  1. Терминдер

Петроглиф - тас бетіне қашап жазу.

Монофас - тасты бір жағынан қыр шығарды.

Ретушь - бір қабат өңделген тас құралдың жүзін ұсақ ойықтар.

Анимизм - жан мен рухтың барлығына сену.

Патриархат - аталық ру басқарды.

Экзогамия -рудың құрамына кіретін адамдар арасында некелесуге тыйым салу.

  1. Фактілерді игеру.

Тас дәуірі - тастан еңбек құралдарды пайдаланды, палеолит, мезолит, неолит, адам пайда болды, терімшілік, аңшылық, бифас, ретушь, ұлы мұздықтар.

Қола дәуірі - мыс пен қалайының қоспасы, еңбек құралдар, Нарым мен Қалба, Қ.Сәтбаев, Жезқазған, Беғазы-Дәндібай, Атасу, Нура, Андрон мәдениеті

  1. Бас қатырғыштар базары. /ребус/



  1. Білім биржасы.

Осы патшалардың есімдерімен оқиғаларды орналастырыңдар

Кир І Дарий А.Македонский

  • Бұл патша сақтардың патшайымына өзінің әйелі болуға ұсыныс жасады.

  • Бұл патша б.з.б 518жылы сақтарға қарсы жорыққа аттанды

  • Бұл патшаны Шырақ есімді сақ жауынгері шөл далаға адастырды,соның салдарынан патшаның көп әскері қырылды.

  • Осы патшаның тұтқынында Томирис патшайымның ұлы мерт болды.

  • Сақтармен шайқаста бұл патша басынан айырылды.

  • Бұл билеушіге қарсы Орта Азия , соның ішінде сақтар қарсы көтеріліске шықты.



  1. Тарихи домино. /қима қағаздарда берілген сөздерден сөйлем құрау/

1 топ Сақтар дұшпанға - қатал, досқа - адал болған. /гректер/

2 топ Әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ. /Помпей Трог, рим тарихшысы/



  1. Ақ серек , көк серек...

Оқушылар қарсылас топтан біреуіні таңдап, оған сұрақ қояды.



  1. Хан талапай

Әр топтан 2 оқушыдан тақтаға шығады, ортаға асық тастайды. Оқушылар жинайды. Көп жинаған оқушы төменгі сұрақтарға жауап береді.

Қызыл - бзб 800-140 мың жыл - ерте палеолиттің ашель кезеңі

Көк - бзб 2 млн 600- 12 мың жыл - ежелгі тас дәуірі

Жасыл - бзб 8- 3 ғғ - сақтар

Сары - алғашқы адамдар аулаған аңдар - бизон, мамонт, аю.



  1. Шығармашылық тест.

1 топ

Синантроп - Қытай - 500-200мың жыл бұрын

Орта тас - мезолит- бзб 12-5 мыңжылдық

2 топ

Неандерталь - Германия - 200-35мың жыл бұрын

Неолит - қыш құмыралар заманы -бзб 5-3 мыңжылдық



  1. Қорытындылау.

Проблемалық сұрақ?

1 топ.

Кирдің , Македонскийдің сақтардың жеріне баса көктеп кіруі өздерінің беделін арттыру үшін бе? Әлде өзінің билігін нығайту үшін бе? Қалай ойлайсыңдар? Ойланайық , мемлекет басшысы қандай болу керек?

2 топ.

Бүгінгі күні біз Томирис пен Шыраққа алғыс айталамыз ба? Енді олардың қандай ортақ қасиеттерін өз бойларыңа алар едіңдер?

Тестпен жұмыс

  1. Бағалау.

  2. Үйге тапсырма беру. Қайталау. Тест, сөзжұмбақ құрастыру





Бекітемін-----------

Мектеп директоры С.Имиршаева

«А.Розыбакиев атындағы орта мектебі» кмм



Сабақтың тақырыбы:

« Дәуірлер »

/қайталау/

6 А сынып







Тарих пәнінің мұғалімі : Азиева А.Н.







Бахар селосы, 2016ж

© 2010-2022