Ежелгі Қазақстан тарихы, Киіз үй

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектебі









Ашық сабақ

Тақырыбы: Киіз үй

(6 «ә» сынып)



















Өткізген: тарих және география пәнінің

мұғалімі Кадырбаева Б К









Жібек Жолы ауылы 2015 жы

Ақмола облысы Аршалы ауданы,

Жібек жолы ауылы Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы

орта мектебінің тарих және география пәнінің

мұғалімі Кадырбаева Бибигул Кенесбаевна

Сабақтың тақырыбы: «Киіз үй».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Киіз үй - тарихымыздағы ең бірінші сәулеттік құрылыс, көшпелілердің ғаламат өнертабысы екендігін айта отырып, оқушыларды халқымыздың тарихына үңілдіру;Қола дәуіріндегі көшпелі мал шаруашылығын тиянақтау.Оқушыларға киіз туралы толық мәлімет беру. Киіз үй құрылысымен таныстыру;

Дамытушылық: Оқушылардың тарихқа, халқының мәдениетіне деген қызығушылығы мен құрмет сезімін дамыту; Киіз туралы қосымша мәліметтер беру арқылы оқушылардың ой қабілетін дүниетанымдық көзқарастарын дамыту. Киіз үйдің маңызы жайлы ойларын дамытып;


Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, жоғары эстетикалық талғамға тәрбиелеу Ұлттық құндылықтар салт-дәстүріміз бен ойындарымызды ойнату арқылы елімізге деген патриотизмге тәрбиелеу.Ата дәстүрін ұмытпауға, әрқашанда қадірлеуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: бейнебаян,киіз үй жасаулары - суреттер, жұмбақ, слайд.

Сабақтың әдіс-тәсілдер: «Алты телпек» әдісі, Миға шабуыл, Венн диаграммасы

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 2 мин. (оқушылармен салемдесемін, түгендеймін, топқа бөлемін.топ атымен таныстырамын)

- Сәлеметсіңдер ме, оқушыларым. Сәлеметсіздер ме қонақтарымыз! Бүгінгі сабағымды мына алғысөзден бастағым келеді:

Алғысөз: (жаттықтыру)

- Әрбір сабақ? (мұғалім)

- Үйрену, ұғу, ұлағат. (оқушылар)

- Әрбір есім? (мұғалім)

- Тірлік, тірек, адамдық. (оқушылар)

- Әрбір сөзім? (мұғалім)

- Шындық, бірлік, адалдық. (оқушылар)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 8 мин.

  • Үй тапсырмасының тақырыбы:Көшпелі мал шаруашылығы тіршіліктің қайнар көзі.

  1. «Ақ телпек» СТАТИСТИКАЛЫҚ (проблемаға қатысты деректерді,жылдарды талассыз келтіреді)

  2. «Сары телпек» СӘТТІЛІК (сәтті кезеңдерді айтады)

  3. «Қара телпек» СӘТСІЗДІК (оқып келген проблеманың сәтсіз кезеңдеррін айтады.)

  4. «Көк телпек» АНАЛТИТКАЛЫҚ талдау жасайды,топтар не үшін ? неге? деген сұрақтарға жауап іздейді.)

  5. «Жасыл телпек» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ («ақылға сыйымсыз идеялар мен болжамдар айтады»)

  6. «Қызыл телпек» СЕЗІМТАЛ (топ оқиғаны оқу барысында,бастан кешкен сезімдерін тұжырымдайды

ІІІ. Жаңа сабақ. Слайд бойынша

  • Жаңа сабақты түсіндіру. Жұмбақ айтудан бастау.

  • Ой шақыру стратегиясы.


  • Мұғалім: Жұмбақты шешкізу

Төбедегі көзінен

Күн сәулесі түседі

Бұрышы жоқ төрінен

Самал еркін еседі

  • Жаңа тақырып

(киіз үй)

Жұмбақ шешу арқылы жаңа тақырып хабарланады.
Бүгінгі танысатын тақырып «Киіз үй».

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту

Киіз үй - көшпелілердің баспанасы тақырыбы бойынша бейне баян көрсету. Видео көрсету. 3 мин.

  • Миға шабуыл

1. Киіз үй неше бөліктен тұрады?

2. Киіз үйден басқа ежелгі Қазақстанда қандай баспаналар болған?

3. Кереге мен шаңырақты жалғастыратын иілген сырық.

4. Сықырлауықдегеніміз не?

5. 30 қанат киіз үйді қалай атайды?

6.Қандай киіз үй түрлері бар? /6 қанатты, 8 қанатты т.б./
7.Қазіргі кездерде тігіліп жүрген киіз үйді көресіңдер ме?/тойларда, наурыз мерекесінде тігіледі/
8.Киіз үй құрылысын кім айтып береді? /кереге, уық, шаңырақ, желбау, түндік, туырлық, есік, арқан, ши/

  • Дәптермен жұмыс:

Киіз үй- көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.

ІV. Жаңа сабақты пысықтау.

Сыныпты үш топқа бөледі.
1-топ. Киіз үйдің құрылысы постерге салып, қорғайды.
2-топ. Киіз үйдің ішкі жасауларын постерлеріне бейнелеп, қорғайды.
3-топ. Жалпы киіз үйдің суретін салып, шетелден келген қонақтарға таныстырады.

V. Сабақты бекіту. Сұрақтар қойылады.
1. Киіз үй қандай бөліктерден тұрады?
2. Кереге қандай ағаштардан жасалады?

3. Киіз үйдегі қандай жасауларды білесіңдер?
4. Біздің құрметті Елтаңбамызда шаңырақ ненің белгісі?

Осы жауаптар қорытындысы бойынша ой толғаныс (Венн диаграммасын толтыру)

Ежелгі Қазақстан тарихы ,Киіз үй

VІ. Сабақты қорыту. Міне, балалар, сабақтың байырғы бастамасы, киіз үй құрылғысымен тереңірек таныстық. Қоршаған табиғат пен ғажайып гармониялық үйлесім тапқан, негізінен төрт түлік мал өнімдері мен жергілікті табиғат байлығының бірі - талдан тұратын, жинақы да жеңіл, қарапайым да қолайлы халық баспанасы - киіз үйдің жалпы құрылысы міне, осындай.

VІІ. Оқушылар еңбегін бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма беру.



© 2010-2022