Дүние жүзі тарихы 8 сынып сабақ жоспары

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні Дүние жүзі тарихы

Күні сынып 8

Сабақтың тақырыбы: Ағылшын революциясы және Англияда капитализмнің орнығуы

Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларға революция қарсаңында болған өзгерістерді әңгімеле отырып, аграрлық сала негізінде реформалар жасалғанын, шаруалардың екі жақты қыспаққа ұшрағандығын түсіндеру.
- Ағылшын революциясының себептерін аша отырып, елдегі әлеуметтік, саяси және діни мәселелердің шиеленісуі ағылшын буржуазиялық революциясына жол ашып, халықтың жаппай бас көтеруіне әкелгендігін, Англиядаға революция халықтық қозғалысқа айналып, феодалдық корольдік тәуелділікті жоюға ұмтылғандығын әңгімелеу.
- Бүкіл Англия парламентті жақтаушылар және феодалдық абсолюттік құрылысты жақтаушыларға бөлінгендігін, республиканың ішкі саяси жағдайының дағдарысы, елде жаңа заңдар мен реформаларды жүргізуді қажет еткендігін айту. Белсенді, білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта, касте, сызба.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
1Оқу құралын тексеріп түгелдеу
2 Әнұран орындау, «Хабар».
3 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Дүниежүзі тарихы нені оқытады?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Революция қарсаңындағы Англия
2. Ағылшын революциясының себептері
3. Англиядағы азамат соғысы.
Маңызды оқиғалар:
1628 ж. - «Құқық жөніндегі петиция» құжаты
1639 ж. - Шотландиямен соғыс
1640 ж.- Ағылшын революциясының басталуы
1640 жыл, 13 сәуір-5 мамыр- «Қысқа парламент»
1640 жыл, 3 қараша- «Ұзақ парламент»
1640 жыл, желтоқсан - «Түп және тармақтар жөніндегі петиция»
1641 жыл, желтоқсан - «Ұлы ремонстрация»
ІҮ. Сабақты бекіту:
- Революция қарсаңындағы Англияның жағдайына сипаттама беріңдер
- Революцияның басталу себептерін атаңдар.
- Англиядағы азамат соғысы қандай мақсатты көздеді?
- Ағылшын буржуазиялық революциясының ерекшелігі неде, ол өз мақсатына жетті ме?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма: п. 1,8-18 бб



Пәні дүние жүзі тарихы

Күні сынып 8

Тақырыбы: Француз буржуазиялық революциясы

Сабақтың мақсаты:

1 Француз буржуазиялық революциясы мәнін ашу.

2. Француз буржуазиялық революциясы жайында ақпарат беру арқылы оқушылардың ой өрісін дамыту

3. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: Оқу картасы ,кесте,сурет.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  • Мазмұндау

  • Кесте толтыру

  • Картамен жұмыс

Оқулықтың соңындағы сұрақтаррға жауап алу.

Сабақтың жоспары:

  1. 1 мәселе .Францияның рев -ға дейіңгі жағдайына тоқталу

ХҮІІІ ғ 80 ж феодалдық абсолюттік билік дағдарысы асқына түсті 1787-1789 ж өндірістік сауда дағдарысы терендей түсті. Калалар мен ауылдарда ашығушылар саны өсті. Монархия күйреу алдында тұрды.

2 мәселе Революцияның басталуы. 1789 ж абсолюттік билікті құлату , басты саяси

басқару Құрылтай Жиналысының қолына көшті. Оған мүше болғандар буржуалар еді.

1789 ж Құрылтай жиналысы маңызды екі құжат қабылдады ,4-11 тамыздағы феодалдық «жеке» борыштар мен шіркеу ондығы жойылды.

26 тамыз Жиналыс «Адам және азамат құқықтарының декларациясын» қабылдады.

Саяси дағдарыс барысында 1791 ж 21 маусым түні король отбасымен Парижді тастап шықты . бірақ жолда ұсталып Париж қаласына қайтарылды.

3 мәселе 1792 ж 10 тамыз ЖиналысХҮІ Людовикті тақтан түсірді. Республиканы жариялау

1792 ж 20 қыркүйек Ұлттық конвент өз жұмысын бастады. 22 қыркүйек франция республика болып жарияланды.

  • Конвенттік орындағы 113 депутаты сол жақ қанатты құрды. Олар «таулар » немесе «монтаньярлар» Олардың жетекшілері Робеспьер,Марат,Дантон.

  • Конвенттің он қанаты 136 депутаттан тұрды олар жирондар.

  • Орталық бөлік 500 депутаттан тұрды.

Якобшілер диктатурасы

Жаңа сабақты бекіту. Тақырып соңындағы сурақтар

Үй тапсырмасы: мазмұндау

Бағалау:

















© 2010-2022