Ұлы Отан соғысына - 70 жыл (Сыныптан тыс шара, 8-сынып)

8-сыныпқа "Ұлы Отан соғысына - 70 жыл" атты тақырыпта өткен тәрбие сағатының негізгі мақсаты оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Раздел История
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Ұлы Отан соғысына - 70 жыл»

Мақсаты:

а) білімділігі: Ұлы Жеңістің тарихына шолу;

ә)дамытушылығы: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

б) тәрбиелілігі: Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Әдісі: Интерактивті технология.

Барысы:

І.Ұйымдастыру

Сен құрметте оны

Сен құрметте оны!

Түсіндің бе, қарағым?

Ол ақшаға сатқан жоқ

Тізеден кесіп аяғын.

Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ

Қолтықтағы ұзын таяғын.

Кеше елге қатер төнгенде,

Ол жауға қарсы шықты.

Бізді жалмамақ болған ажалды.

Өр кеудесімен қақты.

Ол арыстанша алысты.

Өлім соққысын өз үстіне алды.

Денесін оқ пәршелесе де,

Ел намысын қорғап қалды.

Сен құрметте оны!

Түсіндің бе, қарағым?

Сенің келешегің үшін берді ол

Азаттық жолына аяғын!

Топтастыру:

Оқушылар сурет бойынша топтарға бөлінеді.

Әрбір бала өз тарихын қадірлеп,Отанына,туған жеріне деген сүйіспеншілікпен қараса,болашақта өз-өзін танумен қатар,өміріне нық сеніммен қадам басады.

1.Тапсырма.

Берілген сандарды пайдаланып сөз қозғау.

1910, 1982, 1945, 1941, 9, 22, 6, 70, 4, 1 млн 870 мың

Бейнематериал көрсетіледі. Оқушылар берілген мәлімет бойынша сөйлейді.

1-топ: Кеше

2-топ: Бүгін

3-топ: Ертең

2.Тапсырма. Мақалдар да сөйлейді.

1. Отан оттан да ыстық .

2. Өзге елде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол.

3. Отан үшін отқа түс күймейсің.

3.Тапсырма. Ән саламыз бәріміз. «Ақ көгершін» әні хормен орындалады.

Қорытынды.

Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт - берекең - атаң қымбат
Туып - өскен елің қымбат
Кіндік кескен жерін қымбат

© 2010-2022