«1001 мақал, 101 жұмбақ» жарысы

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«1001 мақал, 101 жұмбақ» жарысы

Мақсаты:

1. Оқушыларды халық ауыз әдебиетін орынды қолдана білуге, оған құрметпен қарауға ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, халық мәдениетін жалғастыруға үйрету.

Жарыс барысы.

-Құрметті көпшілік қауым! Бүгін мектебіміздің 8ә-сынып оқушылары арасында «1001 мақал, 101 жұмбақ» жарысы өткелі отыр. Мұндағы мақсатымыз - халық ауыз әдебиетін дамыту, халық мұрасын сақтау және жалғастыру, тапқырлық пен ой ұшқырлығына тәрбиелеу.

Мақал-мәтелдер - ғасырлар шежіресі, онда халық тарихы, оның тіршілігі, ақыл өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдығымен ерекшеленеді.

Жұмбақтар да - ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Жалпы алғанда, жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді.

Жерінтіп жаманнан,

Жақсыны үлгі еткен.

Талапты адамға

Өмірді үйреткен.

Ақылдың кеніндей,

Асыл ой сандығы.

Мақалды ерінбей,

Жаттаймын әр күні.

Биікке өрлеуге

Аталы сөз-үлгі

Мақалсыз көркеуде

Санаймын өзімді.

Мақал мен мәтелдер-

Ақыл-ой мәйегі.

Мақал мен мәтелдер-

Даналық әлемі.

Өлмейтін даналық

Қалдырды бабамыз.

Мақалдан нәр алып,

Ашылды санамыз,

Мақал да, мәтел де

Өмірден туады.

Күн болып жаханға

Шашырар шуағы.

Oртамызда халық ауыз әдебиетінің ең жанашырларының бір тобы.

Қарсы алыңыздар! Құрметті ойынға қатысушылар! «Қадамдарыңа нұр жаусын» дей келе, бүгінгі «1001 мақал, 101 жұмбақ» жарысын бастаймыз.

Жүргізуші:

Oйын тәртібі: 8ә-сынып оқушылар арасынан екі топ сайысқа қатысуы керек. Сайыс 6 бөлімнен тұрады

1.«Ой толғау» Мақалдың жалғасын табу

2. «Полиглот» ( қазақша, орысша, ағылшынша сөз баламаларын табу)

3.Ойна да, ойла.(тоқтамай 9 мақал 9 жұмбақ)

4.Әзіл аралас сұрақтар.(Сұрақтарға мақал мен жауап беру)

5.Ойлап, тап!( жұмбақ жасыру)

6.Көрермендер көрімдігі.( жұмбақ шешіп, сыйлыққа ие болу)

І. Әділ-қазылар алқасын сайлау

ІІ. Жарысқа қатысушы топтарды таныстыру

ІІІ.Ойын барысы.

1-сайыс: «Ой толғау» Мақалдың жалғасын табу

Сауысқан тоты боламын деп (жүрісінен жаңылыпты)

Балапан ұяда не көрсе (ұшқанда соны іледі)

Жапалаққа күннен (түн жарық)

Асты көрсең қадір тұт (досты көрсең қыдыр тұт)

Пайда ойлама (арыңды ойла)

Ат құлыннан (батыр баладан)

Жаманға шөп батады (жақсыға сөз батады)

Үлкенді сыйласаң қадірлі боласың (кішіні сыйласаң құрметті боласың)

Ақылы аздың ашуы көп (тайаз судың тасуы көп)

Ат жүйрігі айырады (тіл жүйрігі қайырады)

2-сайыс: « Полиглот» ( қазақша, орысша, ағылшынша сөз баламаларын табу)

1… - адамның бауыр еті.

2. Жылы-жылы сөйлесең,… інінен шығады.

3.… оттан да ыстық.

4. Астың дәмін - … кіргізеді

5.Мың асқанға ......тосқан

6.Жақсы .....жанға серік

3 - сайыс: «Ойна да, ойла». ( Тоқтамай 9 мақал 9 жұмбақ айту).

4 - сайыс: «Әзіл аралас сұрақтар». (Сұрақтарға мақалмен жауап беру керек).

Мысалы:

-Жылан інінен қалай шығады?

-Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады.(Көмекке көрермендер де қатыса алады).

1.Қар жана ма? (Қалауын тапса қар жанар).

2.Инемен құдық қазуға бола ма? (Оқу инемен құдық қазғандай).

3.Аппақ қарға бола ма? ( Қарға баласын «аппағым» дейді).

4.Не қорқақ не батыр? ( Көз - қорқақ, қол - батыр).

5.Ең тәтті не? (Ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті).

6.Тауық түс көре ме? ( Тауықтың түсіне тары кіреді).

7.Кімнен кім жаман? (Олақтан салақ жаман).

5 - сайыс: «Ойлап, тап!». ( Жарысқа қатысушылар екі жұмбақтан жасырады, жұмбақ екінші рет қайталабауы тиіс).

6 -сайыс: « Көрермендер көрімдігі».( Көрермендерге жұмбақ оқылады, жауабын дұрыс тапқан бала сол затқа ие болады).

1. Aдамды тартып алар көрсе өзі,

Мелшиіп қарап тұрар болмай сөзі.

Жанына барған кісі екеу болар,

Бетіне түртіп қалсаң шығар көзі. (айна)

2.Бір нәрсе екі түрлі заттан болған,

Адамзат шығарады істеп қолдан.

Жұмсаймыз уақытымен тазалыққа,

Өмірі ақырында бітер содан. (сабын)

3.Аузы бар,тілі жоқ

Терісі бар,жүні жоқ

Қанаты бар ұшпайды

Су астында қыстайды (балық)

4.Aт міндім қарала аяқ қаздақтатып,

Жүргенде жол салады табандатып. ( қалам)

5.Бір нәрсе ала шұбар, қара тұмсық,

Қарасаң басқан ізі қисық-қисық,

Өзі жансыз, жандының күшіменен

Борайды ат үстінде желдей есіп. ( қарындаш)

6.Келеді сапар тартып алуан жолдан,

Tамаша қызығы көп түспес қолда,

Қызығын оқысаңыз тамашалап,

Қаласың хабарласып барлық жайдан. ( газет)

ІY. Әділ-қазылар алқасының қорытынды сөзі.

Жүргізуші: Құрметті көрермендер! Осымен 8ә-сынып оқушылар арасында өткен «1001 мақал, 101 жұмбақ»

атты жарысымыз аяқталды.

© 2010-2022