Моңғол шапқыншылығы. Отырар қаһарман қала

Раздел История
Класс 5 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Қазақстан тарихы

Мектеп: «С. Бекбосынов атындағы орта мектебі» КММ

Күні: 29.11.2016 ж

Мұғалімнің есімі: Қойбасарова Нұр Берікқанқызы

Сынып:5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Маңғол шапқыншылығы. Отырар қаһарман қала

Сабақтың оқу мақсаты

  • ХІІІ ғасырдағы қазақ қалаларының монғол шапқыншылығына қарсы соғыстары туралы мағлұмат алады;

  • Өз бетінше қорытынды жасауға, ізденіске дағдыланады, ойлау қабілеттері дамиды;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Маңғол империясы мен оның шапқыншылық соғыстары туралы біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Қайырхан мен қалаларды қорғаған батырлар мен халықтың ерлік істерін дәріптеп, отансүйгіштік сезімдерін білдіре алады.

Кейбір оқушылар: маңғол шапқыншылығы мен ортағасырлық қалаларға сипаттама беріп, өзіндік бағасын бере алады.

Тілдік мақсат:

Оқушылар істей алады: маңғолдардың Қазақстанды жаулап алуы туралы біліп, тарихи баға бере алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер.

  • «Соғыс» деген не?

  • Мен өз қаламды не себепті қорғай алмадым?

  • Сенің өзқолаңды қорғауына не кедергі болды?

Талқылауға арналған тармақтар:

-Соншалықты мықты бекініс жасаған едіңдер ғой, неғып қорғана алмадыңдар?

- Отырарды жанындай қорғаған Қайырханның күні қандай болы деп ойлайсыздар?

Жазылым бойынша:

  1. Оқушы өздерінің ойларымен мәтінді салыстырады да инцерт кестесіне түсіреді.

V - өзім білдім

+ - ойыма сәйкес

  • - қарама-қайшы

  1. «Мен өз қаламды қорғай алмадым, себебі .....»

Ұсыныстар

Алдыңғы тақырып

Бастауыш сыныптарда Отырар қаласы туралы оқып, теледидардан «Шыңғыс хан» фильмін көрген.

Ресурстар

Жоспар


Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Жоспарланған уақыт

  1. Мұғалім сәлемдеседі.

  2. Психологиялық ахуал. Тақырыпқа «әдеби шолу» жасалады.

  1. Сыныпты топқа бөлу (топқа қалалардың атымен бөлінеді. )

  1. Топ- Отырар;

  2. Топ- Сығанақ;

  3. Топ-Ашынас;

  4. Топ-Сауран

  • Ойашар: Әр топ қол ұстасып, бір-бірімізге сәттілік тілеп, жақсы сөз айту.

І. Үй тапсырмасы: «Ұлы Жібек жолы»

Бақылау сұрақтары:

  • Ұлы Жібек жолы қай елден басталады?

  • Ұлы Жібек жолы Қазақстанның қандай қалалары арқылы өтті?

  • Ұлы Жібек жолы қай ғасырда қалыптасты?

  • Ұлы Жібек жолы арқылы қандай тауарлар әкелініп, қандай тауарлар әкетілді?

  • Ұлы Жібек жолы сауда жолы ғана емес, сонымен қатар осы жол арқылы не дамыды?

  • Византия- ..... патшалығы, Түркі қағанаты- ..... патшалығы, Қытай -..... патшалығы, Үндістан- ... патшалығы деп аталады.

  • Ұлы Жібек жолы қай жерден аяқталады?

  • Ұлы Жібек жолының маңызын жоюға себеп болған жағдай?

І. Қызығушылықты ояту: «Еркін жазу» стратегиясы

1. Бүгінгі сабағымыз ХІІІ ғасырдың алғашқы ширегіне арналады. Сабақ бастамас бұрын мына бір сөзге тоқталайықшы, қалай ойлайсыздар «Соғыс» деген не? Бір минут ішінде ойларыңызға келген ой легін қағаздан қолдарыңызды алмай дәптер бетіне түсіріңіздер ...(1 минут)

2. Ал енді ой легін топтастырамыз, қанеки әр топ өздерінің үздік деп тапқан бір ойын ортаға саламыз.(2 минут).

ІІ. Мағынаны тану кезеңі: «Әлемді шарлау» стратегиясы

  1. Мұғалім: «ия, дұрыс айттыңдар, балалар соғыс деген алапат, өлім, төгілген қан, ешкімнің басына сұм соғысты бермесін. Сонымен біздің бүгінгі оқитын тақырыбымыз: Маңғол шапқыншылығы. Отырар қаһарман қала

  2. Топтарды бағалау парағы бірден беріледі.

Басы

3 минут (ұйымдастыру)

7 минут

Ортасы

15 мин.

2 мин

Жаңа сабақ.

4. Тақырыпқа байланысты электронды оқулық қойылады:(Мен өзім көріністі айтамын).

Шыңғысхан үш жасынан ат үйреткен, ат құлағында ойнайтын, соғыс өнерін кішкентайынан меңгерген адам болған. Шыңғысханның қатал тәртібіне бағынған монғолдың қалың қолы қазақ қалаларына қарай қаптап келе жатты. Біздің қалаларымыз қандай керемет еді, Көгіне күн нұрын төккен,

Жеріне гүл жүпар сепкен.

Неткен сүлу, неткен көркем еді

біздің қалаларымыз, міне осы қалаларымызды қалай қорғаймыз, ол енді сіздердің еншілеріңізде (2 минут)....

Топқа тапсырма беру:

  1. Тапсырма;

  1. Ал балалар өз қалаларыңды қорғау үшін бірінші хандарыңды сайлап алыңыздар, содан кейін ханның маңына жиналып, қалаларыңды қалай қорғайсыздар ақылдасып қорғанудың сызбасын және қорғанысты қалай күшейтесіздер соны жазыңдар.(бүл тапсырмаға сіздерге 5 минут уақыт)


  1. Ал енді әр «қаладан» ханнан басқа адамдар келесі қалаға барып, олар қалаларын қалай қорғағап жатқанын біліп, өздеріңде жоқ амалдарды жазып алып, өз тобыңа келіп қағаздарыңа түсіріңдер. (бұл тапсырмаға сіздерге 3 минут).

  2. Әр топтың жасаған жұмысын тақтаға ілгізіп, соның ішінде басты қала Отырар қаласына өз жазғандарын қорғату (бұл тапсырмаға 2 минут).

  1. Тапсырма;

Мәтінді интерактивті тақтаға шығару:

  1. Мәтін беріледі: «Монғолдың қалың қолына төтеп бере алмаған қалалар бірінен кейін бірі құлап жатты. Сығанақ үш ай, қалған қалалар айға жетер-жетпестен қирады. Тек Отырар ғана, дала төсінде 11 ғасыр жұлдыздай жарқыраған Отырар ғана берлмеді. Шағатай мен Үгедейдің 150 мың қолы Отырарды 5 ай қоршады. Биліктен дәмеленген Қараджа сатқын Отырардың Суфи дарбазасын монғол әскеріне ашып берді... 5 ай қорғанған Отырардың күні сөніп бара жатты...

Осы кезде күтпеген оқиға болды, не болады деп ойлайсыздар?

  1. Әр топ қандай оқиға болатынын топ ішінде талқылаңдар (бұл тапсырмаға сіздерге 3 минут);

  2. Әр топтан бір оқушы құрастырған ситуацияларын ортаға салыңыздар (бұл тапсырмаға сіздерге 4 минут);.

Ал еді өз пайымдауларыңызды шын мәнінде не болғанын салыстырып, толықтырып қойыңыздар.

Тақтаға шығару.

  1. Мәтіннің келесі бөлігі таратылады: «Шаһристанға, Шаһристанға - деген Қайырханның даусы қала ішінде жаңғырықты. Отырардың тірі қалған халқы Шаһристанға бекінді. «Бұл не өзі, жеңіс пе әлде жеңіліс пе!» - деді Шыңғыс хан. Отырардың халқы 1 ай қорғанды.»

Өте жақсы, ал енді Отырарды жанындай қорғаған Қайырханның күні қандай болы деп ойлайсыздар? (Ойлануға 2 минут уақыт)

Өз ойларыңызды салыстырып инцерт кестесіне түсіріңіздер (бұл тапсырмаға 1минут уақыт)

Тақтаға шығару.

  1. Мәтіннің қалған бөлігі тыңдалады: «Отырардың ханы Қайыр ақтық демі біткенше шайқасты. Ең соңында қолына түскен кесекті атып үлгерді. Осы кезде Қайыр ханның мойнына қыл шылбыр жыланша оралды. Қолға түскен Қайыр ханның өзіне қызмет етпейтінін білген Шыңғыс хан оған балқытылған күміс құйып өлтірді».

  2. Оқушы өздерінің ойларымен мәтінді салыстырады да инцерт кестесіне түсіреді.

V - өзім білдім

+ - ойыма сәйкес

  • - қарама-қайшы

? - қалай болады?

ІІІ. Ой жинақтау

(сергіту сәті)

Жаттығу. «Графикалық тест»

1. Оңға

2. Солға

3. Төмен

4. Жоғары

5. Қиғаш оңға жоғары

6. Қиғаш солға төмен

Оңға қарай 2 см, қиғашынан жоғары қарай солға 4 см, қиғашынан төмен қарай солға 4 см, төмен қарай түзу 12 см, оңға қарай түзу 2 см, жоғары қарай түзу 10 см, қиғашынан оңға қарай жоғары 3 см, қиғашынан оңға қарай төмен 3 см, төмен қарай түзу 10 см оңға қарай 3 см, жоғары қарай түзу 12 см.

  1. «Соншалықты мықты бекініс жасаған едіңдер ғой, неғып қорғана алмадыңдар?» (Топ 1 минут ойланады).

  2. «Әр қаланың ханы» сөйлейді. Рөлге кіру (ойды жалғастыр): «Мен өз қаламды қорғай алмадым, себебі...(бұл тапсырмаға әрбір ханға 1минут уақыт).

Олай болса ешқайсыларыңды қалаларыңды қорғай алмадыңдар, мүмкін қорғаныстарың нашар болған шығар, мүмкін монғолдың қалың қолына төтеп бере алмаған шығарсың, ондай болса қазақ халқының болашағын болжап (шағын эссе, ой толғаныс) жазайық.

Бағалау түрлері: мұғалімнің әр тапсырмадан кейін формативті бағалауы, стикермен бағалау, екі жұлдыз бір жұлдыз, өзін-өзі бағалауы. Топ басшысының бағалау.

Аяқталуы

10 мин

  1. Топ мүшелері қалалардың тағдыры енді не болатынын «Т» кестесіне түсіреді.

Ескі әлем (бұрынғы қала)

Жаңа әлем (кейінгі қала)



Ия дұрыс Шығысханның шабуылы Қазақ хандығының дамуын 150-200жылғакейін шегерді, бұдан кейін 3 ғасыр Ресей патшалғының, содан кейін казармалық тоталитарлық жүйенің қыспағында болдық, Міне бүгін тәуелсіздігімізге 20 жыл Тәуелсіздігіміз баянды болғай ,деп сабақты

  1. Мұғалім келесі тақырыпқа «көпір» тастайды: «Енді біздің жерімізде «Алтын Орда» деген мемлекет құрылады, ол туралы ойланып, қосымша дерек жинап келіңдер».

  2. Кері байланыс. «Екі жұлдыз, бір тілек»

Қосымша ақпарат.

Инсерт кестесі:V

-

+

?

Өзім білдім

Ойыма сәйкес

Қарама-қайшы

Қалай болады?

Топ жұмысын бағалау парағы

Әр критерий 2 балмен бағаланады.Критерий

лер

Топ

мүшелері

Үй тапсырмасы

Идеяларды ұсыну

Топтағы белсенділігі

Сұрақтарға жауап беруі

Сұрақ коя білуі

Рөлге ене білуі

Жеке тапсырмаға жауап бере білуі

Жалпы балл

Топ бойынша



100-80%. 12-10 балл - «5» - өте жақсы

80-70% . 9-7 балл - «4» -жақсы

70-50%. 6-5 балл - «3»- қанағаттанарлық

50% дан т-мен болса 4-1 балл- қанағаттанарлықсыз.

Саралау:


Рефлексия


Қорытынды бағамдау:




© 2010-2022