Ежелгі көшпелі дәуірдегі Қазақстан халқының мәдениеті. 6 сынып

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы. Сыныбы: 6

Күні: 19.04.16ж Сабақтың тақырыбы: Ежелгі көшпелі дәуірдегі Қазақстан халқының мәдениеті.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көшпелелердің салт-дәстүріндегі табиғаттың үйлесімдігін сақтау, аруаққа бас ию, сөз қадірін түсіну , ата салты ұлағатты қағидалардың мән-мағынысын ашып оқушыларға түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың білімдік деңгейін көтеру, ізденіске, өздігінен жұмыс істеу және салыстырмалы талдау жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Бүгінгі мәдени жетістіктеріміздің бастау бұлағы - тарихи ескерткіштерді
қадірлеп, жоғары білімді, адамгершілігі жоғары жеке тұлға қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, Шаталовтың трек - схемалар технологиясы, өздігінен жұмыс жасату.
Сабақтың көрнекілігі: тақта, карта, суреттер, тапсырмалар,

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгелдеу, сабаққа назар аудару.

ІІ. Білімді жан-жақты тексеру. Сұрақ-жауап: Балама тест (иә немесе жоқ).
1. Елімізде сарматтар қоныстанған аймақ Оңтүстік Қазақстан. (жоқ)
2. Тарихшы Дидордың айтуынша савроматтар «биік турлардың бауырында» тұрған агипейлермен көрші. (жоқ)
3. Гиркан сармат дәуіріндегі Каспий теңізінің атауы. (иә)
4. Каспий жағалауында өмір сүрген сармат тайпасы иседондар. (жоқ)
5. "Сармат" атауы көне дәуір авторларының еңбектерінде б. з. б. ІV ғасырдан бастап кездеседі. (жоқ)
6. Сарматтардың қоғамдық басқару құрылымы әскери демократия. (иә)
7. Аршакиддер әулеті билігінің негізін салған сармат тайпасы сақ - масагертер. (жоқ)
8. Аландар Б. з. б. 248 - 247 жылдары Парфияны басып алған сармат тайпасы. (иә)
9. б. з. б. VІІІ ғ.- б. з. V ғ. сармат тайпаларының өмір сүру мерзімі. (иә)
10. Сарматтар скиф тіліне жақын тілде сөйлеген. (иә)

Ескерткіштер мен қорымдар: Кім жылдам:

Шірік-Рабат:Қызылордадан 300 шақырым жерден табылған. Бұл қалашықтан табылған зират б.з.б 4-2 ғасырға жатады.

Бәбіш-Молда: Сырдарияның көне арнасы Жаңадария бойында орналасқан. Мұнда табылған заттары қыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары, тары қалдықтары табылған. Бесшатыр қорымы: Іле өзенінің оң жағалауындағы Желшарғыр тауының етегінде орналасқан. Бұл қорым үлкенді, кішілі 31 обадан тұрады. Бесшатыр обасынан-ақинақтар, қола ұшты жебелер, темір пышақтар, шаш түйрегіштер, ақық моншақтар табылған. Бесшатырды б.з.б 5-4 ғасырға жатады деп айтуға болады. «Алтын киімді адам»-Алматының күншығыс жағында 50 шақырымдай жерде, Іле Алатауының баурайындағы жазықта 40-тан астам оба орналасқан. Соның ішінде есік обасы да бар. Оны 1969 жылы Археолог-ғалым К. Ақышев тапқан.«Есік обасы» б.з.б 5-4 ғасырмен мерзімделеді.Оның диаметрі 60 метр, биіктігі 6-метр. Есік обасында жерленген адам 17-18 жас шамасындағы сақ ханзадасы. Аң стильі- б.з.б 8 ғасырдан бастап Еуразия далалық аймақтарында пайда болды. Тасмола мәдениеті-Павлодар облысының Ежелгі иранның бағзы заманда жазылған -«Авеста» қасиетті кітабында «Весаканың ержүрек ұлдары ең биік, бәрінен жоғары тұрған Канха қамалының алдында құрбандық берді» деп жазылыпты. «Қаңлы» сөзі қарулы, жақсы, жайсаң ұлықтар деген мағынаны білдіреді. Қаңлылардың саяси тарихиы жөнінде жазба материалдары аз. Қауыншы мәдениеті-Ташкент төңерегіндегі жазиралы аймақта тараған, оларда тоқыма мен жіп иіру ісі дамыған. Отырар-Қаратау - Сырдария өзенінің орта ағысы тұсындағы Қаратау беткейлерінен Талас өзеніне дейінгі аралықта тараған. Үйлері шикі кірпіштен тұрғызылған. Жетіасар мәдениеті-Сырдарияның төменгі ағысында Қуаңдария мен Жаңадария аңғарларын алып жатыр. Жетіасар 20 қаладан құралған кешен. Ең үлкен қаласы - Алтынасар. Көк-Мардан-Арыс өзенінің сол жақ жағалауындағы 100 шаршы шақырымдай аумақта үлкендігі әртүрлі жиырма шақты төбені ең ірісі. Ол қала орталығы болған. Пұшық-Мардан- қаласы маңындағы Қостөбе қоныстары зерттелген. Мардан-Күйік- қорымынан шыққан мөрлердің бетіндегі суреттер әртүрлі. Біреуінде шаян, екіншісінде тұлымы бар сақалды ер кісі, үшіншісінде қасқыр, енді бірінде өсіп

Жаңа сабақ: Жоспары: Рухани мәдениет. Дәстүрлі әлем бейнесі. Мәңгілік өмір сүру идеясы. Адамзаттың табиғатпен байланысты өмір сүруі.

1. Көшпелелердің салт-дәстүріндегі табиғаттың үйлесімдігін сақтау, аруаққа бас ию, сөз қадірін түсіну , ата салты ұлағатты қағидалардың рухани мәдениеттің ерекше үлгілері болып табылады. 2. Сақтардың әлемінің құрылымы туралы айқын түсінігі қалыптасты. Олар үш әлем:жер асты әлемі, орта жер әлемі, жоғарғы-көкте немесе аспан әлемі бар деп есептеген. Әлемнің төрт бұрышы-оң, сол, алдыңғы, артқы жағы. Сақтардың ғарыш туралы түсінігі Есіктен табылған сақ патшасының баскиімінде бейнелеген.Ежелден көшпелілер әлем бағытын бетін шығысқа бұрып тұрып анықтаған. Адамның маңдай алды - шығыс, арқасы-батыс, оң қол жағы-оңтүстік, сол қол жағы - -олтүстік болып есептелген. 3. Ежелгі адамдардың дүние туралы алғашқы қарапайым түсінігі, олардың дүниетанымы анимизім түрінде болған. Жанның денеден бөлінетіні, рух, жан туралы алғашқы діни түсінік - анимизм деді. Адамның жер бетіндегі өмірі бұл дүниеде (фәни) деп аталады. Ал адамның өлгеннен кейінгі өмірін о дүние делінді. Бақи дүние мәңгілік деп білді. 4. Көшпелі үшін кең болумен қатар, өзінің жайлылығымен және қажеттілікті өтеумен пайдалы әрі қолайлы еді. Адам өз тегін табиғатпен байланыстырып, өздерін соның бөлшегі деп есептеген. Әрбір ру немесе тайпаның шыққан тегі; бұғы, қасқыр, арқар, жолбарыс, дала бүркіті т.б аңдар есептеліп, сондықтан аң бейнелері бар заттар қасиеттітұмар немесе бойтұмар саналған.


Сабақты бекіту: 1.Сақтардың ғарыш туралы түсінігі қандай ? 2. Мәңгілік өмір сүру идеясы, өмір мен өлім арасындағы күрестің бейнеленуіне сипаттама беріңдер. 3. Адамзаттың табиғатпен байланысты өмір сүруінің бейнеленуі қандай деректерде кездеседі ? 4. Көшпелілер әлем бағытын қалай анықтаған? 5. Анимизм дегеніміз не? 6. Рухани мәдениетті қалай түсінесің?

Бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды берген жауаптарына қарай және жасаған жұмыстарына қарай бағалау. Үйге тапсырма: §24. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру



© 2010-2022