Доклад на тему: Сыр әлемінің жұлдызы (8 класс)

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жыр әлемінің жұлдызы.

Сахиева Алмагүл Егеубайқызы Қазалы ауданы, Қазалы қаласындағы М.Горький атындағы №16 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі.

Болмаса да басыңда,

қолыңда шен.

Рас, менің бағым да сен,

сырымда сен.

Кейбіреумен кетіссем

сен арқылы,

Сен арқылы дос таптым ,

жолыңда өсем.

Іші күйсе күншілдер

қолдамасын,

Уақыт өз-ақ,

береді өз бағасын

Саулығына сүйетін

сәйгүлігім!

Қалдырмайтын, хас тұлпар

жолда басың.

Әнес Нарымбетов

«Ақынын ардақтаған ел азбайды» деген халық даналығы өте орынды, әрі нақты айтылған сөз екені даусыз. Батыр туса ел қорғар пана болған, ақын туса елдің мұң-мұқтажын жырлаған. Қай кездеде халық жанынан табылып, қуанышымен ортақтасып, қайғысымен бөлісетін сая болған емеспе? Есімі көкейге өшпестей орныққан шежіреге айналған азаматтарымызды қадір-кастер тұту, көзі тірісінде қадірлеу, ұлттық бітім-пайымымызды аңғартары даусыз.

Өткенімізге көз салып, тарихымызға үңілсек, бабалар қалдырған мол мұраларды түгелдесек, келер күнге бағыт-бағдар көрсететін сара жолды тапқанымыз емес пе?! «Өлді деуге бола ма айтындаршы, өлмейтұғын артынана із қалдырса»- , деп данышпан Абай Құнанбаев айтқандай, соңына өшпестей із тастаған, ұрпағына сарқылмастай қазына тарту еткен азаматтарымыз қасиетті Қазалы топырағында да жетерлік. Жүрегі «елім» деп, «жерім» деп соққан батырларымызды, ақындарымызды қастерлеп, құрметтесек бұл біздің елдігіміз емес пе?

Осындай ардақты да, аяулы азаматтарымыз ақиық ақынымыз қасиетті Қазалының тумасы, туа біткен дарын Әнес Нарымбайұлы Нарымбетов.

Әнес Нарымбайұлы Нарымбетов 1930 жылы 25 мамырда Қызылорда облысы, Қазалы ауданының №6 ауылында, қазіргі «Өркендеу» ауылында дүниеге келген. Әнес Нарымбетовтың балауса балалық шағы екінші дүние жүзілік соғыспен тұспа-тұс келіп, 1943 жылы асқар таудай әкесінен айырылғаннан кейін колхоз жұмысына араласқан. Соғыс жалдарындағы ауыр кезеңмен жетімдіктің зары Әнес Нарымбетовты шыңдап, қайрай түскен болатын. Жастайынан ауылдағы еңбекке белсене араласып, колхозшы болып, арба айдап, бидай, күріш егіп жүрген жастың жүрегінде өлең деген алып күш қайнап жатқан болатын. Алғашқы тырнақалды өлеңдерін 1946 жылдан бастап жаза бастаған.

Қайсар мінезді ақын әуелгі еңбек жолын 1951 жылы Қазалы автобазасында жүргізушіліктен бастаған. 1954-1959 жылдарда Бірліктегі МТС-те, 1959-1960 жылдары « Бөзкөл» елді мекенінде жұмыс істеп, еліне елеулі үлесін қосты. Бұдан кейінгі жылдары яғни, 1964-1969 жылдары аудандық ДОСААФ комитетінде оқытушы, 1969-1984 жылдары Қазалы автобазасында жолаушылар таситын жүргізуші болып жұмыс істеп, талай жолаушылардың алғысына бөленген. 1984 жылы аудандық жолаушылар автоколоннасы, жолаушылар автотранспорт кәсіпорыны болып өзгергенде де 35 жыл бойы үздіксіз жүргізуші болып еңбек еткен. 1986 жылы еңбекке жарамсыздығына байланысты зейнеткерлікке шыққанға дейін бірғана кәсіптің айналасында бір салада жұмыс жасап жүріп, қолынан қаламы түспей, қаламын жан серігі етті.

Әнес нарымбетов өмірде бір қалыпты, тұрақтылықты сүйетін жан еді. Зайыбы Бағила екеуі 3 бала тәрбиелеп өсіріп, 6 немерелі болды. Балаларын адал еңбек ететін, шыншыл азамат етіп өсіре білді. Қазір балалары Қазақстанның өсіп өркендеуіне үлес қосып, әр салада абыройлы жұмыс атқарып жүр.

Әнес Нарымбайұлы Нарымбетов жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында өзінің ерекше табиғи дарынымен қасиетті Қазалы топырағында жасында жарқылдап өткен талант иесі. Орта білімімен-ақ дипломды ақындардың өресі жете бермейтін биікке көтерілген Ә. Нарымбетов поэзиясы тұнып тұрған патриоттық сезімге толы. Ол өзінің туған жерін, елін, ақындық жүрегімен сүйіп, оны өз өлеңдері арқылы оқырмандарына әдемі жеткізе білді. Ақынның кез-келген өленің оқыған адам әсерсіз қала алмайды. Оның шығармаларының тақырыптары туған елге, жерге деген махаббат, балалар шығармашылығы болды. Жасық деген жанның бойына ерекше күш қуат құйып, нұрландырып жібереді.Ұйқасы құйылып, әрбір сөзі жүрекке жақын, жанға жылы тиіп тұрған өлеңдерін тамсана толғана оқыр едің...

Қасиетті Арал теңізінің касіреті жанын жаралап, өмірінің соңына дейін Аралдың мұңын жоқтаумен және болашақта теңіздің орнына қайтып келетінің, айдынында аққу, қаздардың тербеле жүретіндігін жырлап өткен ақын Әнес Нарымбетов емеспе еді. Сонымен қатар ақынның сөз саптауы, тақырыпты терең игеріп, құлашты кеңге сермеп, көсіле жырлауы, өлеңдегі сыршылдық суреткерлік, буырқанған екпін өзіне тән бөлек әлем тәрізді.

Оның «Жанқожа» атты өлеңінде.

Қорғаймын деп ұрпақтың азаттығын,

Өтті қанша басыңнан азапты күн.

Қылышпенен ,найзаның ұшыменен,

Қорғап өттің қазақтың Қазақтығын , - деп жырға қоса отырып, оқырманды патриотизмге тәрбиелей білді. Ақынның көзі тірісінде жарық көрген, қалың оқырман қауымына ұсынылған кітаптары

«Қармақ» (1979) «Әупілдек» (1982), «Сапар сазы» (1986), «Қызғыш құс» (1990) «Қарлығаштар» (2001) көпшіліктің көңілінен шыққаны анық. Ақын көбіне кітаппарын балаларға арнап жазған. Біздің болашағымызға қатты көңіл бөліп, балаларды жаман әдеттерден қашырып, жақсы әдетке шықырған. Балаларды таңдай қақтырар әсем, сиқырлы ұйқасқа толы өлеңдерімен баураған. Ақынның «Сатып алған ақыл», «Жарлының шапаны», «Алтын табақ» т.б ертегілері балалар бойына адамгершілік, батылдық, адалдық туғызары сөзсіз. 1999 жылы балалар кітапханасы жанынан шығармашылығы бірлестігі клубы ұйымдастырған болатын. Балалардың сырлас досына айналып, балалар арасында өтетін іс-шараларға жиі қатысатын. Ақын осы шығармашылық клубтың атын «Қарлығаштар» деп атап, тұсауын кескен болатын. Қазір бірлестік өз жұмысын абыройлы атқарып келеді. Ол өршіл, рұхты ақын еді. Мұқағали мен Фаризаны пір тұтатын.

Әнес Нарымбетов халқының сүйікті ақыны болумен қатар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап келе жатқан жас талант иелерінің шын жанашыры, ақылман ағасы бола білді. Киелі Қазалы өңірінде 20 ғасырдың соңына таман қолына қалам ұстаған таланттардың Ә.Нарымбетов мектебінен өткендері аз емес. Ақынан бата алған Д.Қаласқызы, Э.Ержанова Ж. Қожақова, Н. Саниязова, К.Көбекова тәрізді жас буын ақындарымыз бұл күндері түрлі мүшәйралардың жеңімпазы атанып жүр. Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі Алмагүл Қаржаубаеваның да пір тұтар ұстазы болған.

Ақын Қаржаубаева Алмагүл Әнес Нарымбетов туралы былай дейді: «Өзі қандай турашыл, табанды болса жырларынанда сондай жігер мен қайраттың лебі есіп тұратын. Жалғандаққа жаны қас, шындықты пір тұтатын тұлғалы ақын» еді,- дейді.

Жазушы Әлмәмбет Әлішов: «Жүрегі елім, халқым деп соққан аяулы азаматтың еліне сіңірген еңбегі ескеріліп, Ақиық ақынды ұлықтайық,-деп ұсыныс жасауының өзі ақынның кісілік келбетін көрсетеді.

Бұлақ көрсең, көзін аш,- демекші өзінен кейінгілерге дұрыс бағыт-бағдар сілтеп, шын жүрегімен тілекші болған үлкен жүректі ақынды еске алмай, елеусіз қалдырудың өзі киянат болар. Қызылорда облысының әкімі Болатбек Баянұлы Қуандыковтың демеушілік жасауымен 2009 жылы «Сырдария» кітапхансы сериясымен 200 томдық кітап жарық көрді. Соның ішінде Әнес Нарымбетовтың «Туған жер» атты бірнеше өлең жинағы жарық көрді. Бала тәрбиесіне мән беріп, өзінен кейінгі ұрпақтарды адамгершілікке, патриотизмге тәрбиелеген жалында жырларының төккен тер еңбектерінің арқасында 1994 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі болып қабылданды. 1996 жылы 28 маусым Алматыда өткен Қазақстан Жазушыларының XI сьезінің делегаты болды. Сонымен қатар Әнес Нарымбетов Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 21 наурыздағы жарлығы бойынша «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жеңісінің 50 жылдығы» мерекелік медалымен награтталды. 2000 жылдың 13 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің хаттамасына сәйкес «Мәдиниетті қолдау жылы» аясында Қазалы ауданы әкімінің шешімімен Қазалы ауданының құрметті азаматы деген атаққа ие болған. Халық депутаттары Қызылорда облыстық кеңесінің президиумы атынан «Алғыс хатпен» және Қазалы ауданы әкімінің, Қазалы қаласының әкімінің алғыс хаттарымен марапатталған. Арқалы ақын Әнес Нарымбетов 2003 жылы 1 тамызда дүниеден озды. Қазалы қаласының өсіп-өркендеуіне үлес қосқан кейінгі ұрпаққа жолы өнеге ақынды мәңгі есте сақтау үшін көпшілік қауымының, Қазалы ардагерлер кеңесінің сұранысымен, Қазалы қаласындағы «Бостандық» көшесі ақын Әнес Нарымбетов есімімен аталатын болды.

Әрине, бұндай атақ кез-келген азаматқа беріле бермейтіндігі жұртшылыққа белгілі жағдай. Дегенмен де, мұндай абыройлы атақ ақын Нарымбайұлы Нарымбетовке лайық еді.

Қорыта айтқанда, хас талантымен адами ізгі қасиеттерімен өлеңдеп соққан жүректерге өшпейтін шырақ жаға білген, артына мәңгілік әдеби мұра қалдырған ақынның еңбегі әлі де өз бағасын алатыны анық. Асқар таулар алыстаған сайын асқақтай түсетіні сияқты ақын мұрасы да жыл сайын, мән мағынасын жоймай келер ұрпақтың рухани қажетін өтеуге өз үлесін қосады.

Буырқанған шабыты теңіздейін,

Жаны жырмен жарасқан егіздейін,

Дара тартқан музада өз жолы бар,

Қазалыдан шыққан бір соны іздейін-деп ақын Алмагүл Қаржаубаева жырлағандай, Қазалының қасиетті топырағынан шыққан арқалы ақынның жыр әлемінде қалдырған ізін даңғыл жолға айналары даусыз, сөзсіз. Бұл өмірде мәңгілік не бар дейсіз? Өмірден өзі өткенмен келер ұрпаққа мұра болып қалған еңбегі бар, «Елім», «Халқым» деп өткен таланттардың тасада қалмағаны жөн.

«Өлі риза болмай, тірі байымайды», әруақ сыйлау, о дүниелік болған пенделердің, оның ішінде ерекше қасиетті жандардың рухын қастерлеу ата-бабаларымыздан қалған қасиетті үрдіс. Ал, олардың ел жұрты үшін істеген иманды ісін, ерекше еңбегін ұлықтау кейінгі ұрпақтың еншісінде.

Өмірінің соңына дейін жүрегі өлең деп соққан ақын азамат. Ә.Н.Нарымбетов есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында игілікті істер жүзеге асырылса, нұр үстіне нұр болар еді...



Пайдаланған әдебиеттер.




  1. Қазалы айғағы 17 қазан 2008ж

«Өмірі өнеге, жолы үлгі» Еркін Орынбаев


  1. Ортаймаған қазаны-қасиетті

Н. Мусабаев

А. Мусабаева

3. Тұран қазалы 2008ж 13 қыркүйек

Ақиық ақынды ұлықтайық.

Әлмәмбет Әлішов

4. «Сырдария» кітапханасы 2009 ж

Қызылорда

5. «Қызғыш құс»

Ә.Нарымбетов

6. «Қарлығаштар»

Ә. Нарымбетов



© 2010-2022