Өзгент қаласы және оның Сыр өңірі тарихындағы маңызы ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ....................................................................................3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Өзгент қаласы туралы зерттеулер ...............................5

2. 2 Өзгент қаласының тарихы ..........................................10

2.3. Өзгент қаласының орнына сапар ...............................14

ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................15

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ..................................16


















Аннотация



Қазақстан жері сырлы шежірелерге бай. Сыр теріскейінде көлбей жатқан Қаратау маңы ата қоныс. Қазақ елі тарихының бір беті де осы Қаратауға байланысты. Қаратау мен Сыр өңірінде ел мекендеп, ата - бабамыз қолына семсер ұстап, тегеурінді жауға тұрғаны да белгілі. Өз иеліктеріне аты шулы қалалар да тұрғызған. Мал да баққан, егін де салған. Бірақ, сол қалалар өзінің бүгінгі мұрагеріне бүтін жетпей, тек үйінділері ғана қалған. Талай төмпек астында қайнаған сыр, сарғайған тарихымыз ертедегі дәуіріміздің құпиясын қойнына тығып сіресіп жатыр.

Сыр бойында қала да мол, ол туралы аңыз да көп. Ол қалалар «Сауран», «Ақтөбе», «Бестам», «Өзгент», «Көккесене» т.б. Ежелгі Сығанақ шаһарымен қатар есімі әйгілі болған Өзгент қаласы да сырға тұнып, мен мұндалайды.
Бұл ғылыми жұмыста Өзгенттің қай ғасырда пайда болғандығын, оны кімдер зерттеді, бұл қаланың Сыр тарихы үшін маңыздылығы сөз болады. Болжамдарға сүйеніп Бестам қаласының тарихи сырын ашпақ ойымыз бар.



















Кіріспе

Баяғының аңызы,

Айтсақ кірер маңызы.

Ежелгінің аңызы,

Ескергенге маңызды.

Манас жырынан


«Сыр - Алаштың анасы». Бұл - көненің көзі, мәдени мұралардың асыл көмбесі, талай тарихты қойнауына бүккен, талай тарланды қанаттандырған Қызылорда жайлы Елбасының сөзі.

Қазақтың байтақ даласына қарап, Алла Тағаланың өзі қазаққа пейіліндей дархан, көңіліндей кең атырапты сыйға тарта салған-ау деп тамсанасың. Алтай мен Алатаудың арасын алып жатқан құлан даланың қай тұсын болмасын Жерұйық дерсің… Сыр елі де - сондай сырлы да жырлы қасиетті мекен.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тұран ойпатында бағзы замандардан Мауеренаһр, Түркістан, Сыр елі аталып, бабаларымыздың қасықтай қаны мен ащы терімен суарылған осынау көпті көрген сілемдері мен қатпарлары көп Қаратау, Орталық Азияның асқар шыңдарынан бастау алып, Яксарт, Сейхун, Сырдария аталған өмірлік өзен бойы жаратылыстарынан бері кімдерге пана, кімдерге қорған, кімдерге құтты қоныс болмады десеңші. Қазақ халқының, елінің басына қара бұлт үйіріліп қасіретті күн туғанда қасиеті мол Сыр елі туған халқына тас қамал, ашыққанға азық, тозып келгенге топ құрып, еңсесін көтерген алтын бесік болғаны тарихи шындық. Сондықтан да, бұл көне заман куәгерлері айдарымен көңіл қойнауынан ақтарылар сөз, пікір, тұжырым сол өткен тарих куәгері қарт Қаратау мен Сырдың сылаңдаған сұлуы Сырдария атынан айтылады. [ 1, 10-б.]

Дүбірлі дүлдүлдердің ізі қалған,
Жүлделі жүйріктердің жүзі жанған.
Ежелгі Сырдың елі, жырдың елі,
Киелі, қасиетті ел-мекенім, - деп,

Махмұтбай Әміреұлы жырлағандай, біздің өлке ғасырлар бойы тарихтың қаншама оқиғасына куә болған, шежіреге, тарихқа бай өлке. Сығанақ, Өзгент, Артық-Ата, Келінтөбе, Аққорған, Абызтөбе, Бұзық, басқа да ІХ-Х ғасырларда оғыздардың басты қалаларының бірі болған, кейіннен қыпшақ мемлекеті мен Ақ Орда хандықтарының астанасы болған Сығанақ қаласы туралы аз жазылған жоқ. Өзгент қаласының тарихы да өз алдына бір төбе.

Зерттеу мақсаты: Сыр өлкесіндегі ежелгі орындардың бірі - Өзгент қаласының өмір сүру және зерттелу тарихымен танысу. Ескі қаланың орнына саяхат жасау арқылы, ондағы тарихи орындармен танысу, қаланың өңір тарихындағы алатын орнын айқындау, ол жайындағы ғалымдардың пікірлеріне талдау, сараптау жүргізу.

Міндеттері:

  • Қала туралы зерттеулермен танысу,

  • Тарихи кезеңдерге сипаттама беру;

  • Ескі қала орнымен танысу;

  • Көнекөз қариялардан сұхбат алу.



Негізгі бөлім

2. 1 Өзгент қаласы туралы зерттеулер

Көпті көрген көнекөз қариялардың айтуына қарағанда, бағзы заманда Аралдан шыққан лақ үйлердің шатырынан-шатырына секіріп отырып, Бұхараға дейін барады екен. Бұл әсірелеп айтқан сөз болғанымен, Сыр бойындағы көне қамалдар мен қорғандардың қазіргі кезде төбеге айналған ескі орындары осы ойға еріксіз жетелейді. Отырар, Сауран, Өзгент, Аққорған, Ордакент, Сығанақ, Баршынкент, Жент тағы басқа шаһарлардың орын тебуі және Ұлы Жібек жолының осы өңірден өтуі Сыр бойының тұнып тұрған шежіреге толы екендігін көрсетеді.

Ал мұндай базарлы да ажарлы өңірден елі қадірлеп, халқы ұлық тұтар біртуар азаматтардың шықпауы да мүмкін емес. Кезінде елдің тізгінін ұстаған ақылды хандар да, қара қылды қақ жарып әділін айтқан билер де, халқына қорған, қарыс сүйем жерін жауға бермей күрескен батырлар да, білімдар ғұламалар да, өзінің қадір-қасиетімен әулие боп танылғандар да, халқының сүйіспеншілігіне бөленген ақын жазушылар мен өнер иелері де, қоғам қайраткерлері де Сыр бойында аз болмаған. Бұлардың көбісі қазір тарихи тұлғаларға айналған.

Сыр бойы осындай шежіреге толы өңір, тұнған тарих. Бір ғұлама: «Өткен тарихты білмеген адам нәресте күйінде қалады», - деген екен. Бұл орынды айтылған түйінді сөз. Өйткені, өткен тарихымызды білмей, бүгінгімізді танымай, ертеңгі күніміздің де басын ашып айтуымыз қиын. Сондықтан өткенімізді өзіміз тануымызбен бірге оны қазіргі өскелең ұрпағымызға да таныта отырып, ата-бабаларымыздың өткен өнегелі жолын насихаттай білуіміз үшін жасалып отырған осы зерттеуіміздің маңызы зор болмақ.

Өзгент, Өгізкент - Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Ақжол ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км жерде. Ортағасырлық араб деректерінде Сырдарияның сол жағалауындағы сауда орталықтарының бірі болған қала ретінде жазылған.

Араб саяхатшыларының тарихи-әдеби жазбаларында Өзгент арабтар келгенде бар еді. Кейбір деректерде ол Үзжан болып та кездеседі. Сол кезеңде Мауеренаһр мен Шығыс Түркістан аралығындағы сауда жолы осы Өзгент арқылы өткен көрінеді. Араб саяхатшысы Әл-Истрахи Өзгентті Мауеренаһрдың ең соңғы қаласы деп көрсеткен. Ал Ибн Хордадбек Өзгентті Дихан Гүртегіннің шаһары деп, онда отқа табынушылар тұратынын айтқан.

Араб географы Ибн Хаукал мынадай мәлімет қалдырды: «Өзгент түріктердің қақпасы болып табылады. Бұл «Жеті қоныс» деп те аталады» десе, XI ғасырдағы анонимді шығарма «Худуд әл-алам»: «Өзгент Ферғана мен Түрік елінің шекарасындағы қала. Оның шетінен екі өзен ағып өтеді, бірі - шығыстан келетін Ваднч, екіншісі - қарлұқ елінен келетін Барысхан»,-деп көрсетеді.

Шығыстанушы - ғалым В.М.Жирмунский «Оғыздардың Сырдарияның төменгі ағысындағы ежелгі мұралары» деген еңбегінде Өзгент атауының төркіні оғыздармен байланысты екендігін айтады. Мұның жөні дұрыс секілді. Өйткені тарихи деректерге қарағанда, ҮІІІ-ІХ ғасырлар шамасында Қаратау бөктері мен Сырдария алқабын оғыз тайпалары мекендеген заманда Өзгент аты шыққан шаһар болған. Сол кезде Өзгент атауы «Оғызкент» болуы да мүмкін. Сонда қала аты «Оғыз» және «кент» деген сөзден құрылған. Кент «қала» дегенді білдірсе, «Оғызкент» айтыла келе дыбыс үндестігіне байланысты «Өзгент» болып өзгеріп, солай қалыптасып кеткен екен.

Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.



Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы ала аласыз!

9

© 2010-2022