Урок по истории Казахстана на тему Қарлұқ қағанаты

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қарлұқ қағанаты (756-940ж.)

Сабақтың мақсаты:

1.Қарлұқ қағанатының құрамы , орналасқан жерлері, саяси жағдайы туралы мәлімет беру.

2. Өз бетінше білім алуға, өзінше талдап, ой қорытуға дағдыландыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Қарлұқтардың қазақ жеріндегі шаруашылық мәдениеті дамыған қазақ халқының ата-бабасы екеніне мақтаныш сезімін ояту.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Әдісі: Сатылай комплексті талдау , топтық жұмыс, сұрақ-жауап, ойын тәсілдері.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар,электронды оқулық ,кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы


І. Ұйымдастыру кезені: Оқушыларды түгендеу, психологиялык тренинг өткізу, 3 топқа бөлу, бағалау парағын тарату.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Сыныпқа жалпы сұрақ. Өткен сабақтарда біз қандай мемлекеттермен таныстық ? Олардың хронологиялық шеңберін ата. Енді осы мемлекеттерді қайталап алайық.

1. Сәйкестік тесті. Слайд- «Араласқан оқиғалар» (әр топтан бір оқушыдан шығып мемлекеттер мен оқиғаларды сәйкестендіреді ). (қосымша-1)

2. Картамен жұмыс. Слайд- «Қазақстан жеріндегі ерте орта ғасырлардағы (VI-IХғғ.) мемлекеттер» (әр топтан бір оқушыдан шығып мемлекеттердің аумағын көрсетеді).

3. Сұрақ-жауап. Слайд - «Сиқырлы қалам» (оқушылар сұраққа жауап береді және боялған үяшықты ашу арқылы өздерін тексереді).(қосымша-2)

4. Оқушылар төмендегі сұрақтар арқылы жаңа сабақ тақырыбын анықтайды:

ә) 737ж., 751ж. қандай оқиғалар болды?

а) Түргештер кай тайпалармен бірікті ?

ІІІ. Жаңа сабақ

1. Қарлұқ қағанатының құрамы және олардың орналасқан жерлері (слайд)

Жазба деректерде қарлұқтар б.з. Vғ. тирек тайпасының құрамында кездеседі. Қытай деректерінде қарлұқтардың «бұлақ» руы Алтай тауының баурайын мекендегендігі хабарланады, ал қытай «Таншу» әулеттік хроникасында қарлұқтардың түрік тілдес тайпалармен түбі бір екендігі және олардың құрамында бұлақ, ташлық, жікіл тайпалары бар екндігі туралы айтылған. Бұл деректерде қарлұқтар Түрік қағанатының құрамында болғандығын және түріктер батысқа жылжығанда олармен бірге жылжып Орта Азия жеріне дейін барған. Қарлұқтардың түріктермен түбі бір екендігі туралы араб-парсы деректерінде де айтылған. Араб тарихшысы Әл Марвази олардың құрамында 9 тайпа: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін,тухси тайпалары, лазана, фаракия рулары кіреді деген.

Қарлұқ тайпасының негізгі топтасқан жері Алтай тауынан Балқаш көліне дейінгі аралық. Түргеш қағаны Сұлу арабтарға қарсы соғысқан кезде олар Орта Азия жерінде де орналасқандығы аңғарылады. Ал «Күлтегін» ескерткішінде «Қарлұқтарды қырып, басып алдық» деген хабар олар Шығыс-Түрік қағанатының жерінде де болғандығын дәлелдейді. Шамасы осы жеңілістен кейін олар Жетісу аймағына қарай жылжыған. Жетісуға жылжуының тағы бір себебі олардың Ұйғыр қағанатынан жеңілуі. Сонымен шашырап жатқан қарлұқ тайпалары түркештердің әлсірегенін пайдаланып 756 ж. Алтай тауынан Сырдарияның орта ағысына дейінгі аумақты алып жатқан жерде өздерінің мемлекетін құрған.

2. Қағанаттың саяси жағдайы. (электронды окулықтан тыңдату )

3. Оқушыларға сатылай комплексті талдау жасату (слайд - «талдау алгоритмі», оқушылар оқулықтағы мәтінді пайдалана отырып, плакатқа талдау жасайды, тақтаға шығып қорғайды ) (қосымша-3)

IV. Бекіту.

1. «Талдау алгоритмі» бойынша сұрақ-жауап әдісімен сатылай комплексті талдауды тақтаға түсіру.

2. Оқушыларға кеспе кағаздағы сұрақтарды таратып беру. (қосымша-4)

V. Бағалау. Бағалау парағы бойынша оқушылардың сабақ барысында жинаған ұпайларын топ басшылары хабарлайды. Тақтада бағалау параметрлері шығады (слайд),(қосымша-5)

VI. Үй тапсырмасы: & 4 оқу, «Қарлұқ» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру. (слайд)


© 2010-2022