Баяндама Тақырыбы: «Ауыл жағдайы жастар көзімен»

Раздел История
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:




ІІ секция:

Тақырыбы:

«Ауыл жағдайы жастар көзімен»





Орындаған:

Тарих, экономика және

құқық негіздері пәні мұғалімі

Ізбас Сенім Айтжанқызы





2016 - 2017 ж.ж








Жоспар:

І. Кіріспе:

а) «Қазіргі қазақ ауылы»

ІІ. Негізгі бөлім:

а) "Ауыл жағдайы жастар көзімен "

ІІІ. Қорытынды:

а) " Менің қиялымдағы болашақ қазақ ауылы қандай болмақ?"

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:






І. Кіріспе:

а) "Атамекен - туған жер "

"Бір әңгіме қозғашы - ауыл жайлы, одан артық әңгіме табылмайды "

Бұзылмас қамалы, батыры уақыттың,

Тербеген самалы, бесігін бақыттың.

Өз елім менің, өзегім менің,

Жырыма қосып жүремін,

Төрім деп менің, жырым деп менің.

Соғады мәңгі жүрегім, - деп жерлес ақиық ақынымыз Қадыр Мырза-Әлі жырлағандай әрбір қазақ баласының жүрегінде жатталған қасиетті бойтұмардай ұғым бар. Ол - ауыл.

Ауыл десе, қазақ деген сөз қатар ойға оралатыны әркімге аян. Ия, ауыл әрбір қазаққа етене жақын. Мейлі ол қалалық болсын, тағдыр жазуымен басқа өлкеде жүрсін, әйтеуір ауылға деген бір ыстық сезім қазақ баласының бойынан табылары анық.

Тарихыңды зерттемесең анықтап, болашаққа ұша алмайсың шарықтап, - демекші тарих бүгінгіден гөрі болашақ үшін өткенге баға беру емес. Ақиқатты түсініп, сезіну үшін қажет деп ойлаймын.

Егеменді еліміздің тәуелсіздік алып, өзге елдермен терезесі тең, крегесі кең, жеке мемлекет ретінде қалыптасып, дамып келе жатқанына, міне 25 жыл. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы республикамыздың саяси және мәдени рухани өміріндегі тарихи оқиға, міне, еңселі қазақ елі тәуелсіздігінің 25 жылдығымен барша дүйім жұртты құттықтайымын!

Бүгінде еліміздің сонау ғасырлар қойнауының қатпар - қатпар тарихын, ақыл мен парасаттың ұлы көріністерін еншілеген халқымыздың ежелгі заманнан бастау алатын қымбат тарихына тереңірек үңілсек, көз алдымызға сонау қазақ елінің сан ғасырларға созылған ұзақ тарихында қилы- қилы асулардан өтіп, талай шерлі заманды басынан кешіргені елестейді.

« Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұлан-ғайыр жер берген, астын-үстін үстін толтырып кен берген, мейірбан, ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген. Демекші, біз - тарих пен тағдырдың бұралаңы көп жолдар мен ғасырларға созылған ұзақ уақыттағы қиыншылықтардың барлығын басмыздан өткеріп келген елміз. Бүгінгі күні тәуелсіздікке қолы жеткен егеменді елміз. Мұны , осы 27 жыл ішінде есті адам есіне алып түсінетін тарихи даму жолы демекпін.

Ауыл - қазақтың қаймағы, нағыз бет - бейнесі деген сөз. Ауылдың қадір - қасиетіне аса мән беріп келгені қазақи ұғым - пайымдардан да байқалады. Бабаларымыздың төккен қаны, аққан тері, көз жасы арқасында қазақ халқының ұлағатты арман мұраттары орындалды. Тарыдай шашыраған ұрпағы жерге қарамады. Ата - бабамыз өмірден өзі жылап өтсе де ұрпағының өмірі өксімесін, өгей баланың күнін кешпесін деп, қалған ұрпаққа аманат етті. Ұрпақтары өзіне жүктелген аманатты орындап, егемендікке қол жеткізген ғасырдың ерекшелігі де осынау жастық кезеңнен бастау табуында деп түсінемін. Бұл міне, өзіне жұктелген аманатын орындау жолындағы бетбұрыс бүгінгі тәуелсіздіктің жемісі, соның айғағы емес пе?

Туған ауылым Тасқұдық ауылы туралы ой толғамау мүмкін емес! Тасқұдық ауылының негізі 1928 жылы «Смычка» ауыл шаруашылық учаскесі болып құрылады. Кейін ауыл іргесі 1931 жылы «Тасқұдық» астық кеңшарының құрылуына байланысты қаланды. 1932 жылы Тасқұдық совхозы болып құрылды. Құрамында Талдыбұлақ, Аққұдық, Тінәлі, Қырыққұдық атты 4 бөлімше болған.Совхоз директоры болып Л.Н Паршин деген азамат тағайындалған. Совхоз құрылған кезде 2006 ірі қара, 300 басқа жуық жылқы және ШТЗ-65 маркалы дөңгелекті трактор болған. 1930 жылы Тасқұдық бастауыш мектебі ашылып өз жұмысын бастаған. 1930 жылы Тасқұдық бастауыш мектебі ашылып өз жұмысын бастаған. 1934 жылы жетіжылдық мектепке ауысты. 1941 жылы Тасқұдық жеті жылдық мектебін аяқтаған 16 оқушы аяқтаған. Олар мыналар:

1.Айдарбеков Қайыр

2.Асмамбетов Садиық

3.Бегалиев Каримолла

4.Бозаев Жайлау

5.Габбасов Муханбеткерей

6.Доскалиев Баттал

7.Дүйсембиев Дайдекен.

8.Машаев Кенже

1959 жылдың қыркүйек айынан бастап сегізжылдық мектеп болып құрылды.

1959-1968 жылдар аралығында 236 оқушы сегізжылдық білім алып шықты.

1968 жылдан бері мектеп орта мектепке айналып, 1365 оқушы бітіріп шықты.

3 оқушы - алтын медаль, 1 оқушы - күміс медаль, 3 оқушы - ерекше аттестат иегерлері. Әр жылдарда 6 ұстаз ҚР білім беру ісінің үздігі, 1 ұстаз КСРО білім беру ісінің үздігі, 2 ұстаз әдіскер ұстаз атағымен марапаталды. «Каз ССР білім беру ісінің үздігі», Ұлы Отан Соғысының ардагері М.Д Демжанов, «Каз ССР, СССР білім беру ісінің үздігі», Ұлы Отан Соғысының ардагері т.Қ Қажымұқанов, ҚР білім беру ісінің үздіктері У.Б. Көнеева, З.И. Нуржанова, З.Ғ. Нұрғалиева, З.М Матаева. 1954-1955 ж.ж С.Байсалов, 1955-1961 ж.ж. А.Аділешов, 1961-1962 ж.ж С.Сыйқов, 1962-1969 ж.ж. Р.Валиев мектеп директорлары қызметтерін атқарған. Кейін 1940-1949 жылдары совхозға И.Н Валинович деген азамат басшылық жасайды.Бұл кезең совхоз тарихында ең ауыр жыл болған. Ұлы Отан соғысы жылдары « Бәрі Жеңіс үшін, бәрі майдан үшін» деген ұранмен совхоздың еңбеккерлері бір адамдай жұмыс істеді.Облыстық «Трест» мекемесі бұйрығымен 1949 жылы А.А Семиченко директор болып тағайындалды.Бірте - бірте шаруашылықтың экономикасы көтеріле бастады. Ауданда ең біріншілердің қатарында типтік жобамен үйлер салына бастады. Сол жылдары жаңа бастауыш мектеп салынды. 1952 жылы астық қоймасы салынды. Кейін 1956 жылдың наурыз айында «Смычка» және «Тасқұдық» совхоздары қосылып ірілендірілді де, совхозға Т.Тәжібеков директор болып тағайындалды. 1954 жылы 23 ақпан - 2 наурызда КОКП Орталық Комитетінің Пленумы елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы қаулының алға қойған міндеттерді орындаудың аса маңызды шарттарының бірі колхоздар мен совхоздарды ұйымдық-шаруашылық жағынан одан әрі нығайта түсу болып табылады» деп атап көрсетілді. Сол жылдары Тасқұдық ауылы егістің көлемі 25 мың гектарға дейін жеткізілді. Жаңадан шеберхана, астық қоймасы, жанармай қоймалары салына бастады. Бұл кезеңде кеңшарды ғалым - агроном Ғабдуллин Қайырғали басқарып өте іскер ұйымдастыру қабілетімен көріне білді. Егістіктің көлемін 30 мың гектарға жеткізді. Жаңа агротехниканы қолдана бастады. Совхозға К-700, К-701 жаңа техникалары мен комбайндар келе бастады. 1968 жылы совхоз үкіметке 3 млн пұт астық, 10 мың центнерет өткізді. Ауданда ең алғашқылардың бірі болып көпжылжық шөп (житняк) оның көлемі 10 мың гектарға жеткізіліп, мал тамағы проблемасын шешті. Сөйтіп совхоз еңбектегі жетістіктері үшін Бүкілодақтық социалистік жарыстың жеңімпазы атанып, ауыспалы Қызыл Тумен марапатталды. А.А Хорошилова 1956 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру үшін Қазақстанға жолдама алады. Облыстық ауыл шаруашылық басқармасының шешімімен Жымпиты ауданың (Қазіргі Сырым ауданы) Тасқұдық совхозының № 3 бөлімшесіне агроном болып қызметке келеді.1957 жылдары Алатау мен Тінәлі бөлімшелерінде еңбек жолын жалғастырады. 1971 жылы Облыстық Кеңестің, Жымпиты аудандық Кеңестің депутаты болады.

ІІ. Негізгі бөлім:

а) "Ауыл жағдайы жастар көзімен "

ХХІ ғасыр тарих табалдырығынан аттағалы бері, бүгінде Қазақстан мемлекеті ғаламдастыру атты үлкен кезеңдерден сүрінбей өтіп, керемет жаңалықтар мен жетістіктерге толы, сұрапыл сан ғасырды артқа тастап алға қарыштап дамуда. Осы уақытта еліміз әр түрлі діни, саяси және экономикалық түйіткілдердің шешімін тауып, талай сындарлы жолдардан өткеніне қарамастан өзінің ішкі Тәуелсіздігін сақтай білді. Елбасының салиқалы саясатының арқасында ұлтаралық келісім, қоғамды тұрақтылық пен қамтудың өзіндік моделі жүзеге асырылып келеді. Мемлкетіміздің тұрақтылығына, экономикамыздың өркендеп дамуына, өркениетті ел ретінде танылуына тек Конституциямыз кепіл бере алады. Бейбіт елдің бақытты халқы, үмітін үзеңгі қылған елдің перзенттері ретінде түп-қазығымыз АТА ЗАҢЫМЫЗды, ТІЛІМІЗДІ, ДІНІМІЗДІ, ДІЛІМІЗДІ ардақтасақ, осынау істе бірігіп қимылдасақ еліміз әлі-ақ талай белестерді бағындырып, үлкен жетістіктерге жететіні сөзсіз. Оған дәлел ретінде әлем картасынан ойып тұрып орын алған Қазақстан атты жас мемлекеттің Президенті Н.Ә Назарбаев -артынан ерген қалың елінің сеніміне ие болған, әлемге өзінің сындарлы саясатымен танымал болған, ата өсиетін, ана ғибратын өмірлік азық еткен Елбасының ғажайып парасаттылығы мен пайымы, ұлтжандылығы арқасында бүгінгі уақытқа дейін бейбіт әрі тыныш өмір сүрудеміз.

Ең асылы - біз көп ұлтты мемлекет, ел бола отырып, халықтар арасындағы достықты, тыныштықты сақтай білдік. Бұл қазақ халқының ауыз бірілігінің арқасында жүзеге асырылып келеді. Ғылым мен техниканың жетістігін пайдалану арқылы ХХІ ғасырдағы менің қиялымдағы ауыл болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, рухани табыстарға қол жеткізетініне сенімдімін. Ұлттар бірлігін қамтамасыз ете отырып Елбасымыз өз халқына, ұлтына зор сенім жүктейді: «Өз ұлтын сүю, шын мәнінде нағыз қазақ болу - өзге ұлт өкілдеріне астамшылдықпен қарау деген сөз емес», - деп ескерте келе: «Мемлекетіміздің діңгегі - қазақ халқы. Ел де, жер де - қазақтікі. Ел болудың ұяты да біздің жұрттың мойнында», деп өз халқының алдына ауыр міндеттер қойды. Әрбір жылды қоғамымыздағы өзекті бір салаға арнап келе жатқаны көкейге қонады. «Ауылдың амандығы, елдің амандығы», «ХХІ ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанатын ғасыры болатынына сенемін» - деп Елбасы өзі атап айтқан сөздеріне үлкен үмітпен қараймын. Соның дәлелі ретінде ауылымыздың әлеуметтік саласы бойынша Елтай ауылдық округінде 2 елді мекен бар, жалпы территориясы - 72 956 шаршы км. Тасқұдық ауылы округтің орталығында орналасқан елді-мекен; аудан орталығынан 75 км. қашықта, облыс орталығынан 220 км. қашықтықта, теміржолдан 60 км. қашықтықта орналасқан. Елтай ауылдық округінде 523 - адам, 103 аула бар. Округте 4 ана «Алтын алқа» иегері, 7 ана «Күміс алқа» иегері. 42 студент, 4 сәби дүниеге келіп.105 - зейнеткер, 16-мүгедек, ресми тіркелген жұмыссыздар саны - 18, 22 мұғалім, оқушылар - 49, мектеп алды даярлық сыныбында 4 оқушы, жұмысшылар мен қызметкерлер саны - 102, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар - 27 адам. Сайлаушылар саны -315 адам.

Округтің әкімшілік кеңесінен үйден оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларға әкімшілік кеңсесінен бір кабинет беріліп, әлеуметтік қызметкер Ә.Қойбағарова жұмыстар жүргізуде. Мүмкіндігі шектеулі 4 балаға «Тәтті үстел», сыйлықтар үлестірілді.

«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес 8 отбасының 20 баласына тиісті 103860 теңге жәрдемақы тағайындалды. «Қарабура» шаруа қожалығына бекітілген кіріс көзі төмен екі отбасына үш тоқсанға 30 200 теңгеге азық - түлікпен көмек көрсетіп келе жатыр.

Жыл басынан бері 14 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. Округ көлемінде ақылы қоғамдық жұмыс арқылы көше тазалығы жұмыстары атқарылуда. Ресми жұмыссыздар есебінен бес азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. 1-әдіскер, 1-әлеуметтік қызметкер, 1-электрик, 1-автокөлік жүргізуші, 1-аула сыпырушы, 1- күзетші, 12 адам газ операторы жұмысына орналасты.

Жастар практикасымен Тастемирова Айгүл мектепке аспазшы мамандығы бойынша шілде айында және қазан айынан мамандығы кітапханашы мамандығы бойынша Ахметкалиева Раушан тартылып тәжірибеден өтуде.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орнына биылғы жылы «Берік - 2» шаруа қожалығына 1 адам алты айға жұмысқа тартылды.

Былтыр қараша айынан бастап мемлекеттік нысандарға мектеп, дәрігерлік пункт, әкімшілік кеңсе, мәдениет үйі газбен жылыту жүйесі іске қосылып, ауыл тұрғындарының 49 үйіне газ кіргізілді, кәзіргі уақытта 15 азамат газ кіргізуге қаражаттарын төлеп, кіргізу жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2013 жылдың шілде айына дейін 7 әкімшілік хаттама толтырылды. Округ бойынша қоғамдық тәртіп бұзушылық тіркелген жоқ. Жыл басынан бері сегіз рет ауыл тұрғындарының жиыны өткізіліп, онда өзекті мәселелер талқыланды, қатысқан адам саны - 371.

Денсаулық саласы бойынша округ көлемінде 2 медициналық пункт жұмыс жасайды. Денсаулық саласы бойынша дәрігердің қарауында ересектер 625, балалар 256. «Д» есепте 147 ауру түрімен 19 адам тұр, 153 азамат скринингіден өткізілді. 0 мен 18 жасқа дейінгі 102 бала скринингіден өтті. Туберкулезбен есепте 1 адам тұр. Тегін дәрімен қамтылғандар ересектер - 64 адам, балалар - 56. Мектеп жасындағы балалар профосмотр - 59. Мамография - 19 әйел азаматшалар өтті. Колкоскопия - 20 әйел азаматшалар өтті. 21-мамыр күні аудандық ауруханасының жанындағы жылжымалы дәрігерлік автокөлік ауыл тұрғындарын тексеруден өткізді. 15.07.2013 жылы Донорлар күніне округтен 13 адам қатысып 4-әйел адам, 9-ер адам қан тапсырды, флюрографияға 273 адам түсті.

Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер

Тасқұдық мәдениет үйі 1971 жылы типтік жобамен салынған, сыйымдылығы 425 орындық. Мәдениет үйі жанынан «Гүлраушан» би үйірмесі жұмыс жасап, әр мерекелік шараларда өз өнерлерін көрсетуде Жыл басынан кітап қоры 13 205, келген жаңа әдебиет 91 кітап, оқырманның барлығы - 1599, соның ішінде 14 жасқа дейін - 100 бала.

Жыл басында кітапхана және мәдениет, мекеме қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына жолдауына арналған әкімшілік кеңсесінде дөңгелек үстел өткізіліп, жолдауды талқылауға 25 адам қатысып бірауыздан қуаттайтынын, алға қойылған міндеттерді орындауға бар күш-жігерімізбен жұмыстанамыз. Сонымен қатар «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылып «Мәдени мұра ел байлығы» тұрақты кітап көрмесі жасақталды.

2013 жылдың қаңтар айының 18 күні Мәдениет үйінде мәдениет қызметкерлермен бірлесіп ақын, әдебиет зерттеушісі, аудармашы, қазақ тілі білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлы 140 толуына орай «Ұлт ұстазының ұланғайыр еңбегі» атты әдеби кеші өткізілді.

8 ақпан күні жерлесіміз, ақын, қолөнер шебері Дәмелі Құсайынқызының 75 жасқа толуына орай «Өнерімен өнеге» - атты әңгіме сағаты өткізілді. 22 ақпанда «Ислам тағылымы» атты пікір талас кеш өтті және «Ислам діні - Ғылым» атты көрме ұйымдастырылды. Шараға 8-9 сынып оқушылары қатысты.

Ақпан айының 24 күні ауыл әкімшілігі мен әдіскердің ұйымдастыруымен тұрғындарға салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды спортқа баулу барысында волейболдан мекемелер арасында жарыс мектеп спорт залында өткізілді.

Сондай-ақ 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні, Наурыз ұлттық мейрам кең көлемде атап өтілді. Еңбек ардагерлеріне мерекеге байланысты дастархандар ұйымдастырылып, үлкендерге сый-құрмет көрсетілді. Мәдениет қызметкерлері, мектеп, ауыл жастарымен бірлесіп мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Аудандық мәслихат депутаты Қ.К.Исатаева есеп беру кездесу жиналысында әкімшілік реформа туралы хабарлама жасады.

1-мамыр күні округ бойынша Мәдениет үйінде мерекеге арналған салтанатты жиналыс өтті. Жиналыс соңынан мерекелік концерттік бағдарлама беріліп, онда мектеп оқушылары әр ұлттың ұлттық киімдерін әзірлеп, билерін орындады.

Тасқұдық ауылының ктапханасында мерекеге арналған «Ынтымағы жарасқан ауыл» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, осы шараға мектеп оқушылар мен ауыл жастары қатыстырылды.

Округ бойынша Отан қорғаушылар күні мен 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 68-жылдығы салтанатты түрде атап өтілді. Мәдениет үйінің саябағында орналасқан «Белгісіз солдат» ескерткішіне округтің мекемелері гүл шоқтарын қойып, қанмайданнан оралмағандарды еске алды.

6-мамыр күні Тасқұдық ауылының Мәдениет үйінде округтің тыл еңбеккерлері мен ардагерлері ЖББ Тасқұдық орта мектеп-балабақша кешені оқушыларының қатысуымен «Алға сарбаздар» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, ауылдан Отан алдындағы борышын өтеуге жүргелі отырған жас жауынгерлермен кездесу өткіздік.

Мерекелік шаралар ЖББ Тасқұдық орта мектеп - балабақша кешенінің спорт алаңында жалғасты, 100 метр, 1000 метр қашықтықта жүгіру жарысы ұйымдастырылды. Жарыс жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.

1-маусым «Балаларды қорғау күні», 31-мамыр «Қуғын-сүргін құрбандарын» еске алу күні Тасқұдық ауылының Мәдениет үйінде атап өтілді.

4-маусым Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіздігіміздің белгісі» атты Мәдениет үйінде мееркелік-салтанатты жиналыс өтті. Салтанатты жиын мерекелік концертпен жалғасты.

Сағат 1500-де ауылдық кітапханада мектеп оқушылары арасында «Сен білесің бе, сүйікті Отанның рәміздерін?» атты сұрақ-жауап кеші өткізілді. «Қазақстан Республикам менің» атты кітап көрмесі өткізілді.

Округтегі «Ардагерлер алқасы», «Қоғамдық бірлестік құрамы», «Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі» құрамы әкімшілікпен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіпті бұзбау, тазалық жөнінде жұмыстар атқарып келеді.

Мәдени - спорттық шаралар ай сайын өткізіліп отырады. Орталық Мәдениет үйінде әскери патриоттық сайыс, шахмат, волейбол, теннис спорттық ойын түрінен жарыстар жоспарға сай өткізіліп келеді.

Елтай ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік қызметкерлерінің қатысуымен «Мансап пен мінез» атты мақаласы таныстырылды. Мемлекеттік қызметкерлерге кеңсеге келген ауыл тұрғындарын жылы шырайлы қабақпен қарсы алып, қажетті құжаттарымен сұрақтарына дұрыс жауап беруі жөнінде және адамды құрметтеу бағытында түсіндірілді.

2013 жылдың 5 шілде күні Мәдениет үйінде Астананың 15 жылдығына орай салтантты жиналыс өтті. Жиыннан кейін «Астана-асқақ абыройымыздың айғағы» атты мерекелік концертіне ұласты.

2013 жылдың 6 шілде күні «Астана Ару қала» атты суретшілер байқауы өткізілді.

Мерекелік шаралар Жалпы білім беретін Тасқұдық орта мектеп-балабақша кешенінің спорт алаңында шағын футболдан ауыл біріншілігі өткізілді. Спорттық шараға ауыл жастары белсене араласып, жарысқа үш команда қатысып, жақсы ойын көрсеткішін көрсетті. Жарысқа барлығы 30 адам қатысты. Орын алғандар дипломдармен марапатталды.Өткізілген шара туралы аудандық қоғамдық саяси газетке мақала жарияланды.

25 шілде күні «Бәріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз» атты республикалық байқауда «Үздік спортшы» номинациясы бойынша Кажгалиев Алтынбек,

«Үздік би» номинациясы бойынша Айтқалиева Арайлым 1-ші орынға иеленіп, Орал қаласына жолдама алды.

19 тамыз спорт және туризм күніне арналған «Спорт денсаулықтың кепілі» атты «Қайсар» спорт клубы әдіскері Қ.Рыскуловпен бірлесіп акция өткізілді.

22- тамыз күні аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Сарғозыұлы Отарбай, «Нұр Отан»ХДП аудандық филиалының бірінші орынбасары Исанов Ерболаттың қатысуымен ардагерлер алқасының төрағасы Укеев Сайлаудың сегіз айлық есептің қортынды жиналысы өтті.

«Ата заңым-алтын қазынам» атты кітапханада кітап көрмесі өтті.

30 тамыз күні Мәдениет үйінде «Айшықты ата заң-азаттықтың айғағы» атты мерекелік концерт өтті.

1-қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиналыс болып, «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауына тәрбие сағаты өтті.

1-қыркүйек Білім күніне «Мектебім, менің мектебім» атты мектеп ұжымымен бірлесіп мерекелік концерт өтті.

Қыркүйек айында «Мектепке жол акциясы» өткізіліп мекемелер, қоғамдық бірлестік қаржылай көмек көрсетіп, мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мүмкіндігі шектеулі балалар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына сыйлықтар табыс етілді.

12 қазан күні «Мейірбандық күндері мен қарттар » күніне мектептің асханасында ас берілді, осы шараны өткізуге мекеме қызметкерлері мен ЖШС және ШҚ, жеке кәсіпкерлер қаржылай көмектер көрсетті.

Білім саласында

Тасқұдық негігі мектебі 1984 жылы 624 оқушыға типтік жоьамен салынған. 2013 жылдың оқу жылынан негігі мектеп атауын алды. Мектеп ұжымында 15 ұстаз,соның ішінде жоғары санаты 3 ұстаз, 1 санатты- 7 ұстаз, 2 саннаты 6 ұстаз және 16 техникалық қызметкерлер еңбек етеді

Мектепте 49 оқушы, мектеп алды даярлық сыныбында 4 оқушы. Тасқұдық негізгі мекетеп жанындағы бала-бақшада 15 бала тәрбиеленуде, 6 қызметкер еңбек етеді.

Тасқұдық негізгі мектебі жанынан аз қамтылған, көп балалы отбасының балаларына 40 балаға және Алатау бастауыш мектебінде 5 балаға ыссы тамақ пен қамтылған. Жазғы каникул кезінде мектеп жанынан ІІ кезеңге лагерь ұйымдастырылып 45 бала қатысты. Тоғанас ауылындағы «Ұлан» лагеріне 10 бала, Бұлан ауылындағы «Достық» лагеріне 8 бала, Орал қаласындағы «Талап» демалыс лагеріне 1 бала қатысты, жалпыға бірдей білім қорынан 15 балаға 43,99 киім-кешек берілді,

Алатау бастауыш мектебінде 5 бала оқиды, мекетеп жанындағы шағын орталықта 8 бала тәрбиеленуде.

Соңғы 5 жылда ҰБТ-де алдыңғы орындардан көріне білдік мысалыға:

2008 - 2009 ж.ж - 73, 17 % ІV орында

2009 - 2010 ж.ж - 97, 15% І орында

Қазақ тілі - 20, 6%

Орыс тілі - 13, 6%

Қазақстан тарихы - 19, 6 %

Математика - 12, 2 %

Биология - 18, 3 %

Қазақ әдебиеті - 18 %

2010 - 2011 ж.ж - 87, 48% ІІІ орында

Қазақ тілі - 20, 6%

Орыс тілі - 13, 6%

Қазақстан тарихы - 19, 6 %

Математика - 12, 2 %

Биология - 18, 3 %

Қазақ әдебиеті - 18 %

2011 - 2012 ж.ж - 77, 39% VІ орында

Қазақ тілі - 18%

Орыс тілі - 14%

Қазақстан тарихы - 16, 5%

Математика - 8, 5 %

Биология - 20 %

Д.ж тарихы - 25 %

2012 - 2013 ж.ж - 77, 68% V орында

Қазақ тілі - 22%

Орыс тілі - 15, 6%

Қазақстан тарихы - 15, 9 %

Математика - 11, 6 %

Биология - 18 %

География - 19 %

2008 - 2009 оқу жылындағы тамыз маслихатында «» тақырыбындағы ашық сабағы аудан көлемінде таратылуға ұсынылған. 2009 - 2010 оқу жылы Сырым аудандық "Сырым жастары" жастар қоғамдық бірлестігі мен "Жас Отан" жастар қанаты аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналып, Кеңестер Одағының батыры, халық қаһарманы, көрнекті жазушы, гвардия полковнигі, белгілі қолбасшы БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ 100 жылдығына орай өткен «ӨРЛІКПЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР» атты Батыс Қазақстан облыстық ғылыми- тәжірибелік конференциясында

ұстаздар арасындағы шығармашылық байқауда ІЗБАС СЕНІМ АЙТЖАНҚЫЗЫ «Алғыс хатпен»марапатталды. 2009 - 2010 оқу жылында Мұқатаева Асылзада мектептің намысын қорғап «Алтын белгі» иегері аттанды, дал осы жылы физика пәні мұғалімі Қдырғалиев Манарбек

Мұратұлының жетекшілігімен Есенов Есбол облыстық ғылыми жобалар байқауына қатысып алғыс хатпен мараппаталды. 2010 - 2011 оқу жылында

2011 - 2012 оқу жылында тарих пәні мұғалімі жас маман Ізбас Сенім Айтжанқызының оқушысы Набиолла Анаргүл тарих пәні бойынша аудандық олимпиадада ІІ орын иеленіп сол жылы «Алтын белгі» иегері атанды.

Ауылшаруашылық саласы бойынша:

01.09.2013 жылдың есебімен жекелер мен шаруа қожалықтарында 882 бас ірі қара, соның ішінде 346 бас сиыр, 1644 бас қой, 189 бас ешкі, 532 бас жылқы, 920 құс бар.

Ауылшаруашылығы малдарын бірдейлендіру бойынша 2013 жылы 200 бас ірі қара малдарына сырға салынды, 913 бас ұсақ малға сырға салынып, бірдейлендіру дерекқорына (ИСЖ) түсірілініп, құжаттары берілуде. Мал басының тұқымын асылдандыру бағытында Орал қаласынан ЖШС «ЖайықПлемСервис» мекеме қызметкерлері қазақтың ақ бас сиыры және сименталдық асыл тұқымды бұқалардың тұқымдары әкелініп, бүгінгі таңда 205 бас ірі қара малы малды қолдан ұрықтандыру пункітінде өткізілді.

Биылғы жылы аудандық МКК «Ветеринариялық ветстанция» мекемесі округтегі мал қорымы қажеттілікке жарамауына байланысты, жаңа мал қорымын жеке кәсіпкер «Кусниденова» арқылы стандартқа сай маусым-шілде айларында салды.

Мал дәрігерлік шаралар жоспарға сай атқарылып келеді туберкулезге қарсы 2400 бас, құтыру ауруына қарсы 500 бас ірі қара, 800 бас ұсақ малы, жылқы 100 бас, мысық 100 бас, құс тұмауына 900 бас, эхинококкозға 100 бас, жылқы маңқасына 100 бас, сібір жарасына 1100 бас ірі қара, 1900 бас ұсақ малы, қарасанға қарсы ірі қара 1400 бас, пастереллезге 500 бас ірі қара. Бруцеллез ауруына қарсы 500 бас ірі қара малы, 3000 бас қой-ешкіден қан алынып Аудандық ветеринариялық зертханадан тексерістен өтіп ауру анықталған жоқ. Мал дәрігерлеріне «Нива» жаңа автокөлігі берілді.

Округтің ауылшаруашылық құрылымдары негізнен егін және мал шарушылығымен айналысады. Округте заңды түрде тіркелген бір ЖШС және 10 ШҚ бар. Биылғы көктемгі егіс еккен «Тінәлі» ЖШС 4500 га бидай, «Берік-2» ш/қ 650 га бидай, 50 га арпа екті. Барлығы: бидай 5240 га, арпа 90 га егіп, егін шабу науқаны аяқталып барлығы 34700, соның ішінде бидай 34100 цн, арпа 150 цн. алынды.

Биылғы жылы округ бойынша 25 920 цн мал азығын дайындау жоспарланса, кәзіргі таңда 28 000 цн мал азығы дайындалды. Мал азығын дайындауға 10-трактор, 8-агрегат, 16-орақ, 21-адам қатысты. 28-қыркүйек ауданда Елтай ауылдық округінің ауылшаруашылық өнімдерінен жәрмеңке өткізілді.

Орта және шағын бизнес

Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың негізгі мақсаты жаңа жұмыс орындарын ашу жұмыссыздықтты жою мақсатында 2012 жылы «АЙФАЙБАЙ» ЖШС басшысы Ізбас А.Ф 3 млн кредит алып, ол қаражатты 10 бас-ірі қара және 96 бас қой алып, қазіргі таңда мал басын көбейтіп нәтижесінде 2 есеге арттырып жұмыстануда

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша «Дәурен» шаруа қожалығының жетекшісі Есеналин Саламат 1 млн. теңге алып, бүгінгі таңда ірі қара малдарын сатып алып жұмыстануда.

Санитарлық тазалық және абаттандыру

Сәуір-мамыр айларында санитарлық айлық жарияланып жекелеген тұрғын үй иелер үйінің айналасына қыстан қалған мал азығы мен күл-қоқыс қалдықтарын арнайы бөлінген полигон аумағына апарып төгу жұмыстарын жүргізілді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бағытында бөлінген ауылдық округтердегі күл-қоқыстармен иесіз объектілердің орындарын тазарту жұмыстарын жүргізу үшін бөлінген 540 000 теңге қаражатқа сметалық құжат жасақталып, 2443, 86 тонна күл-қоқыс шығару жұмысы шілде айында «Сырым-Сервис» ЖШС арқылы келісім шартқа отырып атқарылды.

Тасқұдық ауылының батыс жақ беттегі бөгеттіің ішін тереңдету, ішін тазарту жөнінде ұсыныс түскен болатын, казіргі таңда ауыл тұрғындарынан шаруақожалықтарынан жанар -жағар майға қаражат жинауға келісіп, аудандық мекеме басшыларына жолығып техникадан көмек сұаған болатынбыз.Осы көтерілген ұсыныс бүгінгі таңда шешімін таппай тұр.

7 қырқүйек айынан 7 қазан айына дейінгі санитарлық айлықта округ көлемінде тазалық жұмыстары жүргізілді,қалдық қоқыстары арнайы полигонға тасылды 8т.

Бүгінгі таңда байланыс саласында «СДМА - 450» 82 абонент қалыпты жағдайда қызмет жасап тұр. Оның 76 жекеде, 6 мекемелерде орналасқан.

2013 жылдың қазан айында «СДМА - 450» стансасы арқылы ауылдық округ әкімі аппараты интернет желісіне қосылды.

2013 жылдың екінші жарты жылдығына республикалық, облыстық, жергілікті баспасөзге жазылу жоспары уақытында орындалып, ауыл тұрғындарын уақытында басылымдар жеткізіліп отыр.

Ауыл тұрғындары тұтынған электр қуатына, ауыз су төлемақыларын уақытында төлеп, есептесіп отырады. Тұрғындарды таза ауыз сумен қамту бағытында ауыл ішінде 24 колонка жұмыс істеуде соның ішінде 6 үйшік.

Таза ауыз сумен қамтуда жаз айларында таңғы сегізден кешкі алтыға дейін халыққа су беріліп келді.

Ақсай-Жымпиты бағытында қатынайтын жолды «Тагра» ЖШС қарайды жаз айларында жолды тегістеу, жол белгілерін жаңадан қою жұмыстарын, су жүретін кольцалардың айналасын жөндеу жұмыстарын жүргізді. Қыс мезгілінде механизаторлардың келіп қонуына ауыл тұрғынымен келісім- шартқа отырып өз жұмыстарын жүргізеді.

ХХІ ғасырдағы ауыл туралы менің ойларым қиял түрінде болғанымен ХХІ ғасырда қазақ халқының, ауылының гүлдену дәуірі болатынына нық сенемін. Өйткені ХХІ ғасыр нағыз техникалар ғасыры болмақ. Сол себепті де шетелдік ранчо, ферма, қышлық, хутор т.б аталатын өзіндік ауылдық жерлерінің ерекшеліктерінің ең озық техникалық жетістіктерін теріп алып, оның пайдалыларын ұлттық ерекшелігімізге, географиялық, климаттық, өзгешелігімізге сай тиімді пайдалана алсақ, бүкіл әлем біздің ауылдың жетістігіне тамсана қол соғатын болады деп үміттенемін. Ғылым мен техниканың дамуы нәтижесінде ХХІ ғасырдағы менің қиялымдағы ауыл болашығының жайы қазіргі заман талабына сай алыстан көз тартар сәулетті үйлер, зәулім ғимараттар салынып, жол қатынасы оңтайландырылып, жаңа талапқа бағытталған дүниежүзілік байланыс құралдарымен , материалдық - техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген білім беру мекемелері мен дәрігерлік пункттердің, балабақшалардың, стадиондардың бой көтеретініне сенемін.

ІІІ. Қорытынды:

а) " Менің қиялымдағы болашақ қазақ ауылы қандай болмақ?"

Ауыл жағдайын көтеру, жастарды ауылға тарту сияқты мәселелерді ыңғайлы шешіп, ендігі жерде ауыл жастары ауылда тұрақтап еңбек етуі үшін жастарға ауылдық жерден жұмыс көзі қажет. Ауылдық жерлерге жастарды тұрақтандыру үшін қалалық жерлердегідей барлық қазіргі заман талабына сай техникалық құралдармен жабдықталыуы тиіс. АҚШ мен Канададағы, Австралиядағыдай ауылдар мен қалалардың айырмашылығы мүлде өзгеше, барлық жұмыс механикаландырылған.

Менің ойымша ауылға жастардың тұрақтауы үшін ауылда тұрып жатқан жастарды еңбекпен қамтамасыз ету және еңбек төлемі саясатын жаңғырту керек. Жас отбасылардың ауылда тұрақтап қалуы үшін тегін үй берілсе, жастардың жағдайын оңтайландыру саясатын түбегейлі іс жүзінде жүзеге асыру қажет. Ауыл жастарының несие алып өз кәсібін жетілдіруі үшін барлық мәселені қағаз бастылықпен шектемей жеңілдіктер жасалса.?

Ауылдық жерлерде жастардың ақпарат алмасуы үшін интернет - клубтар ашылса. Мәдениет үйінде аптасына бір рет кино немесе театрландырылған көріністер ұйымдастырылса ауылдық жерлердегі жастардың қызығушылығы қалаға емес ауылға ауады деп сенемін.

Ауыл жастарын көтеру керек, оларға стимул беретіндей қызметтер ұсыну керек. «Ақыл жастан, асыл тастан» - дейді қазағым жастарға сенім арта білуіміз керек. Өз беттерінше жұмыстануға жоғарғы басшылықтан қысым жасамай, қолдау көрсетуіміз керек.

Менің туған өлкем - Тасқұдық өңірі ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше қолайлы, жері, топырағы құнарлы, жайылымдық далалары кең байтақ, ойдым - ойдым сай салаларымен аяулы, ыстық өлке ! Осынау аталар аманатындай ғажайып аймақта жоғарыдағы аталынған менің қиялым мен арманымдағы болашаққа аттанған Тасқұдық ауылы мен жалпы қазақ ауылдарының бейнесі өз кезегінде өмір шындығына айналары хақ.

Қазірдің өзінде мұндай ауылдардың нышаны байқала бастағанына күнделікті ақпарат көздері айғақ бола алады.

Сары қымыз сапырып,

Тамсандырған ауылым.

Әнмен таңды атырып,

Ән салдырған ауылым, - деп әйгілі «Ауылым» әнінде жырланғандай ауасы мен суы таза, келешекте мейлі қалада, мейлі ауылда тұрсам да осынау Отанымның ұлтжанды азаматы ретінде түпқазығымыз - ауылдың болашағына өз үлесімді қосу менің - басты арманымның, мақсатымның бірі болмақ. Менің болашақ таңдауым да осы мақсатқа байланысты.

Еліміздің өткен тарихына үңілсек, көкірегі нұрлы, санасы сәулелі жұртымыздың баға жетпейтін баяны жатыр. Халқымыздың білімі мен ғылымы, рухани кемелденуі мен өсуі жолында бастарын бәйгеге тіккен арыстарымыз бен абыздарымыздың есімдері әрқашан есте сақталып, олар бастаған ұлы мұраттардың орындалуына баршамыз болып білек қосып, тілек тоғыстырғалы келдік.

«Ойдағымыз болды. Ортамыз толды. Төбедегі келді. Төрелескенде де ренжитін ретіміз жоқ. Тек ұзағынан сүйіндіргей. Ақ жолдың алдындамыз. Үлкен тілектің үстіндеміз. Жан-жағымызға бірдей әділ, өткенімізге бірдей сергек бола білсек болғаны. Өйткені, бағзыдағыларымыздың аруағы жебегесін, бүгінгілеріміздің тілегі демегесін бүгінгі күнге жетіп отырмыз!» -деген екен.

Өр елім маңдайыңнан жарық көрдім,

Бабалар өнегесін алып келдім.

Ескерткіш елім үшін орнатпасам,

Мына жалған өмірге неғып келдім.

Жарқырап жанған күндей азаттығы,

Көрінер ұлтымның - да ғажаптығы,

Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Өйткені ол - Ұлт күні, Қазақ күні

Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды тарихта қалдырайық. Ұрпаққа ұялмай тарту ететін мұрамыз да, мұрағатымыз да осы тәуелсіздіктің ақ таңындай негізі көріністер болсын! Бізді алда нұрлы болашақ күтіп тұрғанына сенемін. Жасай бер, жайнай бер, қасиетті ауылым!




Тыңдағандарыңызға рахмет!

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. «Қазақстан - 2050» СТРАТЕГИЯСЫ - Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты ҚР-ң Президенті-Елбасы Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халықына Жолдауы

  2. Алаштың Ақ Ордасы І, ІІ томы

  3. Тасқұдық ауылы Энциклопедиясы


© 2010-2022