Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы 6 класс

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы

Сабақтың мақсаты: Ғұндардың тұрмысы ,қоғамдық құрылысы және шаруашылығы туралы

Білім беру.

Дамытушылық мақсаты:Ғұндардың тарихының даму ерекшіліктері және маңызын ашып көрсету.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын,ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Қазақ даласын мекендеген ғұн тайпасының әлемдік денгейге қосқан үлесі және Атилланың ерлігін баяндай отырып,елін қорғауға,ұлт жандыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, Карта. Схема «Ия-жоқ» ойыны.

Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы;

Ой қозғау, іздену, мәселені шешу.

Сабақтың әдісі: «Ойталқы», топтық жұмыс,(жигсо әдісі);

Автор орындығы;

Ұқсату;

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша әдісті қолдану.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

І. Қызығушылықты ояту:

1. Адамзаттың өткен тарихын заттай тарихы мұралар арқылы зерттейтін ғылым қалай аталады?

2. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі.

3.Қазақстан жерінде өмір сүрген ең алғашқы тайпалар?

1. Үй тапсырмасын сұрау: (жигсо- 1 әдісі)

Сыныпты үш топқа бөлемін. Әр топ оқушының «отбасы» одан әрі отбасы мүшелері. Берілген сұраққа және жылдам жауап берген топқа дөңгелекшелер беріп отырамын.

2.Автор орындығы: «Мен Еділ патшамын». Бір немесе бірінші оқушы шығып, Еділ патшаның өмірінен сахналық көрініс көрсетеді.

Жаңа сабақ: Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы.

ІІ. Мағынаны ажырату.

Білімді кеңейту, тақырыпты ашу /15 минут/.

«Отбасы» мүшелері өзара нөмері мен бөліседі. Әр топтың бірінші сандары-1 топқа, «2» деген сан иесі- 2 топқа, «3» санын алушылар 3-топқа жиналады. Бұл топ оқушының- «жұмыс орны». Осында оқушыларға мәтіннен тақырыпшылар беріледі. Оқып болған соң топ мүшелері оқығандарын ортаға салады.

Олар «отбасына» оралып, әр оқушы өзінің оқығанын топ мүшелеріне түсіндіреді.

Мәтінмен жұмыс. Топ тапсырмалары.

1-тапсырма:

1-топ: Ғұндардың тұрмысы.

2-топ: Қоғамдық құрылысы.

3-топ: Ғұндардың мәдениеті.

ІІІ. Ой-толғаныс.

2- тапсырма:

Ұқсату:

Мәтіннен өздерінің өмірлеріне сәйкес келетін тұстарын оқып айту.

3-тапсырма:

«Иә-жоқ»ойыны

  1. Ғұндар кезеңі б.з.б 3 ғасыр мен б.з.д төрт ғасыр аралығын қамтиды.

А) Иә; Ә). Жок

2. Ғұн билеушісінің «хан» деп атаған.

А) Иә; Ә) Жоқ

3. Ғұн мемлекетінде ру саны-24

А) Иә; Ә) Жоқ

4. Цин патшалығы сақтардан қорғану үшін Ұлы Қытай қорғанын салды.

А) Иә; Ә) Жоқ

5. Шаньюйден кейінгі басты тұлға-«түменбасы»

А) Иә; Ә) Жоқ

6. «Халықтардың ұлы қоныс аударуын» бастаған-сақтар.

А) Иә; Ә) Жоқ

7. «Атилла» операсын жазған итальян композиторы-Джузеппе Верди

А) Иә; Ә) Жоқ

8. Ғұндар бұйымының бетіне түрлі-түсті заттарды жапсыруы-«аң стиль»

А) Иә ; Ә) Жоқ

9. Еуропада Атилла ғұн империясын қазіргі Венгрия жерінде құрған.

А) Иә; Ә) Жоқ

10. Ғұндардың негізгі өмір салты-көшпелі өмір.

А) Иә; Ә) Жоқ

Сабақты бекіту:

Топтастыру:

Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы 6 классҒұндардың тұрмысы мен шаруашылығы 6 класс

Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы 6 классҒұндардың тұрмысы мен шаруашылығы 6 классҒұндардың тұрмысы мен шаруашылығы 6 классҒұндардың тұрмысы мен шаруашылығы 6 классҒұндардың тұрмысы мен шаруашылығы 6 классҒҰНДАР


Үй тапсырмасы: « Құдіретті Ғұн империясы» тақырыбында шығарма жазу.

Бағалау:


© 2010-2022