Презенация по Истории Казахстана на тему Абай-дана

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Ашық сабақ

Тақырыбы:Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы

Пән мұғалімі:Ж.Ж.Шайманова







2013-2014 оқу жылы

Тақырыбы:Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы

Мақсаты:оқушыларға Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық тақырыбын толық меңгерту,мазмұнын аша білу.

Білімділік:қазақтың ойшыл ақыны Абайдың өмірін,философиялық қоғамдық көзқарасын,адамдық қасиеттері туралы пікірлерін түсіндіріп,қазақ қоғамындағы орнын көрсету.

Тәрбиелік:Абайдың өнегелі істерінен үлгі алуға тәрбиелеу,ұлы тарихи тұлғаларға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Дамытушылық:шығармашылық істерін қалыптастыру,дамыту.

Көрнекілігі:слайд(бейнеролик),карта.

Пәнаралық байланыс:әдебиет,тарих.

Түрі:ізденіс сабақ

Әдісі:ауызша баяндау,топпен жұмыс.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру(сәлемдесу,түгелдеу,сабаққа даярлау)

II.Үй тапсырмасын тексеру(карточка арқылы)

1.Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келді?(1841 жаңа күнтізбемен-қарашаның 2-сі күні)

2.Ыбырай Алтынсарин қандай тілдерді жетік меңгерген?(орыс, араб,татар,парсы)

3.Қай жылы Ыбырай Алтынсаринге Орынбор бекінісінде қазақ балаларына арнап мектеп ашу тапсырылды?(1860)

4.Қай жылы Орскіде қазақ мұғалімдерін дайындайтын мектеп ашылды?(1888 ,10 сәуір)

5.Ыбырай қазақ қыздарына арналған мектеп интернаттарын қай қалада ашқызды?(Торғай,Қостанай,Қарабұтақ,Ақтөбе)

III.Жаңа сабақ.

Абай-дана,

Абай-дара қазақта

Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын,

әдебиетшілігін және ән шығару дарындығын ашу,осы 4 топқа бұйырады.

І топ -музыканттар тобы

ІІ топ-журналисттер тобы

ІІІ топ-тарихшылар

ІҮ топ-әдебиетшілер

"Абай кім?" деген сауалға оқушыларды қатыстыра отырып,жауап іздейді:

















Венн диаграммасы





(ерекшелігі мен ұқсастығы тақтаға жазылады.)

Абай аудармашы.Ол орыс классиктерінің көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Аудармалары: А.С.Пушкиннен- 80 өлең.

М.Лермонтовтең- 27 өлең.

И.Гетеден- 1 өлең.

И.Крыловтан- 13 мысал.

М.Е.Салтыков

Щедринге

Л.Толстой ойшыл ақын жазушылардың шығармаларына бас иді.

Абай- қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы.Оның таңдаулы туындылары дүниежүзі поэциясының озық үлгілерімен деңгейлес,көпшілігінен артық.

Абай қазақтың жаңа реалистік жазба әдебиетінің негізін салушы,оның ақыдық дарыны аса қуатты және сан қырлы.

Абай-ақын.Абай шығармашылығына оның ақындық тұлғасы ана сүтімен біткен ұлттық,даралық сипат берген.Ақындыққы алғаш бой ұрғанда шығыс ақындарының өлеңдері қызықтырды.Кейін батыстан да уйренді.

Оның 270 өлеңдері бар.

І топ - үзінді оқиды.

ІІ топ -үзінді оқиды.

ІІІ топ-үзінді оқиды.

ІҮ топ-үзінді оқиды.

Абай-сазгер.Абайдың әндері «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем Қаламқас», «Сегіз аяқ», «Қор болды жаным», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Желсіз түнде жарық- ай».

(Абайдың бір өлеңі тыңдалады)

Абай-философ.Абайдың 45 қара сөзі бар.

17 қара сөзінде: «Қайрат,ақыл,жүрек айтысы» туралы айтылған.

18 қара сөзінде: «Адамның адамшылдығы жақсы ата,жақсы ана,жақсы құрбы,жақсы ұстаздан болады.»

(Абайдың қара сөздері оқушыларға оқитын мазмұнын ашу.)

Абайдың қоғамдық көзқарасы.ХІХ ғасырдың ІІ жартысында оның көзқарасы қазақ қоғамының ең озық үлгісі болды.Ақын өткен замандардың кемеңгер ойшылдарының шығармаларын оқып,өз дәуірінің алдңғы қатарлы ой-пікірлерін қорытып,қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге,сол кездегі, сол кезде қазақ қауымын тоғындырған басты әлеуметтік философиялық мәселелерге жауап беруге ұмтылды.

Қазіргі заманмен байланыстыру.Абайдың кәсіптік иесі болу «Адам өмірің бір саласы» деген арманы орындалғандай.ҚР Үкіметі кәсіпкерлікті дамыту бағытында бір қатар заңдар шығарды.Елбасының «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді басымдық кәсіптік мемлекет болу 7-ші басымдықтан орын алды.

Демократиялық қоғам орнатып,нарықтық қатынасқа көшіп отырған қазіргі кезең әрбір адамнан осыны талап етендігіне көзіміз жетіп отыр.Олай болса,қоғамның болашағын аса зор данышпандықпен көре білген.

Барлық адам тең құқылы өмір сүретін адам құру туралы прогресшіл ойшылдардың барлығы армандаған.

Мысалы: Я.А.Калянский

Д.Лонк

Ж.Ж.Руссо

Ж.Ж.Гельвеций

Р.ОУЭН т.б өз еңбектерінде тіпті сондай қоғамның жобасын жазып та қалдырған.

Эссе кеше,бүгін,ертең. (Оқушылар жазады, 3минут).

Абай тағылымы



«Ойтолғаныс»

1.Абай шығармашылығындағы адамдық игі қасиеттер өз бойымыздан табыла ма?

2.Абайдың өз қолының көзі ашық басқа елдермен терезесі тең болу,өнер,білімге,мәдениетке үндегендігінің бүгінгі өмірдегі нәтижесі бар ма?

3. «Қазақстан-2030» бағдарламасына Абайдың гуманистік ой-пікілерінің берер маңызы қандай?

Қорытынды: С.Торайғыров: «Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы,

ерінбе,адамдықты көздесең,жаттап,тоқы көңілге».

© 2010-2022