Қазақстан тарихы Тың игеру 9 сынып

Раздел История
Класс 9 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: §36. Тың игеру.

Пән мұғалімі: Т.М.Утеулина

Сынып: 9


Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың мақсаты:

Соғыстан кейінгі кезеңде Қазақстанның ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдайды білу, түсіну.

Тың игерудің пайдасы мен зиянын анықтау.

Демографиялық ахуалдың шиеленісу себептерін талқылау.

Тың игерілген облыстарды картадан табу.

Күтілетін нәтиже:

  • Соғыстан кейінгі кезеңде Қазақстанның ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдай туралы ақпаратты меңгеретін болады (барлығы)

  • Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдайды айтып бере алады (көпшілігі);

  • Тың игерудің пайдасы мен зиянын айқындай алады (кейбіреуі);

  • Демографиялық ахуалдың шиеленісу себептерін талқылай алады;.

  • Тың игерілген облыстарды картадан таба алатын болады;

Сабақтың әдіс-тәсілдері: жекелей жұмыс, топтық жұмыс т.б

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Деректер

Сабақтың басы

10 мин







Білу


Ұйымдастыру.

Оқушылар "тың жер" және "эрозияға ұшыраған жер" суреттері бейнеленген мозайка бойынша топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын еске түсіре отырып, шолу:


⦁ Қанша әскери өнеркәсіп кешені дамыды? 50

Республикада қару-жарақтың қандай түрлері шығарылды?

⦁ Уран өндіруден нешінші орында болды?
⦁ 1949-1989 жылдар аралығында неше жарылыс болды?
⦁ «Байқоңыр» ғарыш айлағы қашан салынды?
2014 жылы 14 сәуірде Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөнінде самит өтті. Ядролық қарудан әлемде алғаш рет бас тартқан, тажал полигонын тарихта тұңғыш рет жапқан елдің басшысы, сарабдал, данагөй, саясаткер - Н.Назарбаев еді. Қазақстанның жасампаз миссиясын халықаралық қауымдастық мойындады. Елбасына «Бейбітшілік және алдын алу дипломатиясы» сыйлығы табыс етілді.

І. Ой қозғау

- Біз қай кезеңнің тарихын оқып жатырмыз?

- Соғыстан кейінгі кезең.

- Соғыстан кейінгі кезеңдегі ауыл шаруашылығының жағдайы қандай жағдайда болуы мүмкін?

 Осы қиыншылықтарды жойып, астық өнімін арттыру үшін, партия қандай шешім қабылдауы мүмкін?
 Астық өндіруді жолға қою керек.
 Ол үшін тың жерлерді игеруді қолға алу керек.

-Тың жер деген не?

-Тыңайған жер деген ше?

Тың жер - табиғи күйінде құнарлығы сақталып тұрған, ғасырлар бойы жыртылмаған жерлер, Тың жерлер топырағының құрылымында қара шірік қабаты қалың өсімдікке қажетті қоректік заттар мол болады. Тыңайған жер - ұзақ уақыт бойы өңделмеген жыртылған жер.

Бағалау.Сұрақтарға жақсы жауап берген оқушыларға жетондар беремін.
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: §36. Тың игеру.

Қазақстан тарихы


Түсіну



Қолдану


Мұғалімнің сөзі

Бейнефильм көрсетіледі -3 минут

1 топ - "Тың жер": Тың игерудің барысы, нәтижелері.

2 топ - "Эрозияға ұшыраған жер": Тың игерудің жағымсыз салдарлары.

Әр топ Тың игерудің пайдасы мен зияны бойынша постер құру. (4-минут)

Постермен таныстыру. /3-минут/


youtube.com



Талдау





















Жинақтау

















































Бағалау


















1. Құрастырмалы тест

1. Тың игеру науқанында республиканың ұлттық-демографиялық ерекшеліктері ............................ (ескерілмеді).

2. Жергілікті халықтың ғұрпына, дәстүріне, мәдени ескерткішіне ............... (менсінбей) қарау орын алды.

3. Алғашқы екі жылда Қазақстанға келген 650 мың адамның ........................ ғана тың игеру үшін қажет болды. (130 мыңы)

4. Тың игеруді желеу етіп 2 млн-ға жуық орыстардың, украиндардың т.б. ұлт өкілдерінің көшіп келуі Қазақстанның солтүстік облыстарында ................. ..............................проблемаларды ушықтырды. (тілдік және демографиялық)

6. Қазақ мектептерінің саны ................ (күрт кеміді).

2. Жеке жұмыс. Тапсырма: Картаға масақтарды тың игерілген аймақтарға бейнелеу.

Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

3. Не? Қайда? Қашан? ойыны. Сұрақтарға жауап беру.

1. Не?1950 жылдардың ортасындағы жер игеру саясаты не деп аталады?

(Тың және тыңайған жерлерді игеру)

2.Не? Тың игеру саясатының негізгі мақсаты не?

(Ауылшаруашылық өндірісін ұйымдастыру және халықтың азыққа деген қажеттіліктерін қаматамасыз ету)

3. Не? Топырақ эрозиясы дегеніміз не?

(Топырақтың құнарлылығын кемітетін табиғат апаты)

4. Не? Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі үндіеуропа тіл әулетіне жататын орыс, белорусь ұлтының тығыз орналасу себебі не?

(Тың игеру кезінде КСРО-дан болған қоныстандыру)

1. ҚАЙДА? Күріш өсіруден рекордты өнім алуға қол жеткізген Ыбырай Жақаев қайда дүниеге келді?

(Қызылорда облысы Шиелі ауданында)

2. ҚАЙДА? Тың игеру саясаты қайда жүргізілді? (Облыстарды картадан көрсет).

(Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай облыстары)

3. ҚАЙДА? 1954-60 жылдары Одақтың қай елдерінен тың игерушілер қоныстанды?

(Украина, Ресей, Белоруссия, Молдова)

4.ҚАЙДА? Тыңгер, Социолистік еңбек ері М.Довжик қайда ауылшаруашылық техникасын пайдалануда жаңашылдық танытты?

(Ақмола обл)

1. ҚАШАН? Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қашан қабылданды?

(1954 жылы көктемде)

2. ҚАШАН? Тың игерушілер айтарлықтай көрсеткішке қашан қол жеткізді?

(1956 жылы)

3. ҚАШАН? Қазақстанда 1954-60 жылдары қанша га жер игерілді?

4.ҚАШАН? 1954 жылы тамыздың басына қарай қанша жер жырту жоспарланды және орнына қанша жер жыртылды?

(13 млн жоспарланды, 19 млн га жер жыртылды)

Оқушылар сабақ бойы жинаған жетондарын есептеп, бағалау.

Үйге тапсырма: «Идеал тапсырма» әдісі

«Идеал тапсырма» әдісі: Әр оқушы өзі орындайтын үй тапсырмасын өзі таңдайды. Мысалы: біреу қосымша дерек жинаса, келесі сурет салуы, немесе ой-толғау жазуға болады.




Құмжарған орта мектебі







Ашық сабақ

Тақырыбы: Тың игеру



Қазақстан тарихы Тың игеру 9 сынып

9-сынып



Тарих пәнінің мұғалімі: Т.М.Утеулина







2016-2017 о.ж.



© 2010-2022