Дүние жүзі тарихы. Германия

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ № 20

8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §19 Германия

Сабақтың мақсаты:

1.Германияның әлеуметтік- экономикалық дамуына салыстырмалы түрде сипаттама беріп, 1848-1849 жылдардағы революцияның мақсаттарымен қорытындыларын ашып көрсету

2.Топта жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, сыни тұрғыдан ойлауға, салыстырмалы талдау жасауға, жүйелі қорытындылауға үйрету және шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

3.Ұжымдасып өзара көмек көрсете білуге баулу, өзара сыйластыққа үйрету

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:карта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: /ХІХ ғасырдағы Франция/

1.Қандай мемлекеттер Вена конгресінің шешімдерін қабылдауға қатысты?

2.Қасиетті одақ қандай мақсатпен құрылды?

3.Франциядағы 1830 жылғы Шілде ревоюциясының себептерін, мәнін және қорытындысын атаңдар

4.Шілде монархиясы қай жылдары өмір сүрді?

5.Франция-Герман соғысына итермелеген себептерді көрсетіңдер

6.Францияда Үшінші республика қашан жарияланды?

7.Не себепті Үшінші республиканы «герцогтар республикасы» деп атады?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Германия әлеуметтік-экономикалық дамуы.

  2. Германия 1848-1849 жылдардағы революциялар, олардың қорытындыларыИталияның бірігуіне дайындық және бірігудің аяқталуы.

  3. Германияның бірігуі және Герман империясының құрылуы

  4. Германияның мемлекеттік құрылымы

  5. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Германияның экономикалық және саяси дамуы.

ІҮ. Сабақтың бекіту:

1.Герман империясы экономикасының жедел дамуының себебін атаңдар.

2.Гарибальди қызметіне салыстырмалы түрде баға беріңдер. Олар кімнің мүддесі үшін әрекет етті және қандай мақсаттарды көздеді?

3.Германиядағы 1848-1849 жылдардағы революция өз мақсаттарын орындаған жоқ. Ол қандай мақсаттар еді?

4.Германияны біріктіруде басты рөлді қайсы корольдіктер атқарды? Неліктен деп ойлайсыңдар?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§19. оқып, мазмұндау, сұрақтарға жауап беру, кестені толтыру



© 2010-2022