§49. Ғылыми білімдердің дамуы 7 сынып Дүниежүзі тарихы

Раздел История
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы 06.02.2016жыл

Сабақтың тақырыбы: §49. Ғылыми білімдердің дамуы

Сабақтың мақсаты:

  • ХҮ ғасырдағы дүние жүзіне әйгілі болған ғалымдармен, олардың еңбектерімен таныстыру;

  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің баты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, слайд

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Томас Мордың қөзқарасының қалыптасу себебін түсіндіріңдер? Қазақстанда ХҮ ғасырда Т.Мордың көзқарасына ұқсас ұжмақ жер іздеген қандай ойшыл болды?

  • Рабле өз романында феодалдық дүниені қалай сынады?

  • Шекспир шығармалары кейіпкрлерінің өзара байланысын түсіндіріңдер. Қазақтың қай жазушысы Шекспир шығармаларын қазақ тілінде аударды?

  • Қиялшыл да күлдіргі Дон Кихот бейнесі несімен қымбат?

  • ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы ұлы жазушылардың шығармашылығынан Қайта өркендеу мәдениетінің қандай ерекшеліктерін көруге болады?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

«ККК»әдісі бойынша оқушыларды

  • метематик

  • суретші

  • тарихшы

  • географ етіп бөлу.

  1. Ғылымның дамуы

  2. Коперник Николай

  3. Бруно Джордано

  4. Галилео Галилей

ІV.Сабақты бекіту:

  • ХҮ-ХҮІІ ғасырларда әлем құрылымы жөніндегі жаңа көзқарастар қалай пайда болды?

  • Дүниенің құрылымы жөніндегі Птоломей мен Коперниктің пікірлерін салыстырыңдар. Коперниктің ғылыми жаңалығы несімен бағалы болды?

  • Д.Бруно әлемнің құрылымы жөніндегі түсінікке қандай жаңалық енгізді?

  • Коперник пен Бруноның көзқарасын Галилей қалай дәлелдеді және дамытты?

V. Бағалау: өзін-өзі

VІ. Үйге тапсырма: § 49. ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы ғалымдардың ашқан ғылыми жаңалықтары. Әлемнің құрылымы туралы Николай Коперник, Г.Галилей, Д.Броно ілімдері жайлы реферат жазып келу.

Тексерген:

ДОТІЖО: Жумадиллаев Ж.А.§49. Ғылыми білімдердің дамуы 7 сынып Дүниежүзі тарихы

© 2010-2022