Сабақ жоспары Отырар қаһарман қала

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы

Отырар қаһарман қала. Пән мұғалімі: Амиреева К.Ж.

Мақсаты

Шыңғысхан баскарған монғол империясының құрылуы, монғолдардың Қазақ жеріне және Орта Азияға шапқыншылығы, Отырардың қалыптасуы мен монғол шапқыншылығы кезіндегі ерлікпен қорғанысы туралы білім беру.

Жалпы мақсат

Тақырып бойынша ойларын айқын тұжырымдайды;Диалогтік оқытудағы жоғары және төменгі мәртебелі сұрақтарды қойып үйренеді. Оқушының сыни ойлауы қалыптасады


Міндеттері

Ойлау қабілеттерін тереңдету, шығармашылық ізденістерге,ой қорыта білу белсенділік танытуға дағдыландыру;

Оқушы бойында өз бетімен білім алу,өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру

Күтілетін нәтиже

Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамиды. Логикалық ойлау қабілеттері артады.

Пәнге деген қызығушылығы артады

7 модульдің қолданылуы

АКТ", "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер", "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау", "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету", "Оқытуды басқару және көшбасшылық".


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Ыстық орындық» «Миға шабуыл,» Академиялық дау дамай Кім шапшаң,Автор орындығы:Эссе

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, стикерлер, ноутбук

Ұйымдастыру кезеңі



Тренинг

Барлық оқушыны ортаға шығарып шеңбер құрғызамын.

Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін түгелдеймін.

. Түрлі түсті қағаздар арқылы топқа бөлу.

Алтын ереже құрудың жолдарын айтып түсіндіремін.

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Шеңбер жасап бір-біріне жылы сөздер айтты.

Сыныптың топ басшысы жоқтарды айтады.

Түрлі түсті қағаздарды алып сол бойынша топ құрып орындарына отырады.

Сабаққа кедергі келтіретіндерді болдырмау шараларын жазып шығады. Оны тақтаға шығып А1 форматтағы қағазға жазады.

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білім

Қызығушылық

тарын ояту

«Ыстық орындық»

сұрақ- жауап сәті .

1.Ұлы Жібек жолы деп аталу себебі? 2.Ұлы Жібек жолының бір бөлігі Қазақстанның қандай қалалары арқылы өтеді? 3.Ұлы Жібек жолы тек сауда жолы емес мәдениетті таратушы жол дегенді қалай түсіндіңдер? 4.Ұлы Жібек жолы арқылы Қазақстан қандай тауарлар әкелінді? 5.Қандай тауарлар сыртқа шығарылды? 6.Ішкі күре жолдардың көшпелі атабабамыз үшін қандай маңызы болды? 7.Ортағасырлық қалалар құрылысы жайлы айтып беріңдер? 8.Түркістан, Сығанақ қалалары қазақ тарихында қандай рөл атқарды? 9. Қаланың орталық бөлігі не деп аталады? 10.Ең қымбат тауар не болды?

Өткен материалдағы білімді еске түсіру үшін, диалог арқылы сұрақ- жауап сәтін өткізу

А,В,С деңгейдегі оқушылар өз білімдерін көрсетеді.


Түсіну

«Миға шабуыл»

Семантикалық

карта

Әр топқа семантикалық карта таратылады өткен тақырып пен жаңа тақырып төңірегінде ақылдасып орындап, талдайды


Топта талқылайды,талдайды,картаны толтырады, нәтижені интерактивті тақтаға жазып, қорғайды.


Қолдану

Топпен жұмысАкадемиялық дау -дамай әдісі

арқылы жаңа тақырыпты түсініу үшін арнайы тапсырмаларды қолдану

Оқушыларға тақырып төңірегінде тапсырма таратылады,тапсырманы топ ішінде отырғызып топпен талқылату ол үшін академиялық дау дамай әдісін пайдалану.

Сұраққа сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап береді.

Кейіпкерлерге сипаттама береді

Тақырып туралы өз ойларын жазады. Өз ойларын айтады.


Сергіту сәті

«Балапандар биі» атты жаттығу жасау

Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау

Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды.

Талдау

«Кім шапшаң» ойыны бойынша сұрақ жауап жүргізу арқылы тақырыпты талдау 1.Отырарда қандай жұмыстар істелінді? 2.Моңғол мемлекеті қалай, қашан құрылды? 3. «Отырар апаты» жайлы айтып беріңдер? 4.Отырар қаласының орталыққа айналуына не әсер етті? 5.XII ғ. Кімнің басқаруымен моңғол империясы құрылды? 6, Алтын Орда қанша бөлікке бөлінді? 7. Оң қанатты кім басқарды, сол қанатты кім басқарды?

Сұрақ-жауап арқылы әр топты диалогқа түсіру

сұрақтар жасалып, интерактивті тақтада көрсетіледі, топпен жарысады

Слайдта жазылған барлық сұрақтары мен тапсырмалар интерактивті тақтамен беріліп, әр топ өз білгендерін, білетіндерін сыни тұрғыдан ойлау арқылы нақты дәлелдермен жауап береді, топпен жарысады

Жинақтау

Автор орындығы

Шығармашылық тапсырма «Эссе жазу» арқылы тақырыпты жинақтау

Білім туралы топ бойынша Эссе жазу, жинақтайды, бір-бірін бағалайды

Оқушылардың мақсаты берілген тақырыпқа арнап өз ойларын жеткізу

Бағалау

Бағалау критерийлері мен бағалау шкаласы

Әр топқа бағалау парақтарын тарату

Бағалау шкаласы арқылы өз білімдерін топпен жеке бағалау

Рефлексия

Стикерлерді толтыру «Екі жұлдыз, бір тілек»

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру























© 2010-2022