Ашық сабақ Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға «Жарғының» ерекшеліктері, жүргізілген реформаның қазақ қоғамына әсері туралы айта отырып, Қазақстандағы хан билігі жойылуының себептерін түсіндіру;

  • Деректермен жұмыс кезінде логикалық ойлауды, еске сақтау қабілетін жетілдіру және деректерді салыстыра отырып, қорытынды шығаруға үйрету;

  • Өткен тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: хан билігі, империялық басқару жүйесі, заң, бағыныштылардың құқ мен міндеттері , халықтың жаңа тәртіпке көзқарасы, «Жарғының» отаршылдық сипаты, сыртқы және ішкі округтар, дистанциялар, Орынбор комиссиясы.

Сабақ түрі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Оқушы зейінін сабаққа аудару

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:

  1. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуының себептері мен салдары.

  2. Орта жүзде хандық билікті жоюдың басталуы. Жаңа басқару жүйесін енгізу.

  3. Сыртқы округтерде сайлау тәртібі және сыртқы приказдардың негізгі функциялары, міндеттері.

  4. Шаруашылық пен сауданың дамуы.

  5. Денсаулық сақтау, дін, білім беру салаларындағы жаңа тәртіптер. Орта жүздегі 1822 жылдан кейінгі оқиғалар.

  6. Кіші жүзде хан билігін жою.

  7. 1824 ж. «Орынбар қырғыздырыны туралы Жарғы».

  8. 1822-1824 жж. Жарғыларды енгізудің салдары.

Қазақстанда хандық биліктің жойылуы кездейсоқ оқиға болған жоқ. Ресей империясы басынан бастап алдына осындай мақсат қойды. Ол мемлекет ішінде мемлекеттің өмір сүруіне жол бермеуге тырысты. ХІХ ғасырдың 1- жартысында қазақ қоғамының экономикалық, саяси, қоғамдық өмірінде болған өзгерістер, Франциямен соғыстың аяқталуы, халық арасында хандардың беделінің түсіп кетуі Қазақстанда хандық билік институтының жойылуына басты себеп болды. ХІХ ғасырдың басында жүргізілген патша үкіметі реформаның басты мақсаты қазақтың дәстүрлі саяси жүйесін жою болды. Өйткені ол қазақ қоғамын шаруашылық жағынан отарлауға бөгет жасады.

Хандық билікті жою туралы Ережелер

1822 жыл 1824 жыл

Сібір қырғыздары туралы Жарғы Орынбор қырғыздары туралы Жарғы

Авторы: М.Сперанский П.К.Эссен

Орта жүзде Кіші жүзде

Басқарудың жаңа жүйесіОрта жүзде құрылған округтар: 1824 жылы Қарқаралы және Көкшетау округтары, 1831 жылы Аягөз, 1832 жылы Ақмола, 1833 жылы Баянауыл және Үшбұлақ, 1834 Аманқарағай (кейінірек Құсмұрын атанды), 1844 жылы Көкпекті округтары құрылды. 1854 жылы Ертістің оң жағалауындағы қазақтар үшін Семей ішкі округы ашылды. 1856 жылы Жетісу жерінде Алатау ерекше округы ашылды.

Бұл реформа бойынша Кіші жүз аумағы Жайықтың сырт жағындағы үш округқа бөлінді. 1828 жылы ондағы әкімшілік бірліктернің аттары өзгертіліп, Батыс, Орта және Шығыс округтары деп аталды. Кіші жүздегі өкімет билігі Орынбор губерноторына тікелей бағынатын басқарушы-сұлтандардың қолына көшті. 1844 жылы «Орынбор қырғыздары туралы ереже» шықты. Ендігі жерде Орынбор әкімшілігіне қарайтын қазақтар тұратын жерлер Ресей империясы аумағының бір бөлігі деп жарияланды.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1.Қазақстанда хандық биліктің жойылуының негізгі себептері қандай?

2. Округтық приказдар қандай қызмет атқарды?

3. «Орынбор қырғыздары туралы Жарғының» қандай ерекшеліктері болды?

Сабақты қорытындылау

ХІХ ғасырдағы реформалардың отаршылдық сипаты басым болғанмен, олар қазақ даласында сауда-саттықты, денсаулық сақтау ісін дамытуға оң ықпалын тигізді.

Үй тапсырмасы: параграф 17. Оқып, мазмұнын айту.



© 2010-2022