Статия ҒҰН тайпасы5 сынып

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ғұндар-көшпелі халық. Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Шығыста Мөде «шыгыс ху» тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сянби және ухуань тайпалары кіретін еді. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпаларына қарсы жорықтар жасады. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұн шаньюйлерінің қол астына түсті, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына біріккен тайпалар Байкалдан арғы оңтүстік аудандарға дейінгі аумақты алып жатты. Деректемелерде ғұндардың Саян-Алтай тайпаларына жасаған жорықтары туралы да айтылған. Шежіреші б. з. б. 201 жылы сюннулердің солтүстікке және солтүстік-батысқа қарай жорығын жалғастырып, Хуньюй, Цюйшэ, Динлин, Гэкунь және Синьли елдерін бағындырғанын хабарлайды. Мәтінде берілген түсініктемеде әлгі айтылған бес елдің сюннулердің солтүстік жағында жатқаны айтылады, ол батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле алқабына дейін созылып жатса керек. Б. з. б. 201 жылғы жорықта ғұндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік бағындырды, бірақ олар бұл аумақты толық қол астына каратқан жоқ. Қалай дегенмен де, сол кезде осылай болғанын жазбаша деректемелер де, архео-логиялык материалдар да көрсете алмады.Одан кейінгі онжылдықтарда ғұн тайпаларының күшеюіне қоса олар батыста да қызу кимыл көрсете бастайды. Б. з. б. 177 жылы Мөде көршілеріне қарсы оз бетімен қимыл жасады деген сылтаумен өзінің батыстағы туктерін (князьдарын) юедилерге қарсы жорыққа аттандырды. Ғұндардың атты әскерлері Чжанье-Ганьчжоу ауданы маңында юедилерді жеңіліске ұшыратты және сонымен бірге ғұндардың қалыптасып жаткан бірлестігінің шет аймағындағы бірнеше үлесті бағындырды. Келесі жылғы жазда бұл жөнінде шаньюй былай деген: «Аспанның рақымымен жауынгерлер аман, ал аттар мықты шықты: олар юедилерді жойып, жуасытты; семсердің ұшына іліп немесе багындырып, (оз билігін) ныгайтты. Лоулань, Усун, Хуцзе және оларга шектес 36 үлес (князьдік) сюннулерге қаратылды. Олардын бәрі сюннулердің армиясына кіріп, бір әулетке айналды».Бұл кұжат өте маңызды, бірақ сын көзбен қарауды талап етеді. «Отыз алты мемлекет» деп қазіргі Шығыс Түркістан аумағына орналаскан князьдіктер, яғни жалпы алғанда батыстағы Каспий теңізінің жағалауына дейінгі бүкіл жер айтылған. «Тарихи жазбалардың» (Шицзи) авторы Сыма Цянь юедилердің «толық» талқандалғаны туралы хабарды құп алып, бұл орайда б. з. б. 177 жылы қытайларға юедилердің (юечжилердің) Хуанхэнің солтүстік ойпатынан батысырақта мекендеген бір бөлігінің ғана белгілі болғанын ескермеген. Қытай деректемелерінде юеди деп аталған көшпелі тайпалар Грек-Бактрияны талқандаганнан кейін олар туралы мәліметтер өзінен-өзі бүкіл Орта Азияға да тарала бастайды. Б. з. б. 49 жылы Чжичжи көрші князьдікке дипломатиялық сапарға кеткен Хуханьенің аз уақыт болмауын пайдаланып, оның жерін басып алып, сол арқылы конфедерацияның бірлігін қайта орнатуға әрекет жасады. Алайда оның күші жетпейтін еді. Шежірешінің айтқанындай, «Чжичжидің өзі сюннуде күшпен нығая алмайтынын білді». Ол үйсін гуньмосы Уцзютудан көмек сұрады, бірақ соңғысы оның елшісінің басын алып, Чжичжиге шабуыл жасауға 8000 атты әскер жіберді. Чжичжидің атты әскері үйсіндердің отрядын талқандады, бірақ одақтассыз қалған Чжичжи оңтүстік ғұндар- дың жерінен кетуге мөжбүр болды. Одан әрі деректемеде бұл және одан кейінгі оқиғалар былайша суреттеледі: «Чжичжи үйсін әскерінің көп екенін, өз елшісінің әлі оралмағанын көріп, өз әскерін орналастырды да, үйсіндерге лап қойып, оларды тас-талқан етті; солтүстікке бет бұрып, Уцзеге соққы берді, Уцзе бағынды. Чжичжи өз әскерінің кәмегімен батыста Цзянькуньді қиратты, ал солтүстікте Данлинді бағындырды. Үш князьдікті бағындырған соң ол бірнеше рет үйсінге әскер жіберіп, әдетте оны жеңіп жүрді». Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген. Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған.Жазба деректер ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды. Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты рөл атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау, егіншілік дамыды.Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.Олар малдың барлық түрлерін өсірген. Ғұндардың негізгі баспанасы киіз үйлер болған. Ғұндарда бұйымының бетіне түрлі түсті заттарды жапсыру стилі пайда болды, тарихта ол полихромдық стиль деп аталған. Осы стиль Орталық Қазақстанда дамыған. Зерлеу әдісімен паҒұндар, хұндар - ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарынын арғы тегі. Біздің заманымызға дейін 1-мыңжылдықта қалыптасқан. Бастапқы кезде солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байкал өңірінде қоныстанған. Ежелгі Қытай жылнамаларында Ғұндар гуй фан, гун руң, хун ю, шиан ю, шиұң ну секілді, т.б. атаулармен берілген. Біздің заманымызға дейін 3 ғасырдыңдың соңына қарай Ғұндар бірігіп әскер түзеп, өздерінің мемлекетін құрды. Ғұндар 24 руға бөлінген, оларды елағасы - бек биледі. Әрбір рудың көшіп жүретін өз жері болды. Жоғары билеушісі "Тәңірқұт "лауазымын иемденген. Қытай деректерінде Ғұндардың жоғары билеушісі "шаньюй" деп аталады. Ғұндардың өмірінде көшпелі мал шаруашылығы басты рөл атқарады. Жылқының асыл тұқымдарын өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген. Ғұндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Ғұндар дәнді дақылдың ішінде тарыны көп өсірген. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңтейде болған. Зергерлік өнердегі полихром стилін дүниеге әкелген. Ат үсті ойындарының негізін салған. Көктөңіріне табынын, ата-баба рухына сиынған. Өздерінің дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырған. Онда, негізінен, мыналар көзделген: "Ұрлық жасап, кінәлі болғанның жері алынады, шайқаста жаудың басын шауып алған немесе оны тұтқынға алған адамға бір кеспек шарап сыйланады, қолға түсірілген олжа соған беріледі, ал тұтқынға алынғандар соның құлдары мен күндері етіледі; ұрыс алаңында қаза тапқан адамның сүйегін кім өкелсе, оның отбасының бүкіл мүлкін сол алады". Ғұндар өз арасында қылмыс жасап айыпты болғандардың бетін тілген. Тілінген беттің тыртығы бұрынғы қынмысын білдіріп тұратындықтан, ондай адамдардың қайта қылмыс жасауға батылы бара бермеген. Себебі, келесі жазаланғанда өлім жазасына кесілетін. Ғұндар соғыс тұтқындарын құл қылып, оларды үй қызметшілері, бақташылар, қолөнершілер және жер жыртушылар ретінде пайдаланған. Ер азаматтарының барлығы дерлік қатардағы жауынгер саналған. Ғұндар әскерінің негізі атты әскерден [6] тұрды. Салт атты жауынгерінің қару-жарағы - садақ, семсер, қанжар, найза, бұғалық (ұры құрық). Ғұндардың жауынгерлік құдіретінен сескенген қытайлықтар ұлы Қытай қорғанын салдырған. Ғұндардың күшті мемлекет болып отыруы кытайлықтарға ұнамады. Олар ғұндарды әлсіретудің жолын іздеді. Біздің заманымызға дейін 209 жылдан Ғұндарды Мөде басқарды. Мөде билік еткен алғашқы жылдардың өзінде-ақ Қытайдың шекаралық аудандарына жорықтар жасап, күйрете соққы берді. Кескілескен күресте әскери-саяси қуаты басым Хань әулетін ғұндардың Ордостағы көшіп жүретін жерлерінен дәмеленуден бас тартуға мәжбүр етті. Хань императоры Гаоцзу Мөденің алдында бас иіп, онымен "тыныштық және туыстық туралы шартқа" қол қоюға мәжбүр болды. Бұл шарт бойынша ол Мөдеге өзінің ханшасын әйелдікке беруге және жыл сайын "сыйлық" ретінде салық төлеп тұруға міндеттенді, кейін ол салықты үнемі төлеп тұрды.йдаланды. Бұйымдарды безендіру үшін негізгі бейне жабайы аңдар болған

© 2010-2022