Lesson Stady 7 класс

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Lesson Stady 7 классLesson Stady 7 классLesson Stady 7 классLesson Stady 7 классLesson Stady 7 классLesson Stady 7 классLesson Stady 7 классLesson Stady 7 классLesson Stady 7 классLesson Stady 7 классLesson Stady 7 классLesson Stady 7 классКүні

6.03.2014

Сыныбы

7 - сынып

Сабақтың

тақырыбы

Тәуекел хан тұсындағы қазақ хандығы

Ресурстар

Қазақстан тарихы Алматы «Атамұра» баспасы 2012 , АКТ, бағалау бетшесі, т.б.

Жалпы мақсаттары

Тәуекел хан тұсындағы Қазақ ордасының ішкі- сыртқы жағдайы туралы мәлімет алады.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар тақырып бойынша өз бетінше ізденіп, қосымша тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін жетілдіреді.

Тәуекел ханның тарихи тұлғасы арқылы ұлтжанды, отансүйгіш жеке тұлға қалыптасады.

Тапсырмалар

  1. «Ыстық орындық»

  1. Сөзжұмбақ «Тәуекел хан»

  2. «Мағынаны ашу»

  3. Оқиғаларды сәйкестендіру

  4. Топтастыру

  5. «Сандар сөйлейді»

  6. Шығармашылық жұмыс

Әдіс - тәсілдер

Баяндау,сұрақ- жауап,топтық жұмыс, сыни ойлату, картамен жұмыс

Сабақтың жүру барысы:

Уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушы әрекеті

3- мин


4 - мин



3 - мин


10 - мин


3 - мин


4-мин


5 - мин


2-мин


2- мин


3-мин


3-мин

1- мин


1-мин

1-мин


І.Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық. Оқушылар көктем мезгіліне байланысты бір - біріне тілек айтып, сәттілік тілейді.

Оқушыларға орта ғасырдағы қалалардың суретін үлестіру арқылы 3 - топқа бөлу.

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау

«Ыстық орындық»

Әр топтан бір оқушы шығады. Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы тақырыбында сұрақтар беріледі.

«Бағалау парағын» тақтаға іліп қоямын. Оқушыларға бағалау бетшесіне назар аудартамын. Әр тапсырма баллдық жүйемен бағаланады.

ІІІ.Жаңа сабақты меңгерту

1. Сөзжұмбақ «Тәуекел хан». Сөзжұмбақты шешу арқылы сабақтың тақырыбы ашылады.

2.«Мағынаны ашу»

Мұғалім Тәуекел хан тұсындағы қазақ хандығы туралы қысқаша мәліметті тірек- сызбалар арқылы түсіндіреді.

ІҮ. Оқиғаларды сәйкестендіру.

1- бағанға жылдар, 2- бағанға оқиғалар беріледі

Ү. «Сандар сөйлейді»

Әр топқа әр түрлі сандар жазылған қағаздар үлестіріледі. Санның қандай оқиғамен байланыстылығын табу.

ҮІ. Ой қозғау.

Қазақ хандарының тарихы 1465-1847 жылдар аралығын қамтиды. Тәуекел ханға дейінгі қазақ хандарының тарихтағы қызметіне қалай баға бересіңдер?

ҮІІ.Сабақты бекіту

  1. Топтастыру әдісі



  1. «Ақиқат немесе Жалған ба?»

Астын сыз



  1. Сауалнама жұмысы

(әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады)

ҮІІІ. Қорытындылау

Тәуекел хан тұсындағы қазақ хандығының аумағын кескін картаға түсіру

ІХ. Үйге тапсырма

«Тәуекел хан» тақырыбында мәнжазба жазу

Х. Бағалау.

Топ мүшелері бағалау парақшасындағы ұпайларымен бағаланады.

Рефлексия. «Инсерт» әдісі

Оқушылар бір- біріне жақсы тілек тілейді. Берілген қала суреттеріне қарай 3 топқа бөлінеді.

«Түркістан»

«Сарайшық»

«Отырар»

Оқушылар үй жұмысын оқып, ауызша айтады. Әр топтан бір оқушы шығады, оқушылар сұрақ қояды, шыққан оқушы жауап береді.

Оқушылар бір - бірлерінің жауаптарына сәйкес балл жинайды.

Әр топ сөзжұмбақты шешу барысында шапшаңдық танытып, сабақтың тақырыбын ашады.

Топ мүшелері керекті деректерді дәптерлеріне түсіріп отырады.

Оқушылар оқиғаларды сәйкестендіреді.


Топ мүшелері бірлесе отырып орындайды.Әр топтан бір оқушы шығып, жазғандарын оқып, талдайды.

Әр топ өз ойларын білдіреді.


Топтастыру әдісі

Тәуекел хан



Түрлі- түсті қағазға жазылған мәліметтердің ақиқат не жалған екендігін ажыратады.

10 сұрақтан берілген сауалнаманы орындайды.



Оқушылар өздері жазған ұпайларын санайды, қорытындылайды.


Білдім

Үйрендім

Үйренгім келеді




Күні

13.03.2014

Сыныбы

7 - сынып

Сабақтың

тақырыбы

Сөздердің байланысу тәсілдері

Ресурстар

Қазақ тілі Алматы «Атамұра» баспасы 2012 , АКТ, бағалау бетшесі, стикерлер т.б.

Жалпы мақсаттары

Сөз тіркесі, оның айырықша белгілерін, түрлерін еске түсіре отырып, сөздердің байланысу тәсілдерін анықтайды, тапсырмалар барысында ізденуге мүмкіндік алады.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар тақырып бойынша өз бетінше ізденіп, қосымша тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін жетілдіреді. Тыңдау әдебі мен сөйлеу шеберліктерін арттырады.Тапсырмаларды орындау арқылы ана тілін дәріптейтін жеке тұлға қалыптасады.

Тапсырмалар

1. «Миға шабуыл» 4. «Кімнің ойы ұшқыр»ойыны

2.Оқулықпен жұмыс 5. «Бес жол өлең» құрастыру

3.Шығармашылық жұмыс 6. Семантикалық кестемен жұмыс

Әдіс - тәсілдер

Топтық жұмыс, диалогтік оқыту, сыни ойлату, талдау, ыстық орындық.

Сабақтың жүру барысы:

Уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушы әрекеті

3- мин


2 - мин



3 - мин



10- мин





5- мин




5- мин

5- мин

3- мин


5-мин



1- мин

1-мин


1-мин

1- мин

І.Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық.

Оқушылар шеңбер құрып тұрады.Оқушылар өздерінің аттарының бас әрпіне байланысты әдемі сөздер ойлап айтады.


Сыныпты 3 топқа бөлу

Оқушыларға карточкалар үлестіріледі.Карточкада сөз тіркесі, күрделі сөздер,тұрақты сөз тіркестері беріледі.

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау

232- жаттығу. Сөйлемдердегі сөз тіркесі, күрделі сөздер және тұрақты сөз тіркестерін бөлек- бөлек жазу

«Ыстық орындық»

Әр топтан бір оқушы шығады. Сөз тіркесі, оның айырықша белгілері, түрлері туралы сұрақтар беріледі.

ІІІ.Жаңа сабақты меңгерту

«Миға шабуыл»

1-слайд

Адастырмайықшы сөздерді

Шығайықшы байланыстырып әдемі бір мақалды.

Берілген сөздерден мақал құрастырып, онда қандай сөз тіркестері бар екенін таптыру

Айт, жақсының, тасысын, жақсылығын, нұры, құты, жамандығын, қашсын, айт, жаманның.

2- слайд

Өлең жолдарының авторын тауып, сөз тіркестерін теріп жазыңдар

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй

3- слайд

Бұл есімдігі сөйлемдерде қандай қызмет атқарып тұр?

Бұл ұрыста Төлеген ерекше ерлік көрсетті.

Бұл- ұрыста ерекше ерлік көрсеткен жігіт

ІҮ. Ой салу.

Жоғарыдағы мысалдардағы сөздер бір- бірімен қалай тіркескен, неше тәсілмен?

Сұрақтың жауабы арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ашылады.



Ү.Оқулықпен жұмыс

239- жаттығу. Мақал- мәтелдердегі сөздердің байланысу тәсілдерін анықтаңыз.

ҮІ. Шығармашылық жұмыс.

ҮІІ. Сабақты бекіту.

1.«Кімнің ойы ұшқыр?» ойыны

Ойынның шарты: Өзара топтаса отырып сөздердің байланысу тәсілдеріне байланысты мысалдар келтіріп, түсіндіру.

2.«Бес жол өлең»құрастыру

Ітоп -кітап

ІІтоп - мемлекет

ІІІ топ - тіл


ҮІІІ. Қорытындылау .

Семантикалық кестемен жұмыс

ІХ. Бағалау

Бағалау парақшаларында жинаған ұпай сандарына қарай, оқушы білімдерін бағалау

Х. Үйге тапсырма

241- жаттығу.

Тапсырма: Экологиялық апатқа ұшыраған табиғат туралы ойтолғау жазу

Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»

Бірінші оқушы өзінің атының бас әрпіне байланысты әдемі сөз ойлап айтады. Шеңбер бойында тұрған келесі оқушы жалғастырады.Осылай сыныптағы барлық оқушы қатысады. (Мысалы: жарқын жүзді Жамихан, ер есімді Ерқанат, ілтипатты Інжу, т.б.)

Оқушылар карточканы оқып, берілген сөз тіркесі болса- 1- топқа, күрделі сөздер болса- 2- топқа, тұрақты сөз тіркестері болса- 3- топқа отырады.

Оқушылар үй жұмысын оқып, ауызша айтады. Әр топтан бір оқушы шығады, оқушылар сұрақ қояды, шыққан оқушы жауап береді.

Әр топ бірлесе отырып мақалды құрастырады, ішінен сөз тіркестерін теріп жазады.

Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын,

Жаманның жамандығын айт, құты қашсын

Сөз тіркестері: жақсының жақсылығы; жаманның жамандығы, жақсылығын айт, жамандығын айт.

Топ мүшелері Абай өлеңдерінің үзіндісі екенін айтып, сөз тіркестерін теріп жазады

Өлеңді жазбаймын, ермек үшін жазбаймын

Құлақтан кіріп, бойды алар,

жақсы ән, тәтті күй.

Топ мүшелері сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдап, түсіндіреді.

1-сөйлемде анықтауыш қызметін атқарып, 2-сөйлемде бастауыш қызметін атқарып тұрғанын айтады.

Оқушылар ойланып, ізденеді.

Сұраққа жауап береді, түсіндіреді.

Сөздер бір- бірімен 4 түрлі тәсіл арқылы байланысады.

  1. Жалғаулар арқылы

  2. Септеулік шылаулар арқылы

  3. Орын тәртібі арқылы

  4. Интонация арқылы

Топтастыру әдісі

Сөздердің

байланысу

тәсілдері


І топ -2,3,4 -сөйлемдерді

ІІтоп -5,6,7 -сөйлемдерді

ІІІ топ -8,9,10-сөйлемдерді талдайды.

Әр топ мүшелері өздері таңдаған бір мақал бойынша өз ойын ортаға салады.

Оқушылар ойынның шарты бойынша мысалдар келтіреді, түсіндіреді.

Әр топ өздеріне берілген сөздермен 5 жол өлең құрастырады.

Зат есім-1 сөз (кітап)

Сын есім-2сөз (қызықты, қалың)

Етістік -3сөз(оқиды, сатып алады, бағалайды)

Нақыл сөз. Кітап - білім бұлағы

Түйін. Кітап оқу арқылы адамның рухани байлығымыз дамиды.

Оқушылар семантикалық кестені толтырады.

Оқушылар өздері жазған ұпайларын санайды, қорытындылайды.


Оқушылар сабақта ұнағаны не ұнамағаны болса, стикерге жазып, тақтаға жабыстырады.











Күні

19.03.2014

Сыныбы

7 - сынып

Сабақтың

тақырыбы

Еуразияның климаты

Ресурстар

География Алматы «Атамұра» баспасы 2011,интернет материалдары, д/ж физикалық картасы, атлас, кескін карта, сауалнамалар жинағы.

Жалпы мақсаттары

Оқушыларға климат қалыптастырушы факторлар, Еуразияның климаты, климаттық белдеулер туралы түсіндіру.

Күтілетін нәтиже

Еуразия мен Солтүстік Америка климатын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білетін тұлға қалыптасады.

Тапсырмалар

1. «Мен- саған, сен - маған» 4.Топтастыру

2.Оқулықпен жұмыс 5.Шығармашылық жұмыс

3.Картамен жұмыс

Әдіс - тәсілдер

Топтық жұмыс. Диалогтік оқыту, сыни ойлату, талдау, ыстық орындық.

Сабақтың жүру барысы:

Уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушы әрекеті


3- мин



4 - мин


2 - мин



12 - мин



4-мин


5 - мин



3 - мин


4-мин

3 - мин


2- мин


2-мин


1-мин

І.Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық.

Мұғалімнің дайындап алып келген тілектері бар парақшаларды сынып оқушыларына таратылады,бірақ онда не жазылғанын олар оқымауы керек.

Сыныпты 2 топқа бөлу.

Қағазға жазылған «Еуропа», «Азия» сөздерін таңдау арқылы 2 топқа бөлінеді.

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау

Физикалық картаның көмегімен Еуразиядағы ірі табиғи аудандарды кескін картаға түсіріп, атластан табу.

«Мен-саған, сен-маған» ойыны. Ауызша сауалнама

ІІІ.Жаңа сабақты меңгерту

  1. Еуразияның климат картасымен жұмыс кезінде мұғалім олардың жұмысына бағыт береді.

  2. Әр топқа сұрақтар беріледі.

3. Өз бетімен жұмыс.


IY.Оқулықпен жұмыс.


Y.«Қазақстан Еуразия кіндігінде» тақырыбында бейнефильм көрсету.

(Қызығушылықты ояту кезеңі)



YI.«Артығын тап» ойыны.

Еуразия материгіне жатпайтын табиғи аудандарды алып тастау.

ҮІІ.«Білгіш географ» Географиялық обьектілерді табу.

Мысалы:

1620м.-...

390000ш.ш-.....

ҮІІІ.Сабақты бекіту.

Әр топқа сөзжұмбақ беріледі.

«Венн диаграммасы»

Еуразия мен Солтүстік Америка материктерінің климаты.

V.Қорытынды бағалау.

Формативті бағалау - берілген стикерге оқушылар бүгінгі сабақты бағалап жазады.

VІ.Үйге тапсырма:

1.Еуразия климаты

2. «Қазақстан Еуразия кіндігінде» тақырыбында эссе жазу.

Әр оқушы өзі алған парақшаны сыныптағы кез келген бір оқушыға апарып береді.Сол оқушы парақша ішіндегі тілекті дауыстап оқып, өзіне қабыл алады.

Мысалы: Менің денім сау және мен бақыттымын.

Сынып оқушылары «Еуропа» және «Азия» топтарына бөлінеді.


Оқушылар үйге берілген Еуразиядағы ірі табиғи аудандарды кескін картаға түсіру тапсырмасын аяқтап, атластан табады.

Оқушылар осы ойын арқылы үйге берілген тапсырманы ауызша орындайды.

Оқушылар климат картасымен жұмыс істей білетіндіктен,өз бетімен жұмыс жасайды.

Топ мүшелері бірлесе отырып сұрақтарға жауап береді.

Топ мүшелері дәптерге барлық климттық белдеулерді жазып шығады, климат картасы бойынша шілде мен қаңтардың орташа температурасын, басым ауа массаларын анықтайды.

Топ мүшелері берілген мәтінге байланысты пікір алмасады.

Топ мүшелері фильмді көру арқылы ойларын түйіндейді.

Оқушылар үлестірме карточкалар ішіндегі жазылған материкке жатпайтын табиғи аудандарды алып тастайды.

Топ мүшелері берілген сандардың тұсына обьектілерді тауып жазады.

1620м.-Байкал көлінің тереңдігі

390000ш.ш.-Каспий теңізінің ауданы.

«Еуразия» тақырыбындағы сөзжұмбақ шешеді.

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды.

Еуразия мен Солтүстік Америка материктерінің климатының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады.

Оқушылар өздері жазған ұпайларын санайды, қорытындылайды.


Lesson Study-ден кейінгі жазылған рефлексия

Lesson Study тәсілі кем дегенде үш Lesson Study-ден тұратын циклден құралады. Ол сабақты мұғалімдер тобы бірлесіп жоспарлап, оқытып/ қадағалайды және талдайды. Сол себепті мектептегі 7- сыныпқа сабақ беретін үш мұғалім топ құрдық. Олар: Қазақстан тарихы пәні мұғалімі Баданова Назира (ІІ санатты, еңбек өтілі - 11жыл), география пәні мұғалімі Молдакулова Светлана (І санатты, еңбек өтілі -34 жыл), қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қасанова Нұрсұлу (І санатты, еңбек өтілі -22 жыл).

Күтілетін нәтижелерді анықтап, топ мүшелерінде өздерін сырттан қатаң бақылауға алынғандай сезім тудырмай, кідірместен «тәуекелге бел бууға» мүмкіндік негізгі ережелерді белгілеу мақсатында мәжіліс өткіздік. Сабақтарды жоспарлауда, бақылауда және талдауда Lesson Study-дің жалпы нысандарын пайдаландық. Сабақтардың жоспарын құрған кезде негізгі 7 модульді пайдаландық, атап айтсақ, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, білім беру үшін бағалау мен оқытуды бағалау, білім беруде АКТ-ны пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту, білім берудегі басқару және көшбасшылық.

7- сыныптағы Қазақстан тарихынан 6 наурыз күні өтетін бірінші LS-дің жоспарын құрдық. 06.03.2014. күні Баданова Назира бірінші LS-ді өткізді, Молдакулова С. мен Қасанова Н. топтағы оқушыларды бақылап отырды.

«Бақылаудағы» А оқушы- Маскеуғалиева Жамихан, В оқушы -Самаев Исламбек, С оқушы - Қалыбаев Мейіржан болды.

А оқушы талқылауға, жаңа идеялар ұсынуға қабілетті болды.Сұрақтарға нақты жауап берді. Сабақ кезінде оң және нақты түсінік беруге, топтық тапсырманы орындауда мысалдар келтіруге қабілетті болды.Басқалардың ойына сыйластықпен қарап, топты басқара білді. Топ мүшелерінің пікірін тыңдап, үлгерімі төмендеу оқушыларға қолдау көрсетіп,оларды оқуға ынталандыра білді. «Ыстық орындық» тапсырмасында өзіне қойылған сұрақтарға кідірместен жауап беріп, ой ұшқырлығын көрсетті.

В оқушы топтық жұмысқа белсене қатысты, бірақ көп жағдайда топтың бір-екі мүшесімен ғана жұмыс істегенді қалайтыны байқалды. Ойын жинақтап қорытынды жасай білетінін, өзіндік ізденісін көрсете білді. Өз қызығушылығы, мақсаттары бойынша ортақ қорытынды жасайтындығы көрінді. Топ мүшелерінің сөзін бөліп өзі айтқанды жақсы көріп, назар аударта білді. Топ мүшелерімен келісімді жұмыс атқарды. Алған білімін еске түсіріп, өз ойын жинақтап, сенімді жауап беретіндігі көрінді. «Сандар сөйлейді» тапсырмасын орындауда қызығушылығы байқалды.

С оқушы топ мүшелеріне қажетінше көңіл бөлмейтіндігі байқалып отырды.Бірақ топтың бір ғана мүшесімен жұмыс істегенді қалайды.Өз ойын тұжырымдай алмай және басқаларға ойын жеткізуде қабілеті төмен болды.

«Топтастыру әдісі» кезінде, сөзжұмбақ шешу кезінде белсенділігі байқалды Өз айтқанына сенімді емес, тапсырманы орындаған кезде зейін қоймады. Оқушы білімін өз деңгейінде көрсете білді.

Бірінші LS аяқталғаннан кейін оқушылармен сұхбат жүргіздік.

А оқушы-Жамихан: - Сабақ басталардағы психологиялық жаттығулар жағымды көңіл күй тудырады. Қазақстан тарихы сабағындағы бұрын кездеспеген «Ыстық орындық» ойыны ерекше болды.

В оқушы- Исламбек: - Ойды жинақтауға, ортақ қорытынды жасауға ықпал ететін «Топтастыру» әдісі ұнады, бейнефильм, слайдтар, т.б. сабақта қолданғанды ұнатамын.

С оқушы - Мейіржан: - Өз білім деңгейіңді сезінетін , өзіңе сын көзбен қарай білуге көмектесетін «Өзін- өзі бағалау» кезеңі маған ұнады.

1- LS-ті талқылап, 2- LS-ге жоспар құрдық. Құрылған жоспар бойынша 13.03.2014. күні Қасанова Нұрсұлу екінші LS-ді өткізді, Молдакулова С. мен Баданова Н. топтағы оқушыларды бақылап отырды.

А оқушыдан үлкен жауапкершілік байқалды.Белсенділік танытып, үй тапсырмасын тиянақты орындады. Өз ойын нақты жеткізуге қабілеттілігі, өз пікірін қорғай алатындығы көрініп тұрды, сондай-ақ басқа оқушыларға көмектесіп, сөйлем ішінен сөз тіркестерін тез тауып, олардың байланысу тәсілдерін бірден ажырата білді. Шығармашылық жұмыста өз ойын нақты жеткізді. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдап, түсіндірді. Өздеріне берілген сөздермен 5 жол өлең құрастыруда өз білімін жоғары деңгейде көрсетті.

В оқушы сабақ барысында байқалғандай ол өз ойын жеткізуге қабілетті,алайда айқын жеткізе алмайтындығы көрінді.Сұрау кезінде жауап бере алды, бірақ өз жауабын дәлелдейтін мысал келтіре алмады. Сабақ кезінде тыңдаушы рөлін атқарды өзіне қиындық келтіретін тапсырмаларға көмекті қажет етіп отырды. Сұрақтарға жауап беріп, өз ойын еркін айта білді. Абай өлеңдерінің үзіндісінен сөз тіркестерін теріп жазып,1-сөйлемде анықтауыш қызметін атқарып, 2-сөйлемде бастауыш қызметін атқарып тұрғанын айтты.

С оқушының топ мүшелерінің көмегімен жұмыстар атқаратындығы байқалды. Мұғалім тапсырмалар беру арқылы жетелеп отырды. Топ мүшелерімен жұмыс кезінде өз-өзіне сенімсіз, тапсырмаларды орындауға зейін қоймады. Өз ойын жеткізе білуде, жазу, сызу кезінде қабілеті төмен болды.Топқа берілген тапсырмалардың ішінен өз деңгейіндегі жұмыстарды орындап отырды.Әр түрлі тапсырмалар барысында сабаққа деген қызығушылығы артқанын байқадық. Мақал- мәтел айту, жұмбақ шешуде тапқырлығын көрдік. Мақалды құрастырып, ішінен сөз тіркестерін теріп жазып отырды.

Екінші LS аяқталғаннан кейін оқушылармен сұхбат жүргіздік.

А оқушы-Жамихан: - Топ мүшелерімен жұмыс жасауды үйрендім, олардың қабілет деңгейі, жұмыс жылдамдығы әр түрлі екендігін түсіндім.

В оқушы- Исламбек:- Басқалардың ойына сыйластықпен қарауға, тәртіпті бұзбауды үйрендім.

С оқушы - Мейіржан:-Топ жұмысына қатысуға, басқаларынан үйренуге ниет танытып, сыпайы, ізетті болуды үйрендім.

2- LS-ті талқылап, 3- LS-ге жоспар құрдық. Құрылған жоспар бойынша 19.03.2014. күні Молдакулова Светлана үшінші LS-ді өткізді, Қасанова Н.. мен Баданова Н. топтағы оқушыларды бақылап отырды.

А оқушының ұйымдастырушылық қабілеті бірден байқалды.Сұрау кезінде оң және нақты түсінік беруге қабілеттілігі, белсенділігі көрінді, тапсырмаларды тиянақты орындады, сұрақтарға ғылыми тұрғыда жауап беріп, өз ойын өте жақсы жеткізді. Бақылау кезінде өз тобындағы мүшелерді алға жетелеп, тапсырмаларды орындатып отырды. Үлгерімі төмендеу оқушыларға қолдау көрсетіп, оқуын жақсартуға көмектесе алды және басқаларымен сыпайы , ізетті қарым- қатынаста болды. Картамен жұмыс кезінде тапсырмаларды тиянақты орындап, талдаулар кезінде ойын еркін, ашық жеткізді.Географиялық обьектілерді табу кезінде жоғары деңгей көрсетті. Климат картасымен жұмыс кезінде t -ны табу және ауа массаларын анықтауда ерекше болды.Шығармашылықпен жұмыс жасай алды.

В оқушы өзіне қиындық келтіретін тапсырмаларға көмекті қажет ететіндігі байқалды. Тыңдай алады, бірақ мұқият емес. Басқалардың сөзін бөліп, өзі айтқанды жақсы көретіндігі анық білінді. Сабақ кезінде тыңдау қабілеті жақсы, топтың 1-2 мүшесімен ғана жұмыс істегенді қалайтындығы көрінді.Кей тапсырмаларда өз ойын жақсы жеткізді. Жазу, кескін картамен жұмыс, сөзжұмбақ шешуде белсенді болды. Еуразиядағы ірі табиғи аудандарды кескін картаға түсіру тапсырмасын жақсы орындады.

С оқушы топ мүшелерінің көмегімен тапсырмаларды орындап отырды.Мұғалім де, топ мүшелері де оқушыны алға жетеледі.Себебі өз ойын тұжырымдай алмады, басқаларға жеткізу қабілеті төмендеу болды. Алғашында тұйықтылық танытып, жұмыс кезінде топтың басқа мүшелерімен тіл табыса алмай отырды. Кейін сабақ барысында байқалғандай сабаққа деген қызығушылығы арта түсті. Сөзжұмбақ шешуде, «Білгіш географ» тапсырмаларында алға жылжу байқалды.Тапсырмалардың ішінен өз деңгейіндегі жұмыстарды орындай алатындығы көрінді.

Үшінші LS аяқталғаннан кейін оқушылармен сұхбат жүргіздік.

Жамихан:- Сабақ барысында қолданылған әдістердің барлығы да қиындық туғызбады.

Исламбек:- Мен үшін сабақтардан үйренгендерім көп болды.

Мейіржан: - Топ мүшелерімен жұмыс жасау жеңіл болды.

Lesson Study топ мүшелері болып сабақтан кейін жиналып , әр сабақты талқыладық. Lesson Study-ден кейінгі жетістікті талқылау барысында сыни пікірлер мен ұсыныстар ашық айтылды, бақылаулар нәтижелері қабылданып, топ мүшелері сәтсіздіктерді ақтауға тырыспады.Әр сабақтан кейінгі талқылау бірлескен оқыту әдісі ретінде бағаланды. Бақылау кестесінде әр сабақтың нақты мақсаттары мен мәселелері белгіленді.






Күні

12.09.2014

Сыныбы

7 - сынып

Сабақтың

тақырыбы

Орхон ескерткіштері. «Күлтегін» жыры

Ресурстар

Қазақ әдебиеті Алматы «Мектеп» баспасы 2012 , Алматы «Мектеп» баспасы 2002 «Ежелгі дәуір әдебиеті», АКТ, бағалау бетшесі, стикерлер т.б.

Жалпы мақсаттары

Тастағы жазудың тарихы, жырдағы тұлғалар және жырда айтылатын негізгі мәселе жөнінде өз ойларын ортаға салып, өз беттерімен іздену жұмыстарын жүргізеді.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар тақырып бойынша өз бетінше ізденіп, қосымша тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін жетілдіреді. Тыңдау әдебі мен сөйлеу шеберліктерін арттырады.Тапсырмаларды орындау арқылы халқымыздың мәдениетін, әдебиетін дәріптейтін жеке тұлға қалыптасады.

Тапсырмалар

1. «Өрмекші торы» 4. « Тұлғалар»

2. «Тарих сыр шертеді» 5. «Бес жол өлең» құрастыру

3. Сөз сыры 6.

Әдіс - тәсілдер

Топтық жұмыс, диалогтік оқыту, сыни ойлату, талдау, .

Сабақтың жүру барысы:

Уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушы әрекеті

3- мин


2 - мин



3 - мин



10- мин





5- мин




5- мин

5- мин

3- мин


5-мин



1- мин

1-мин


1-мин

1- мин

І.Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық.

Оқушылар шеңбер құрып тұрады.Оқушылар өздерінің аттарының бас әрпіне байланысты әдемі сөздер ойлап айтады.


Сыныпты 3 топқа бөлу

Оқушыларға карточкалар үлестіріледі.Карточкада сөз тіркесі, күрделі сөздер,тұрақты сөз тіркестері беріледі.

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау

232- жаттығу. Сөйлемдердегі сөз тіркесі, күрделі сөздер және тұрақты сөз тіркестерін бөлек- бөлек жазу

«Ыстық орындық»

Әр топтан бір оқушы шығады. Сөз тіркесі, оның айырықша белгілері, түрлері туралы сұрақтар беріледі.

ІІІ.Жаңа сабақты меңгерту

«Миға шабуыл»

1-слайд

Адастырмайықшы сөздерді

Шығайықшы байланыстырып әдемі бір мақалды.

Берілген сөздерден мақал құрастырып, онда қандай сөз тіркестері бар екенін таптыру

Айт, жақсының, тасысын, жақсылығын, нұры, құты, жамандығын, қашсын, айт, жаманның.

2- слайд

Өлең жолдарының авторын тауып, сөз тіркестерін теріп жазыңдар

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй

3- слайд

Бұл есімдігі сөйлемдерде қандай қызмет атқарып тұр?

Бұл ұрыста Төлеген ерекше ерлік көрсетті.

Бұл- ұрыста ерекше ерлік көрсеткен жігіт

ІҮ. Ой салу.

Жоғарыдағы мысалдардағы сөздер бір- бірімен қалай тіркескен, неше тәсілмен?

Сұрақтың жауабы арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ашылады.



Ү.Оқулықпен жұмыс

239- жаттығу. Мақал- мәтелдердегі сөздердің байланысу тәсілдерін анықтаңыз.

ҮІ. Шығармашылық жұмыс.

ҮІІ. Сабақты бекіту.

1.«Кімнің ойы ұшқыр?» ойыны

Ойынның шарты: Өзара топтаса отырып сөздердің байланысу тәсілдеріне байланысты мысалдар келтіріп, түсіндіру.

2.«Бес жол өлең»құрастыру

Ітоп -кітап

ІІтоп - мемлекет

ІІІ топ - тіл


ҮІІІ. Қорытындылау .

Семантикалық кестемен жұмыс

ІХ. Бағалау

Бағалау парақшаларында жинаған ұпай сандарына қарай, оқушы білімдерін бағалау

Х. Үйге тапсырма

241- жаттығу.

Тапсырма: Экологиялық апатқа ұшыраған табиғат туралы ойтолғау жазу

Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»

Бірінші оқушы өзінің атының бас әрпіне байланысты әдемі сөз ойлап айтады. Шеңбер бойында тұрған келесі оқушы жалғастырады.Осылай сыныптағы барлық оқушы қатысады. (Мысалы: жарқын жүзді Жамихан, ер есімді Ерқанат, ілтипатты Інжу, т.б.)

Оқушылар карточканы оқып, берілген сөз тіркесі болса- 1- топқа, күрделі сөздер болса- 2- топқа, тұрақты сөз тіркестері болса- 3- топқа отырады.

Оқушылар үй жұмысын оқып, ауызша айтады. Әр топтан бір оқушы шығады, оқушылар сұрақ қояды, шыққан оқушы жауап береді.

Әр топ бірлесе отырып мақалды құрастырады, ішінен сөз тіркестерін теріп жазады.

Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын,

Жаманның жамандығын айт, құты қашсын

Сөз тіркестері: жақсының жақсылығы; жаманның жамандығы, жақсылығын айт, жамандығын айт.

Топ мүшелері Абай өлеңдерінің үзіндісі екенін айтып, сөз тіркестерін теріп жазады

Өлеңді жазбаймын, ермек үшін жазбаймын

Құлақтан кіріп, бойды алар,

жақсы ән, тәтті күй.

Топ мүшелері сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдап, түсіндіреді.

1-сөйлемде анықтауыш қызметін атқарып, 2-сөйлемде бастауыш қызметін атқарып тұрғанын айтады.

Оқушылар ойланып, ізденеді.

Сұраққа жауап береді, түсіндіреді.

Сөздер бір- бірімен 4 түрлі тәсіл арқылы байланысады.

  1. Жалғаулар арқылы

  2. Септеулік шылаулар арқылы

  3. Орын тәртібі арқылы

  4. Интонация арқылы

Топтастыру әдісі

Сөздердің

байланысу

тәсілдері


І топ -2,3,4 -сөйлемдерді

ІІтоп -5,6,7 -сөйлемдерді

ІІІ топ -8,9,10-сөйлемдерді талдайды.

Әр топ мүшелері өздері таңдаған бір мақал бойынша өз ойын ортаға салады.

Оқушылар ойынның шарты бойынша мысалдар келтіреді, түсіндіреді.

Әр топ өздеріне берілген сөздермен 5 жол өлең құрастырады.

Зат есім-1 сөз (кітап)

Сын есім-2сөз (қызықты, қалың)

Етістік -3сөз(оқиды, сатып алады, бағалайды)

Нақыл сөз. Кітап - білім бұлағы

Түйін. Кітап оқу арқылы адамның рухани байлығымыз дамиды.

Оқушылар семантикалық кестені толтырады.

Оқушылар өздері жазған ұпайларын санайды, қорытындылайды.


Оқушылар сабақта ұнағаны не ұнамағаны болса, стикерге жазып, тақтаға жабыстырады.





© 2010-2022